Қр мемлекеттік кіріс комитеті органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі Аналитикалық есеп беру


Салықтық берешегі (көлік салығы, жер салығы, мүлік салығы және т.с.с.), міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқтығы (бар болуы) туралы анықтамалар, дербес шоттан үзінд



бет27/35
Дата10.07.2016
өлшемі10.9 Mb.
#189447
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35

Салықтық берешегі (көлік салығы, жер салығы, мүлік салығы және т.с.с.), міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқтығы (бар болуы) туралы анықтамалар, дербес шоттан үзінділер беру


Бұл қызмет бойынша 1425 сұхбаткерден сауалнама алынды, және жалпы қанағаттанушылық 9,0 балды құрады.

«Салықтық берешегі (көлік салығы, жер салығы, мүлік салығы және т.с.с.), міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқтығы (бар болуы) туралы анықтамалар, дербес шоттан үзінділер беру» кешендік қызмет 3 қосалқы қызметке бөліне алады:

1) Салықтық берешегі (көлік салығы, жер салығы, мүлік салығы және т.с.с.), міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі жоқтығы (бар болуы) туралы анықтамалар беру – 9,1 балл;

2)Дербес шоттан үзінділер беру – 8,7 балл;

3) Жергілікті салықтардың (көлік, мүлік және жер салығы) есептелген сомалары бойынша салыстыру – 8,7 балл.

Егер қызметтерді жеке-жеке алатын болсақ, онда бірінші қосалқы қызметті (берешектердің болуы/жоқтығы туралы) сұхбаткерлер басқаларынан жоғры – 9,1 балға бағалағанын көруге болады, және жалпы қанағаттанушылық – 89,0%-ды көрсетеді. Үшінші қосалқы қызметті (жергілікті салықтар бойынша салыстыру) 8,9 балға бағалады, және қызмет алуға толық қанағаттанушылық 84,2%-ды құрады. Және сұхбаткерлердің 80,5%-ы «2-ші қызметке» бәрінен аз қанағаттанады, орташа балл 8,7 балға тең.

121-диаграмма. Қызмет көрсету түрлері бойынша қызметке қанағаттанушылық, балл

Барлық 3 қосалқы қызмет бойынша салық төлеушілердің қызметті көбінесе қағаз нұсқасында алғандығын байқауға болады – бірінші қосалқы қызмет бойынша (берешек туралы анықтама) 60% сұхбаткер, екінші қосалқы қызмет бойынша (дербес шоттан үзінді) 53,4% және үшінші қосалқы қызмет бойынша (жергілікті салықтар бойынша салыстыру) 71,9% сұхбаткер. Электрондық нысанды бірінші қосалқы қызмет бойынша 20,6% сұхбаткер, екінші қосалқы қызмет бойынша 32,4% және үшінші қосалқы қызмет бойынша 15,9% сұхбаткер пайдаланды. Аралас, яғни ішінара автоматтандырылған нысанды пайдаланғандар саны аз. Бұл нысанды екінші қосалқы қызмет бойынша сұхбаткерлердің тек 14,2%-ы, үшінші қосалқы қызмет бойынша 12,2%-ы және бірінші қосалқы қызмет бойынша 10,4%-ы пайдаланған.

122-диаграмма. Қызмет көрсету нысаны, %:

Қызмет нәтижесін күтуге құжаттарды берген сәттен бастап шешім шығарғанға дейін орташа алғанда 11,5 сағат жұмсалды. Төмендегілер бойынша:

- салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама беру бойынша – 12,6 сағат (бір жарым күн);

- дербес шоттан үзінділер беру бойынша – 15,5 сағат (2 күнге жуық);

- жергілікті салықтардың есептелген сомасын салыстыру бойынша – 6 сағат (жарты күн).

Бір жүгінудің орташа уақыты 19 минутты құрайды.



Қызмет көрсету параметрлері бойынша қанағаттанушылық

Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама беру бойынша қызмет алған сұхбаткерлердің бағасы барлық параметрлер бойынша қалған 2-ші қосалқы қызметті алған сұхбаткерлерден жоғары. Ең жоғары балдарды бланктер мен көрсеткіштер аспектісі алды ол бланктерге қол жетімділікті, өтініш үлгілерінің болуын, тілге қол жетімділікті қамтиды.

Техникаға қанағаттанушылық барлық алынған қызметтер бойынша ең төмен баға алды. Бұл блокқа серверлердің, компьютерлердің, бағдарламаның жұмысы кіреді. «1-ші қызметті» алған сұхбаткерлер оны 8,9 балға, ал «2-ші және 3-ші қызметті» алғандар оны төмен (8,5 және сәйкесінше 8,4 балл) бағалады.

123-диаграмма. Қызмет көрсету параметрлеріне қанағаттанушылық



Сыбайлас жемқорлық және заңсыз сыйақы беру

Деректерге жүргізілген талдау қызметті таныстық бойынша және заңсыз сыйақы беріп алғандардың пайызын өте жоғары бағаланғандығын көрсетті. Қызметті таныстық арқылы көбінесе салыстыру бойынша қызмет алған тұтынушылар пайдаланған – 3,0%, бірақ заңсыз сыйақы беріп алғндар саны аз - 0,3%. Бұдан әрі анықтамалар беру бойынша қызметті алған тұтынушылар 2,5%, және сұхбаткерлердің 0,6%-ы заңсыз сыйақы берген. Таныстардың қызметін пайдаланғандардың ең аз саны үзінділер беру қызметі бойынша – 1,3%, және заңсыз сыйақы беру де осындай мөлшерді көрсетті.


124-диаграмма. Қызметті таныстық бойынша немесе заңсыз сыйақы беріп алған сұхбаткерлер, %



Үзінділер беру заңсыз сыйақы беруге таныстар мен туыстарын (23,4%), бейресми делдалдарды (17,7%), сонымен қатар тікелей қызметкерлерді (12,1%) тартуы ықтимал. Қызметтің ең сыбайлас жемқорлық шоғырланған түрі есептелген сомалар бойынша салыстыру таныстары мен туыстарына (13,9%), сол сияқты тікелей қызметкерлерге (12,1) және делдалдарға (8,8%) жүгінеді. Анықтамалар беруде паралар 11% жағдайда тікелей қызметкерге беріледі. Кез-келген жағдайда заңсыз сыйақының нақты алушысы қызметкер болып табылады, яғни мемлекеттік қызметкерлер қатарында өз қызметтік жағдайын асыра пайдаланушылардың белгілі бір үлесі бар.

125-диаграмма. Заңсыз сыйақы беру, %





Қызмет алудағы проблемалар мен қиындықтар

Деректерді талдау қызмет тұтыну барысында сұхбаткерлердің 10,4% проблемалар мен қиындықтарға салық бойынша берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама алу барысында, 20,6% - дербес шоттың көшірмесін алу кезінде және 10,2% - жергілікті салықтардың есептелген сомасын салыстыру кезінде кездескендерің айтады.

Төменде көрсетілген диаграммадан барлық қызмет көрсетулер бойынша негізгі проблема құжаттар толтыруға арналған үстелдердің жетіспеушілігі болып табылатынын көруге болады. «1-інші қызметті пайдаланған» 41,4%, «2-нші қызметті пайдаланған» 30,3% және «3-інші қызметті пайдаланған» 19,4% сұхбаткерлер осы нұсқаны атап көрсеткен. Бұдан ары салық төлеушілер бір маманнан екінші маманға жүгіртіп қойғандарына разы емес. Осылай деп бірінші қызметті пайдаланған 37,4% , екінші қызметті тұтынған 35,5% және үшінші қызметті пайдаланған 12,1% сұхбаткер көрсетеді.

Сонымен қатар айтарлықтай маңызды проблемаларға жұмыстың нашар ұйымдастырылуын, бақылаусыздықты, қызметкерлердің селқостығын, анықтамалық терезесінің, модератордың жетіспеушілігін және заңнамалық мәселелердің болуы жатқызылған.

Ең аз кездесетін проблемалар – салық қызметкерлерінің заң бұзушылықтары және жемқорлық. Бірінші жағдайда осы нұсқаны тексеру бойынша қызметті пайдаланған сұхбаткерлердің 3,2% атап көрсеткен. Басқа қызмет түрлерін пайдаланған сұхбаткерлер бұл нұсқаны көрсетпеген. Проблема жемқорлықта болып тұр дегенді екінші қызмет түрін пайдаланған 6,1% және бірінші қызмет түрі бойынша - 2,7% сұхбаткер белгілеген. Үшінші қызмет түрі бойынша мұндай пікірді бір де бір адам білдірмеген.

126-диаграмма. Қызмет алудағы проблемалар, % сұхбаткерлер





Қызмет сапасын жақсарту бойынша тілектер

Сұхбаткерлердің көп бөлігі қызмет алуға қанағаттанады. Бірақ өз ұсыныстарын айтқан бөлігі көбінесе техника жұмысын жақсартуды өтінген. Олар бағдарламалық жасақтамаға наразылықтарын білдірді. Өз пікірлерінде олар серверлердің жұмыс істемеуі және бағдарламалардың тұрып қалуы жайлы айтады. Көпшілігі қызметті автоматтандыруды және жүгінудің электрондық нысанына көшуді сұрады. Сонымен қатар, қызметкерлерге қатысты көп ұсыныстар болды. Сұхбаткерлер салық қызметінің қызметкерлер қайырымды, әдепті, өз жұмысын жақсы білуі және салық төлеушіге көмектесуге даяр болғанын қалайды. Сонымен қатар, олар қызметкерлер жетіспегендіктен кезек көп болатындықтан, және нәтиже алу мерзімдері ұлғаятындықтан, штатқа көбірек қызметкерлер алуды ұсынды.



Қорытындылар

Барлық үш қызмет бойынша сұхбаткерлер қызметтерді көбінесе қағаз нұсқасында алған. Мүмкін қызметті таныстар арқылы алған және заңсыз сыйақы бергендердің деңгейі сондықтан да жоғары болуы ықтимал. Сонымен қатар, техника жұмысын төмен бағалайды және өз ұсыныстарында осы тармақты жақсартуды айтады. Сондықтан, салық қызметтері техникалық істен шығуларға немесе компьютерлерге байланысты барлық проблемаларды жою қажет. Салық төлеушілерге жүгінудің жеңілірек нысаны – қызметтің автоматтандырылған түрі туралы ақпарат беру арқылы, заңсыз шешімнің барлық жолдарын жою қажет. Сонымен қатар, халықтың осы бағдарламаны қалай пайдалану туралы хабардар болуы және оны меңгеру туралы ойлану қажет.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет