Тайман "Индустрия 0"


Бүгін не жүзеге асырылуда?



бет8/11
Дата02.01.2022
өлшемі23.46 Kb.
#453792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Индустрия 4

Бүгін не жүзеге асырылуда?

Күрт секіру туралы айтудың қажеті жоқ, өйткені трансформация процесі уақытты қажет етеді. Дегенмен, өз өндірістерінде 4.0 индустриясын енгізуде белсенді салалар бар. Мысалы, тау-кен өндіру өнеркәсібінің 13 ірі кәсіпорны жалпы инвестиция сомасы 315,4 млрд теңгені құрайтын 58 ірі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 88,7 млрд теңге сомасына 20 жоба аяқталды. ТМК цифрлық трансформацияның көшбасшысы деп айта аламыз.



ГУЛЬНУР

Бұдан басқа, Министрлік цифрлық технологиялар мен цифрландырудың әсерін көрсету, Индустрия 4.0-ді танымал ету және мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу мақсатында 7 модельдік цифрлық фабрика ("Алтыналмас АК" АҚ, "Евразиан Фудс" АҚ, "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Химфарм" АҚ, "Карлскрона" ЖШС, "Балтекстиль" ЖШС, "Алматы желдеткіш зауыты" ЖШС) құру бойынша жобаны іске асыруда. Компаниялар бүгінде 7,5 млрд теңгеге 14 жобаны іске асырды және жабдықтардың тұрып қалуын азайту, ресурстардың жоғалуын азайту және т. б. есебінен үнемдеу түрінде пайда алады. Жалпы өңірлер бойынша 2022 жылға дейін 90 кәсіпорында цифрлық шешімдерді енгізу жоспарланған (шамамен 200 цифрландыру жобасы), оның ішінде 35 кәсіпорында жобалар іске асырылған.

«Экономика салаларын цифрландыру» бағыты аясында өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын технологиялық қайта жарақтандыру Индустрия 4.0 элементтерін қолданумен жүзеге асырылатын отын-энергетика және тау-кен металлургиясы кешендерінің кәсіпорындарында цифрлық технологиялар енгізілуде. Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай»АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ 4 кәсіпорны «Зияткерлік кен орны» ақпараттық жүйесін іске асыруда. Аталған технологияны енгізу электр энергиясын тұтыну шығындарын 15%-ға дейін оңтайландыруға, өндіру деңгейін 2%-ға дейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар кен орындарын орталықтандырылған басқаруды және қашықтан бақылауды, ұңғымалар мен кәсіптік жабдықтар жұмысын оңтайландыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, 190 шақырымнан астамы қанағаттанарлықсыз бағамен анықталды. 85-ке жуық өте ақаулы рельстер айқындалды, яғни рельстің 85 омырылу жағдайына жол берілмеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет