Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет71/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Сензитивті тип. Бұл типке тән негізгі сипаттар: өте жоғары 
сезімталдық, әсерленгіш, балалық шақта бұл қасиеттері түрлі 
қорқыныштардан ( қараңғыдан, жануардан, жалғыздықтан), 
үлкен топтардан, белсенді балалардан өзін алыс ұстауы және кез 
–келген 
тексеріс, 
сынақтан 
қорқыныш-үрей 
байқалады. 
Сензитивті тип Шмишек әдістемесінің үрейленгіштік деңгейіне 
сәйкес келеді.
Психоастеникалық тип.Бұл типке тән негізгі ерекшеліктер: 
үрейленгіштік, сезіктенушілік, сенбеушілік, тез шешімге келе 
алмаушылық, көп талдап, көп ойланады, әлсіздік, қорқыныш. Бұл 
тұлғалық сипаттар педанттық акцентуациялық типіне сәйкес келеді. 
Шизоидты тип. ММРІ әдістемесіндегі шизоидтық тип 
шкаласына сәйкес келеді. Жасөспірім кезеңде шизоид қасиеті 
жоғары деңгейде көрініс береді. Әсіресе тұйықтық, жан дүниенің 
жалғыздығы, 
өз 
қиялындағы 
ерекше 
бір 
нәрселерге 
қызығушылық, өзімен - өзі болуы ерекшеліктері басым болады. 


124 
Эпилептоидты тип. Бұл типтің негізгі ерекшеліктері: көңіл 
- күйінде кек сақтау, қайғыру кезеңдері басым. Осы көңіл - күйге 
байланысты аффектілік мазасыздану, агрессиясын тежей алмау 
жағдайы болады. Жасөспірім кезеңде күшіне сену, конфликтіге 
жиі келуі, кек сақтағыштық, лидерлік, өшпенділік қасиеттер тән. 
Истероидты тип. Эгоизм және өзін көрсету ерекшеліктері 
өте айқын. Айналадағы адамдар реакциясына өте сезімтал, тез 
бейімделеді, қандай жағдай болсада, қандай рөл болсада тез 
игереді, үнемі ортада, басқалардың зейінін өзіне аударғанды
таңқалдырғанды, ерекше көрінуді қалайды.
Тұрақсыз 
тип.Бұл 
типтің 
жасөспірімдеріне 
тән 
ерекшеліктер: ерік - жігері әлсіз, өзгелердің әсеріне тез беріліп 
кететін, өзінің нақты мақсатының болмауы. Оның әрекеттері 
көбінесе кездейсоқ сыртқы әсерлерге байланысты және келеңсіз 
топтар ортасында жиі болуынан мектептен, үйден, жұмыстан 
кетеді. Ішімдікпен, нашақорлыққа бейім. Қатаң тәртіпті жағдайда 
ұнамды қасиеттерді қалыптастыра алады. 
Комформды тип. Бұл типтің негізгі сипаттары: айналадағы 
жағымды жағдайлар мен құндылықтарға үнемі және тұрақты 
бағдарлану, толықтай ортаның қысымына бағыну, өзінің тұрақты 
пікірі мен қызығушылығының болмауы, жаңаны қиындықпен 
қабылдауы және өмірдегі өзгерістерге бейімделуі қиын. 
Тұлғаның мінез-құлық сипаттарының тұтас кешенді бірлігі 
типтік сипаттарын зерттеу әдістемелері: Көп профильді 
Миннесот тұлғалық сұрақ-жауап. К.Леонгард, А.Е.Личко, т.б. 
сұрақнамалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет