Төлем карточкаларымен есеп айырысуды жетілдіру мысалында Жұмағазинова Әсел Талғатқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰу эжбжм, «Есеп және аудит»



Дата05.07.2016
өлшемі47.14 Kb.
#180721
Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдарын жетілдіру жолдары

(Төлем карточкаларымен есеп айырысуды жетілдіру мысалында)

Жұмағазинова Әсел Талғатқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЭжБЖМ, «Есеп және аудит»

4 курс студенті

Ғылыми жетекші:

Жиенбекова А.М.

оқытушы

Экономикалық жағдайдың тұрақтануы шаруашылық жүргізуші субъектілерге, жеке тұлғаларға, банктердің қаржы нарығындағы позициясын нығайтуға, банктердің қызмет көрсету аясына әсерін тигізетіні белгілі.



Біздің елімізде банктердің төлем карталарына қатысты іс-әрекеттері толық еркіндікте. Жеке тұлғаларға төлем карталарымен банктік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру күн тәртібінде тұрған маңызды зерттеу бағыты. Осы карточкалар нарығында қалыптасқан жағдай жөнінде мәліметтер төменде берілген.

Пластикалық карталар нарығының құрылымы



*дерек көзі: Ұлттық банктің сайты: www.nationalbank.kz [4]

Республикамыздағы төлем жүйесінің қызметі уақыт талабына сай банктер мен қаржы нарығына қатысушылардың сұранысын қамтамасыз етуге, ақша-несие саясатын тиімді іске асыруға, мемлекеттік бюджеттің атқарылуына септігін тигізеді. Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйелері қаржы ұйымдары дамыған елдер қоятын барлық талаптарға сай келеді. Осы ретте төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі жетілдіріліп отыратынын айта кету керек. [2]

Төлем карточкалар нарығы қаржы секторының болашақ даму бағыттарының бірі. Оған қызмет көрсету ассортименті мен түрлі карточкалық бағдарламалар барынша кең түрде ұсынылып келетіні айғақ. Айталық, дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсету үшін есеп айырысу, коммуналдық, байланыс қызметтерін, салық пен кеден төлемдерін төлеу, несиелерді өтеу, карточкадан карточкаға ақша аудару төлем карточкаларының көмегімен жүзеге асады. Осыған байланысты халық тауар сатып алу мен қызмет көрсету кезінде есеп айырысуды төлем карточкалары арқылы жүргізуді дұрыс көреді. Оны статистика мәліметтері дәлелдей алады, егер 2009 жылы 3 адам 1 төлем карточкасын иеленсе, 2010 жылы 2 адам 1 төлем карточкасын қолданған.[1]

2013 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 24 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі - 95.7%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express Internationa және, China Union Pay. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card –  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «БТА Банк» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы  - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

2013 жылғы тамызында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 484.8 млрд. теңге болды.

Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан және көлемінен 47,1% және 65,7%) және банкоматтар (тиісінше 39,8% және 22,8%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 98,0% және  89,3%).

Республикада 2013 жылдың 1-қаңтарына қарағанда POS-терминалдар саны 10,4% артқан, 28,597 мың дана, банкоматтар - 6,6% - 8110 дейін. Екінші деңгейдегі банктер халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын таратады, олардың үлесінде VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International бар. [3]

Елдегі ең танымал Visa және Europay International халықаралық төлем жүйелерінің карточкалары болып табылады, олар айналыстағы карточкалар санының 96,4%-ын құрайды. Қазіргі уақытта Visa International карточкаларын Қазақстан халқының 25,3%-ы қолданады. Айналыстағы төлем карточкалары жергілікті және халықаралық карталардан тұрады.[4]

Нарықтық экономика жағдайында дамып келе жатқан еліміздегі қолма-қолсыз ақша айналымының маңызы күннен күнге артып келеді. Өйткені, бұл ақшалардың экономикадағы маңызы зор: айналыстағы артық ақшалардың санын қысқартуға, тауар және қызмет көрсетулердің айналысының жылдамдығына септігін тигізеді. Аталған жүйеде пайдаланылатын нормативтiк база мен технологиялар үнемi жетiлдiрiлiп отырады. Осыған байланысты, ақша айналымын ұйымдастыруда қолма-қолсыз ақшаларды пайдаланып, оның тиімділігін арттыру тақырыбына мынадай қорытынды жасауға болады:

1.Еуропалық одақ құрамына енетін елдерде микропроцессорлық технологиялар негізінде төлем карточкалары жүйесін дамыту көзделген. Экономиканың дамуы халықаралық кеңістікке енумен тығыз байланысты болғандықтан, Қазақстан төлем жүйелерiн Еуропалық Одақ стандарттарына жақындату мақсатында Ұлттық Банк елімізде микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларын енгiзу мен дамытуды жоспарлап, оның алғашқы қадамы жасалды. Ол – Қазақстан Республикасында микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы. Онда көзделген микропроцессорлық карточкалар негiзінде төлем карточкаларын пайдалану болашақта халыққа, сауда-сервис кәсiпорындарына оларға қай банк қызмет көрсеткенiне қарамай бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құруға мүмкiндiк бередi.

2. Бүгінгі таңда нарықта төлем карточкаларының әртүрлі бәсекелес жүйелері қызмет етеді, олардың ішкі нормативтері және инфрақұрылымы жағдайларын ескеру маңызды. Бұл банктердің инфрақұрылым шығындарын жоғарылатып, сауда ұйымдарының жағдайын қиындатады және карточка ұстаушыларына ыңғайсыздықтар туғызады. Кез келген сауда нүктесінде тауарларды төлеу, кез-келген банкоматтан қолма-қол ақшаны алу үшін әмбебап ұлттық карточка жоқ. Бір банктің карточкасын басқа банкке қызмет көрсету желісінде пайдалану күрделі, әрі қымбат. Сол себепті, төлем карточкасын ұстаушы-клиент мүмкіндігі өзінің банкінің қызмет ететін инфрақұрылымына байланысты. Бұл республикада төлем карточкаларын қолдану үшін бірыңғай төлем кеңістігін құруды қажет етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. Мақыш С.Б. Банк ісі. Оқулық. – Алматы: ИздатМаркет, 2007. – 471 бет

  2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы. Экономика, 2000.

  3. Ақша, несие, банктері. Оқулық Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейтқасимов – Алматы Экономика, 2001

  4. Ұлттық банк сайты: : www.nationalbank.kz

Қатысушының тіркелу формасы:

Аты-жөні: Жұмағазинова Әсел Талғатқызы

Оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Мамандығы: Есеп және аудит, 3 курс

Байланыс телефоны: 8 707 566 3010, 8 727 243 11 85

Электронды пошта: zhumagazinova_asel@mail.ru



Конференцияның секциясы: Инновационные подходы развития бухгалтерского учета и аудита в РК

Ғылыми жетекші: Жиенбекова А.М., оқытушы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет