Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу


Зертханалық жұмыс 12. Тақырыбы: Мәйекті сырлар өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу. Жұмыстың мақсаты



бет21/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Зертханалық жұмыс 12. Тақырыбы: Мәйекті сырлар өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу. Жұмыстың мақсаты: Мәйекті сырлар өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу.
Шикізат: Сыр.


Сырдың майлылығын анықтау.


Сырдың майлылығын май өлшегішпен (бутириметр) немесе басқа аспаптармен анықтайды. Бұл әдіс майлы сүттің құрамындағы ақуыздарды қоюландырылған күкірт қышқылымен еріткеннен кейін центрифугалап бөліп алуға арналған.
Аспаптар мен реактивтер. Сүтке арналған май өлшегішпен өлшеу мүмкіндігі 0 - 6 % дейін. Әрбір бөлігінің көрсеткіші 0,1 %, резиналы тығын , 10 мл және 1 мл ерітінді құюға арналған құрал, центрифуга, су ваннасы, май өлшегішке арналған штатив, 100°С - тық термометр, тығыздығы 1,50-1,55 қойылтылған күкірт қышқылы және изоамил спирті қажет.
Сырдағы майдың мөлшерін анықтау.
Анықтау тәсілі. Сүт майөлшеріне 10 мл күкірт қышқылын (1,50-1,55) құяды. Пергамент қағазына 2г сырды немесе брынзаны өлшеп алады, оны шыны таяқшаның көмегімен май өлшерге салады. Оған 9 мл күкірт қышқылын, 1 мл изоамил спиртін қосады. Бутириметрді резинкамен тығыздап тығындап температурасы 70 - 75 ° С су ваннасына 50-70 мин. саламыз, тығын жағын төмен қаратып қоямыз. Айтылған уақыт өткен соң бутириметрді алып 5 мин. центрифугада айналдырамыз. Содан соң қайтадан 5 мин. 65 - 67 ° температурада су моншасында ұстаймыз. Ваннадағы судың деңгейі бутириметрдегі ерітіндінің деңгейінен жоғары болу керек, әйтпесе салқындаған майдың көлемі көрсеткіштен аз болады.
Май өлшердің көрсеткішін алады және абсолютті май мөлшерін формула бойынша есептейді:
Ж=P*5.5
Мұндағы, Ж- сырдағы майдың мөлшері, %
Р- майөлшер көрсеткіші
5,5- тұрақты коэффициент.
Абсолютті майдың мөлшерін құрғақ заттарға формула бойынша қайта есептеу:
Жс.в.с.= 
Ж- сырдағы майдың абсолютті мөлшері, %
С- сырдағы құрғақ заттардың мөлшері, %
Жабдықтар мен ыдыстар: колбалар, бюретка, штатив, пробиркалар,шыны таяқша, термометр, өлшеу цилиндрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет