Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет70/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86
Акишев

Бақылау сүрақтары

1. Өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау және растау мақсатында жасалынатын опера-циялардың жиынтығы қалай аталады?


2. Өлшем құралының жарамдылығы дегеніміз не?
3. Калибрлеуді жасауға қандай субъектілердің құқыңтары бар?
4. Калибрлеудің міндеті не және оған қойылатын басты талап қандай?
5. Калибрлеудің қазақстандық жүйесінің қағидаларын атаңыз?
6. Калибрлеудің қазақстандық жүйесінің субъекті-лері кімдер?
7. Аккредиттелген метрологиялық қызметтерге қойылатын талаптардың орындалуын бақылауды кім жүзеге асырады?
8. Калибрлеуаралың интервал дегеніміз не?
9. Калибрлеуаралық интервалдың қандай түрлерін білесіз?
10. Өлшем құралын тексерудің төрт әдісін атаңыз.
11. Салыстырып тексерілетін өлшем құралын сәйкес разрядтағы эталонмен тікелей салыстыру өдісінің мәнін түсіндіріңіз.
12. Компаратормен тексеру әдісіне мысал келтіріңіз.
13. Тура және жанама өлшеу әдістерінің айырмашылығы неде?
14. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері дегеніміз не?
15. Стандартты үлгілер не үшін пайдаланылады?
16. Стандартты үлгілер қалай жіктеледі?
17. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі қандай функцияларды атқарады?
18. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандартты анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің басты мақсаты мен міндеті неде?
19. САДМҚ қандай ақпараттың деректер береді?
20. Стандарттық анықтамалық деректер қандай мәліметтерді ңамтиды және оның қандай түрлері бар?


VI тарау. МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
6.1. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң
2000 жылы ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Оған дейін Республикада метрология саласында заңдылық нормалар болған жоқ. Заңдылық нормалар Үкіметтің қаулыларымен тағайындалатын. Ережелермен салыстырғанда Заң біршама жаңашылдықтарды (терминологиядан бастап елдегі метрологиялық қызметті лицензиялауға дейін) енгізді. Мұнда бақылаудың мемлекеттік метрологиясы мен қадағалаудың мемлекеттік метрологиясының функциялары нақты бөлінді: калибрлеудің ережелері қайта қаралды, өлшем құралдарының ерікті сертификатталуы енгізілді және т.б.[13]
Мемлекеттік метрологиялық қызметтердің қайта ұйымдастырылуы метрологиялық қызмет пен ведомстволық қызметті басқару жүйесінің орталықтандырылуының бұзылуына алып келді.
Меншіктің түрлі нысандарының пайда болуы өлшем құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу, салыстырып тексеру, мемлекеттік қадағалау міндеттілігі мен шаруашылық қызмет субъектілерінің еркіндігі деңгейінің өсуі арасындағы қарама-қайшылықтың пайда болуына себепші болды. Бұдан басқа Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануы ДСҰ-на (Дүниежүзілік сауда ұйымы) ену қажеттілігімен байланысты өзге де мәселелер бар. Осылайша, метрологияның құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық негіздерін қайта қарастыру проблемасы ерекше мәнге ие болып отыр.
Метрология негізгі ережелері елдің жоғарғы заң шығару органы қабылдаған заңмен міндетті түрде бекітілуі тиіс қызмет аясына жатады. Тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған заңдық нормалар құқыңтың мемлекетте тұрақты заңдылық актілерімен реттеледі. Осыған байланысты, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңды енгізгенге дейін қолданыста болған метрология бойынша ережелер заңга қарсы келмейтін жағдайларында ғана қолданылады.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның негізгі ережелерін қарастырып кетейік.
Заңның мақсаттары мынадай:

  • өлшемнің жеткілікті дұрыс емес нәтижелерінің жағымсыз салдарынан ҚР экономикасы мен орнатылған құқыңтық төртіпті,азаматтардың құқықтары мен заңдылық мүдделерін қорғау;

  • елде қолдануға рұқсат етілген бірліктерде керсетілген, кепілдендірілген дәлдіктегі өлшем нәтижелерін қолдану және шама бірліктерінің мемлекеттік эталонын пайдалану негізінде ғылыми-техникалық және экономикалық прогреске ықпал ету;

  • халықаралық және фирмааралық байланыстардың дамуы үшін жағымды жағдайлар жасау;

  • Қазаңстанның мемлекеттік басқару органдарының өлшем құралдарын жасау, пайдалану, жөндеу, сату және импорттау мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынасты реттеу;

  • өлшемнің қазақстандық жүйесін әлемдік тәжірибеге икемдеу.

Бұл Заңның метрология бойынша шетел заңдылың ережелерікен айырмашылығы бар. Оның негізгі қолдану аяларына (сауда, денсаулық сақтау, сыртқы ортаны қорғау, сыртқы экономикалық қызмет) қарамастан, ол өндірістің кейбір аяларында қолданылады, соның ішінде шама бірліктерінің мемлекеттік эталонына бағынатын эталондарды пайдаланатын заңды тұлғалардың өлшем құралдарын лабораториялық қызметтердің калибрлеу жұмыстарына таралады. Заң заңды тұлғалардың аккредиттелген метрологиялық қызметтеріне оларды аккредиттеген органдар мен ұйымдар атынан калибрлеу туралы сертификаттар беруге құқық береді.
Шетелдерде биліктің федералды органдарының өкілеттілігіне өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдылықтың негіздерін белгілеу гана кіреді.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң оның маңсаттары үшін қолданылатын негізгі түсініктерді белгілейді және заңмен бекітеді. Ол түсініктер: өлшем бірлігі, өлшем құралдары, шама бірлігінің эталоны шама бірлігінің мемлекеттік эталоны өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік қүжаттар, метрологиялық қызмет, метрологиялың бақылау және қадагалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу, өлшем құралы типін бекіту туралы сертификат, өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу; калибрлеу туралы сертификат [17, 18]. Анықтамалардың негізіне Заңдылық метрологияның халықаралық ұйымының (ЗМХҰ) ресми терминологиясы алынған [19, 20]. Заңның негізгі баптары мыналарды орнатады:

  • өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын;

  • өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды;

  • шама бірліктерін және шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын;

  • өлшем құралдары мен әдістемесін.

Сонымен қатар Заң Мемлекеттік метрологиялық қызметті жөне өлшем бірлігін қамтамасыз етудің өзге де қызметтерін, басқарудың мемлекеттік органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін, мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалау түрлері мен таралу аясын анықтайды. Заңның жеке баптары өлшем құралдарын калибрлеу жөне сертификаттау бойынша ережелерді қамтиды және Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлерін орнатады. Заң мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамы мен қүзырын анықтайды, онбің ңызметінің салааралық және ведомстволық сипатын керсетеді. Қызметтің салааралық сипаты Мемлекеттік метрологиялық қызметтің қүқықтық жағдайын бекітеді, ол мемлекеттік басқарудың басқа салааралық және бақылау-қадағалау органдарына ұқсас.
Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құқықтық жағдайына тән белгі болып бір ведомствоға - Қазақстан Мемстандартына бағынуы табылады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері атқаратын қызметтерінің негізін анықтайтын заң баптарына өз әсерін тигізді. Жоғарыда айтып өтілгендей, шетел тәжірибесінде кәсіпорындардағы метрологиялық қызметтердің («өнеркәсіптік метрология») құрылымдық бөлімшелері қызметінің мәселелері заңдылық метрологиядан сырт шығарылған, ал олардың қызметі экономикалық әдістермен ынталандырылады. Қазақстанда бүгінгі таңда өнеркәсіптік метрологияға қатысты заңдылық ережелері сақталынған.
Мамандардың айтуынша, уақыт өте келе мемлекеттік басқару органдарындағы метрологиялық қызметтер туралы Заңның ережелері өз маңыздылығын жояды, өйткені басқарудың салалық органдарының әлсіреуі және тәуелсіз заңды тұлғалар санының өсуі байқалуда.
Экономика дамуының қазіргі кезеңі Заңның кейбір ережелерінің жүзеге асырылуында қиындықтар туындатып отыр, осыған байланысты заңдылық ережелерінің жетілдірілуі, нақтылануы қажет болып отыр. Сонымен қатар үш себеп бойынша өлшеулердің қазаңстандық жүйесін заңдылық бекітуді талап етті:
• өлшеуді жүргізу кезінде аспаптарды немесе әдісте-
мелердің дұрыс емес пайдаланылуы технологиялық үдерістердің бұзылуына, энергетикалық ресурстардың жоғалуына, ақауларға, төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін;
•өлшеудің дәл нәтижелерін алу үшін көп шығындар кетеді. Экономикасы дамыған елдерде олшеулерге ЖҰӨ-нің 6%-ы жұмсалады;
• экономиканы басқарудың орталықсыздандырылуы метрологиядағы құрылымдық өзгерістердің қажеттілігін туындатады.
Заң Қазақстанда шетелдік өлшемдердің ұлттық жүйесімен өзара қарым-қатынас жасай алатын жаңа өлшем жүйесін құруға негіз болады. Ол, ең алдымен, сынақ пен сертификаттау нәтижелерін өзара келістіру үшін және әлемдік тәжірибе мен метрологиядағы жаңа тенденцияларды пайдалану үшін қажет. Олардың кейбіреулері Заңда ескерілген. Осылайша, ескірген түсініктер мен терминдер ауыстырылған, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру жүйесі өзгертілген: мемлекеттік және ведомстволық салыстырып тексеру орнына және заңды тұлғалардың аккредиттелген қызметтеріне бірегей өлшем қүралдарының аттестациясы енгізілген. Аккредиттелген метрологиялық қызметтерге қойылатын талаптар және оларды аккредиттеу төртібі жаңа жағдайларға ең жоғары деңгейде жақындатылған.
Мемлекеттік органдармен бақыланбайтын өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған калибрлеудің қазақстандық жүйесі құрылды.
Сондай-ақ, метрологиялық қызметті лицензиялау институты енгізілді, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен байланысты. Лицензиялау туралы ереже мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға кіретін аумақты қамтиды. Лицензияларды беру құқығы тек қана Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдарына берілген[21, 22, 23].
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қадағалаудың жаңа түрлері енгізілген: тауарлық операциялар кезінде иеліктен шығарылған тауарлар санын қадағалау, тауарларды бумалау және сату кезінде кез келген бумадағы тауардың санын қадағалау.
Жаңашылдық болып мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың таралу аясының банктік, пошталың, кедендік операцияларға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді міндетті сертификаттауға дейін кеңеюі табылады.
Заң Өлшем қүралдарының метрологиялық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ өлшем құралдарының калибрлеу жүйесінің талаптарына сәйкестігін ерікті сертификаттау жүйесін енгізді. Бұған себепші болған мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын аяларда өлшем бірлігін сақтау мәселесі ғана емес, сонымен қатар өлшем құралдары паркін құру бойынша қызметтің сапасы мен тиімділігін көтеру қажеттілігі жөне өлшем құралдарын пайдаланушылардың мүдделерін қорғау болды.
Өлшем құралдарын ерікті сертификаттау жүйесі Мемстандарт пен Мемлекеттік реестрде (тізілімде) тіркеледі. Жүйеде қолданылатын барлық нормативтік құжаттар халықаралық ережелермен және нормалармен үйлестірілген.
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң метрология саласында халықаралық әріптестік үшін құқықтық негізді нығайтады, оның қағидалары келесідей:

  • халықаралық келісімді міндеттемелердің басымдылықтарын қолдау;

  • Қазақстанның ДСҰ-на кіру процесіне ықпал ету;

  • екі жақты және көп жақты сыртқы экономикалық байланыстардағы техникалық кедергілерді жою мақсатында сынақтан өткізу, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара мойындау үшін жағдайлар жасау.

Қабылданған Заң орындалу үшін ҚР Үкіметі 1997 жылы бірнеше құжаттарды қабылдады: «Мемлекеттік ғылымиметрологиялық орталықтар туралы ереже», «Заңды тұлғалар мен атқарушы биліктің федералды органдарының метрологиялық қызметтері туралы ережені бекіту тәртібі», «Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу тәртібі», «ҚР қорғанысты метрологиялық қамтамасыз ету туралы ереже».
Бұл құжаттар көрсетілген Заңмен бірге Қазақстандағы метрология бойынша негізгі құқықтық актілер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет