Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Д. Асфендияров атындағЫ


серпін туындайтын эктопиялық ошақ қалыптасқанда



бет6/6
Дата29.06.2016
өлшемі2.41 Mb.
#164648
1   2   3   4   5   6

серпін туындайтын эктопиялық ошақ қалыптасқанда


  • нағыз рефрактерлік кезең ұзарғанда

  • синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуы баяулағанда

  • серпін өткізілуі баяулағанда

  • синустық-жүрекшелік тораптан серпіннің біркелкі емес шығуына

    57. Экстрасистолия патогенезінде маңызы жоғы

    1. көрші кардиомиоциттерде әлеуеттер айырмашылығының пайда болуы

    2. миокардта зақымдану ағымының пайда болуы

    3. кардиомиоциттердің барыншалық диастолалық трансмембраналық әлеуетінің шектік мөлшерге дейін төмендеуі
    4. миокардтың электрлік біркелкі еместігі

    5. синустық-жүрекшелік тораптың автоматизмі төмендеуінің


    58. Қозу толқынының қайталап ену тетігі (re-entry) пайда болуына әкеледі

    1. жыпылықтаушы аритмияның

    2. ұстамалы брадикардияның

    3. ұстамалы тахикардияның

    4. жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің

    5. синустық аритмияның

    59. Ұзаққа созылған қарыншалық ұстамалы тахикардияны көрінеді

    1. жүрек шығарымының ұлғаюымен

    2. тоногенді дилатациямен

    3. миокард гипертрофиясымен

    4. систолалық артериялық қысымның жоғарылауымен

    5. қарыншалардың лүпілдеуіне немесе жыпылығына ауысу қауіптілігімен

    60. Жүректің толық көлденең бөгеті сипатталады

    1. тахикардия ұстамаларымен

    2. жүрекшелер мен қарыншалардың сәйкессіз жиырылуымен

    3. жүрек жиырылуының біріне-бірі ауысатын жиілеу және сиреу кезеңдерімен

    4. жүректің шалыс соғуымен

    5. номотоптық жүрек ырғағымен

    61. Жүрекшелік -қарыншалық толық бөгет кезінде қарыншалар үшін ырғақ қалыптасады

    1. синустық торапта

    2. жүрекшелерде

    3. Гисс шоғырында

    4. Гисс шоғырының сол аяқшасында

    5. Гисс шоғырының оң аяқшасында

    62. Жүректің толық көлденең бөгетіне тән

    1. ҚМК артуы

    2. Тахикардия

    3. Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы дамуы

    4. АҚ жоғарылауы

    5. Қан ағымы жылдамдығының артуы

    63. Қанайналымының ауыр бұзылыстары дамиды

    1. синустық тахикардияда

    2. синустық аритмияда

    3. экстрасистолияда

    4. қарыншалар жыпылығы кезінде

    5. жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 1-дәрежесінде

    64. Қарыншалар жыпылығын патогенездік емдеудің әдісі болып табылады

    1. жүрек дефибрилляциясы
    2. жүрек гликозидтерін белгілеу


    3. гипотензиялық дәрілерді қолдану

    4. тыныштандыратын дәрілерді қолдану

    5. орталықтық аналептиктерді қолдану

    65. Кардиогендік сілейменің дамуына мүмкін болатын жағдай

    1. Жұқпалы үрдіс

    2. Жарақат

    3. Қан жоғалту

    4. Сол жақ қарыншаның инфаркті

    5. Жәндіктердің шағуы

    66. Кардиогенді сілейме кезіндегі олигурияның патогенезінде маңызы жоғы

    1. Гипотензия

    2. Қан айналымының төмендеуі

    3. Жинақтаушы түтіктерде судың кері сіңірілуінің артуы

    4. Шумақтың афферентті артериолалардың тарылуы

    5. ҚМК-нің төменде

    67. Кардиогенді сілейменің патогенезіндегі бастапқы тізбекті көрсетіңіз

    1. Сол жақ қарыншаның соққылық көлемінің күрт төмендеуі

    2. Кедергілік тамырлардың межеқуатының төмендеуі

    3. Қанның дерттік қорлануы

    4. Артериялық қысымның төмендеуі

    5. Дерттік тамырдың тарылуы

    68. Кардиогенді сілейме кезінде артериялық қысымның төмендеуінің патогенезінің негізгі тізбегі

    1. Жүрек етінің жиырылғыштық қабілетінің төмендеуі

    2. Кедергілік тамырдың межеқуатының төмендеуі

    3. Қанның дерттік қорлануы

    4. Гипоксия және ацидоз

    5. Дерттік тамырдың тарылуы

    69. Қандай сілейме кезінде АҚ-ның төмендеуі организмдегі бұзылыстардың патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

    1. Жарақаттық

    2. Постгеморрагиялық

    3. Кардиогендік

    4. Күйіктік

    5. Сепсистік

    70. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің, феохромоцитоманың, Конн синдромының, аорта коарктациясының, акромегалияның ортақ синдромы болып табылады

    A) артериялық гипертензия

    B) жүйелі васкулит

    C) веноздық тромбоз

    D) артериялық гиотензия

    E) бітейтін эндартериит



    71. Жасөспірімде айқын цианозбен қарыншааралық перденің ақауы,оң қарыншаның гипертрофиясы, өкпе артериясының толық тарылуы, қолқа қарыншааралық перденің үстінде орналасқандығы анықталды. Төменде келтірілген туа пайда болған қосымша ақаудың болуы жасөспірімнің өмір тіршілігін ұстап тұр?

    1. Қолқа қақпақшасының қос жармалы болуы

    2. Артериялық өзектің (Боталлов) бітпеуі

    3. Қарыншаралық перденің бітпеуі

    4. Митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі

    5. Қолқа коарктациясы

    72. Алғашқы артериялық гипертензияны дамытатын қауіп-қатер жайт

    1. феохромоцитома

    2. біріншілік әлдостеронизм

    3. ми қанайналымының бұзылысы

    4. гиперкортизолизм

    5. психоэмоцияға стрессорлық ықпалдардың жиі теріс әсері

    73. Айқын цианозбен қабаттасатын жүректің туа пайда болған ақауы

    1. Өкпе артериясының өзегі тарылуы

    2. Қарыншааралық перденің аздаған ақауы

    3. Артериялық өзектің бітпеуі

    4. Фалло тетрадасы

    5. Қолқа каорктациясы

    74. Миокардың диастолалық қызметінің төмендеуімен сипатталатын біріншілік кардиомиопатияға жататыны:

    1. Дилятациялық кардиомиопатия

    2. Рестриктивті кардиомиопатия

    3. Стрессорлық кардиомиодистрофия

    4. Постинфарктық кардиосклероз

    5. жұқпалы миокардит

    СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР (әр сабақтағы тапсырмаларды қараңыз)


    ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ

    1. Жүрек ақаулары кезінде организмдегі өзгерістердің себептері мен патогенезін түсіндіре білу

    2. Коронарлы жеткіліксіздік синдромы кезіндегі өзгерістердің этиологиясы мен патогенезін түсіндіре білу

    3. Артериалық гипертензияның, жіті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін түсіндіре білу

    Оқыту құралдары

    1) Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәрістің барлық тақырыптарына мультимедиялық көрсетілімі:

    2) Оқу видео қойылымдары


    • Атеросклероз (ағылшын)

    • Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық және зорығулық түрінің үлгісін алу

    3) Оқыту бағдарламасы « Аритмиялар» (ағылш.)

    1. Дәрістер мен тәжирбелік сабақтарға ұсынылатын материалдар



    Тақырыбы

    Көрнекілік құралдардың түрлері

    Кестелер мен папкалардың №

    1

    Коронарлы жеткіліксіздік. Атеросклероз (дәріс)

    СD-диск «Патофизиоло-гиядан дәрістер»




    2

    Артериалық гипертензиялар

    СD-диск «Патофизиоло-гияға арналған дәрістер»




    3

    Жүрек жеткіліксіздігі (дәріс)

    СD-диск «Патофизиоло-гияға арналған дәрістер»




    4

    Коронарлы жеткіліксіздік. Атеросклероз

    Таратылатын материалдар

    Кестелер


    ЖМ 1- ТЖ
    22.3 Коронарлық жеткіліксіздік

    5

    Эссенциялық гипертензия

    Таратылатын материалдар

    Кестелер



    ЖМ 1- ТЖ
    24.1 АҚ реттелуі

    24.2 Бүйректік гипертензияның патогенезі

    24.3 Тәжірибелік гипертензиялар, әйгіленімдік гипертензиялар


    6

    Жүрек жеткіліксіздігі

    Таратылатын материалдар

    Кестелер


    ЖМ 1- ТЖ
    22.1 Миокард дерттік гипертрофиясының сатылары

    22.2 жүректің ақаулары

    22.3 кардиомиопатиялар


    7

    Аритмиялар

    Кестелер

    23.1 Жүректің өткізгіш жүйесі

    23.2 Қалыпты ЭКГ

    23.3 Аритмия кезінде ЭКГ-дағы өзгерістер



    Ситуациялық есептердің жауаптары

    Тақырыбы: Коронарлық жеткіліксіздіктің этиологиясы мен патогенезі. Атеросклероз

    1 есеп



    1. Есептегі берілген өзгерістер қандай дерт дамығандығын көрсетеді? Миокард инфаркты

    2. Берілген патологияның түрінде қандағы АСТ жоғарылауын қалай түсіндіресіз? Кардиомиоциттердің мембранасы зақымданған кезде АСТ-нің қанға бөлінуімен

    3. Берілген дерт дамуының негізгі тетігі? Коронарлы қантамырлардың тромбозы нәтижесінде кардиомиоциттердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы
    № 2 есеп
    1. Науқаста жүректің қай дерті дамыды? Коронарлық жеткіліксіздік, стенокардия немесе стенокардия алды жағдайы (негіздеу: ЭКГ және АҚ өзгерістері), аритмия (негіздеу: жыпылықтаушы аритмияның болуы).
    2. Сіздің ойыңызша, сіз атаған дерттердің арасында себеп-салдарлық байланыс қандай? Берілген дерт түрлерінің арасындағы мүмкіндік себеп-салдарлық байланыс мынандай: Коронарлық жеткіліксіздік, миокард ишемиясы  АҮФ түзілуінің төмендеуі  иондық сораптар қызметінің бұзылысы  миокардта дерттік қозу ошақтарының пайда болуы  қозу серпіндерінің өткізілуінің бұзылуы (жыпылықтаушы аритмия) Гисс шоғырының оң аяқшасының бөгеті.
    3. Төс артындағы ауырумен сипатталатын жағдайдың ең жиі себебі не болып табылады? Коронарлық жеткіліксіздік кезінде төс артындағы ауырудың ең жиі себебі, миокард ишемиясына байланысты кардиомиоциттерде биологиялық белсенді заттардың жиналуы болып табылады.
    4. Миокард зақымдануын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет? Қалыпты жағдайда кардиомиоциттерде болатын қандағы макромолекулаларды: КФК-ның МВ фракциясын және лактатдегидрогеназаның (ЛДГ1) миокардтық шығарылымын анықтау қажет.
    № 3 есеп

    1. М.-де атеросклероз және миокард инфаркты даму қаупі жоғары ма? Неге? ТТЛП –ң көтерілуінен, ТТЛП-не қабылдағыштардың белсенділігінің төмендеуінен атеросклероз және миокард инфаркты даму қаупі жоғары

    2. Анықталған патологияның пайда болу мен дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма? Гиперлипопротеинемия - аутосомды доминантты түрдегі кең тараған тұқымқуалайтын ауру, 1:500 жиілікте кездеседі.

    3. Науқас патологиясының дамуында ТТЛП-ге қабылдағыштар белсенділігінің және санының азаюының патогенездік маңызы қандай? Біріншілік ақау ТТЛП-ң қабылдағышының тегінде орналасқан. ТТЛП-ге қабылдағыштар белсенділігінің төмендеуінен, олардың ыдырауы тежеліп, ал ТТЛП –ң кан плазмасындағы саны қабылдағыштар қызметінің төмендеуіне пропорциональды түрде жоғарылайды. Сонымен қатар, бауырда ЖТЛП жойылуы нәтижесінде олардың көп бөлігі ТТЛП-ге айналады. ТТЛП-ң көп болуынан фагоциттеуші жасушалармен ұсталып, әртүрлі аймақтарда жиналып, ксантомалар түзеді. Атеросклероз дамуына әкелетін ТТЛП-ң қантамырлар эндотелиіне өтуі жоғарылайды

    4 есеп

    1. Науқас жүрек ақауының қай түрімен ауырады? Қос жарғақты қақпақшаның тарылуы.


    Тақырып « Эссенциялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі»

    2 тапсырма



    Қауіп-қатер жайттары

    Маңызын негіздеу

    Гиподинамия

    1. Энергия пайдаланылуының төмендеуі → АҮФ, Крф-тың өндірілуінің ↓ → тегіс салалы ет жасушасы насосының қызметінің↓.

    2. ДНҚ және РНҚ өндірілуінің төмендеуінен тегіс салалы еттің гипотрофиясы.

    3. Атеросклероздың дамуына қолайлы жағдай жасайтын және ШТЖҚ↑ әкелетін ТТЛП-дің мөлшерінің жоғарылауы.

    4. Организмде тұздың ұсталынуы.

    5. Афференттік және эфференттік серпіндердің өзгерістері.

    Стресс

    Эмоциялық орталықтың қозуы, ренин-ангиотензин-әлдостеронның прессорлық әсерленісіне әкелетін симпато-адреналды жүйенің және гипофиздік-бүйрек үстілік тетіктердің әсерленуі.

    Кадмий, қорғасын

    Шеткі тамырлардың тарылуы, жасушаларда натрийдің жиналуы, ренин-ангиотензин жүйесінің әсерленуі.

    Магнийдің жеткіліксіздігі

    Тамыртарылтқыш ықпалдарға сезімталдығының көтерілуі.

    Шу

    Ұйқының бұзылуы. ОЖЖ-нің тұрақты қозуы, ішкі ағзалардың қызметінің бұзылыстары (жүрек және т.б), психикалық ауыртпалық.

    Созылмалы гипоксия

    Шеткі тамырлардың тарылуы, ішкі ағзалардың гипоксиясы ( бүйрек және т.б.), тамыр-қозғалтқыш орталықтың тұрақты қозуы.

    Ас тұзын артық мөлшерде қабылдау

    ҚМК-нің жоғарлауы, тегіс салалы ет жасушаларында натрийдің мөлшерінің артуы, тамырлардың тарылуы.

    3 тапсырма дәрісті қараңыз

    4 тапсырма. № 1 есеп

    1. Берілген науқаста АҚ-ның жоғарылауының болжамды себебі қандай? Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гормон түзуші өспесі — әлдостерома.
    2. Гипертензия қай тетіктермен дамуы мүмкін? Минералокортикоидтардың көп өндірілуі организмде Na+ жиналуын тудырып, АҚК жоғарылатады; қанда Na+ жиналуы вазопрессорлық түрткілерге шеткері қантамырлардың тегіс салалы ет қабылдағыштарының сезімталдығын жоғарылатады
    3. Қорытынды диагнозды қою үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Қандағы әлдостерон деңгейін анықтау. Берілген науқаста деңгейі көтерілген. Осы науқаста бар әйгіленімдер гиперәлдостеронемия нәтижесінде болып табылады

    5 тапсырма

    1. Аз мөлшердегі ұйқы шақыратын дәрілер; 2.Тыныштандырғыштар және транквилизаторлар; 3. Ганглиоблокаторлар; 4.Зәр айдағыштар; 5. ААФ-нің тежегіштері; 6. Симпатолитиктер 7. Альфа-адреноблокаторлар; 8. Спазмалитиктер, кәлций түтікшелеріннің антагонистері


    Тақырыбы « Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі»

    3 есеп


    1. Науқаста жүрек қызметі жеткіліксіздігі анықталды ма? Оны не дәлелдейді? Науқаста жүректің толық жеткіліксіздігі. Белгілері: мәжбүрлі жағдай, тахикардия, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар, мойын көктамырларының ісінуі, бауырдың үлғаюы, ісінулер.
    2. Жүрек дертінің түрін анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет? Жүректің УДЗ. Бұл зерттеуде перикард қуысындағы сүйықтық анықталады.
    3. Жүрек жеткіліксіздігінің түрі жайында қорытынды жасаңыз. Туберкулезді этиологиялы перикардит нәтижесінде дамыған жүректің толық жеткіліксіздігі.

    Жүрек қан тамыр жүйесінің негізгі синдромдарының даму тетіктері мен себептері: жүрек ақаулары, коронарлы жеткіліксіздік синдромы, артериялық гипертензиялар, жіті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
    Сынамалық тапсырмалардың жауаптарының эталоны

    1-B

    9-E

    17-E

    25-C

    33-E

    41-A

    49-A

    57-E

    65-D

    73-B

    2-B

    10--E

    18-E

    26-B

    34-B

    42-D

    50-D

    58-A

    66-C

    74-B

    3-D

    11-B

    19-A

    27-C

    35-A

    43-B

    51-A

    59-E

    67-A




    4-A

    12-B

    20-A

    28-B

    36-C

    44-E

    52-D

    60-B

    68-A




    5-C

    13-E

    21-B

    29-A

    37-E

    45-B

    53-C

    61-C

    69-C




    6-E

    14-B

    22-B

    30-A

    38-C

    46-A

    54-A

    62-E

    70-D




    7-B

    15-C

    23-A

    31-B

    39-E

    47-A

    55-B

    63-D

    71-B




    8-D

    16-B

    24-D

    32-B

    40-A

    48-B

    56-C

    64-A

    72-E





    Тақырыбы «Аритмиялар»

    1 – ABC

    8 – AB

    15 - ABC

    22 - BCE

    29 - ABDEG

    2 – ABCD

    9 – ABC

    16 – BD

    23 – C

    30 – CE

    3 - ADFG

    10 –A

    17 – A

    24 – E

    31 – A

    4 - ACD

    11 – B

    18 – CE

    25 – B

    32 – E

    5 - AB

    12 – AD

    19 –BE

    26 –B




    6 - ABEF

    13 – C

    20 – B

    27 –C




    7 - AB

    14 – ABCD

    21 - ABCE

    28 - ACDEF





    Тақырыбы «Кардиогенді сілейме»

    1 – D

    3 – AD

    5 – ABE

    7 – A

    2 – ABCDF

    4 – ABDE

    6 - A

    8 - C




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет