Тарих кафедрасы


Қазақстан жеріндегі әскери қозғалыстар мен соғысқа кіруі



бет4/32
Дата20.11.2022
өлшемі303.28 Kb.
#465280
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
KКZT -лекции

4. Қазақстан жеріндегі әскери қозғалыстар мен соғысқа кіруі. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.) 1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин қол қойған халық комитетінің декреті бойынша қырғыз (қазақ) революциялық комитеті қүрылды. Оның қарамағына Қазақ Совет автономиясы жарияланып, өлке Советтерінщ құрылтай съезі шақырылғанға дейін қазақ тұрғындары мекендеген Орал, Торғай, Ақмола, Семей облысы мен Астрахань губерниясы жерівдегі барлық жоғарғы әскери-азаматтық басқармалар берілді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті алғашында РСФСР үкіметі тағайындаған 7 мүшеден тұрды. Халкомсовтың келісі-мімен қырғыз (қазак.) революциялық комитеті өз құрамын жергілікті тұрғындардан қызметке адам алу арқылы толыктырып отыруға праволы болды. Ол ішкі контрреволюция мен әскери-интервенцияға қарсы еңбекшілер күресін басқарып, совет ұйымдарының мемлекетгік шаруашылық жөне Қазак халқына күштеп тағылған "қырғыз-қазақ", "кырғыз" атаулары орыс тіліндегі әртүрлі әдебиетте жоне құжаттарда XVIII ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарынан бастап кездесе бастайды. Бұл сөздерді алғаш рет жазбаша айналымға енгізгендер Оңтүстік Орал жоне Сібір арқылы қазақ өлкесінің Солтүстік аудандарында болып, қазақтармен алғаш жүздескен патша үкіметінің оскери, дипломатиялық жоне жергілікті басқару аппаратының қызметкері еді.
Қазақтардың қырғыз аталуына байланысты Міржақып Дулатов үсынған жорамал көніл аударарлық. Ол өз болжамын 1923 жылы "Қызыл Қазақстан" журналында жарияланған "Қазак, кырғыздың аты, тегі туралы" мақаласында айтқан болатын. Алаш орысының пайымдауьшша XVII ғасырға дейін қырғыз халқының бір бөлігі: "Сібірді мекендеп тұрғанда орыстың қалаларын дамылсыз шауып, мазасын кетіре берген... сондықтан орыстың үғымында "қырғыз" деген сөздің өзі жау, шабағаншыл мағынасында орнап қалған. Ал қырғыздардан кейін орі көп, әрі орысқа бағынбай өз алдына отырған... казақтарды да кырғыздай жек көріп, лағынет орнына "қырғыз" деп атаған". ("Қазақ әдебиеті", 1991 жыл, 5 сәуір). Ал патша отаршылдары қазақтың казақ екенін біле тұра, оларға "қайсақ", "кырғыз" деген сияқты аттарды зорлап таңып, оның іргелі халық ретіндегі намысын екі ғасырға жуык. уакыт бойы қорлап келді.
XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан XIX ғасырдың алпысьшшы жылдарына дейінгі мерзім аралығында Қазакстан Ресейге түгелдей бағындырылып, соның салдарынан оның отарлы аймағына айналып тынғаны белгілі. Патша үкіметі Қазақстан сиякты боданын тырп еткізбей билеп-төстеп ұстаудың кұралы ретінде 11 казак-орыс әскерін (казачье войско) жасақтады. Ұлы Қазан революциясына дейін солардың төртеуі: Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак-орыс әскерлері Қазакстанда болды. Казак-орысты қазақпен шатастырмау үшін патша әкімшілігі ресми түрде қазакты "қырғыз" деп атап, ал нағыз қырғыз халқына "қара қырғыз", "жабайы кырғыз" деп мазақтаған ат берді.
Мәдени құрылыстағы барлық істерін біріктіріп, ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындардың әдет-ғұрпы мен жағдайын ескере отырып, Совет үкіметінің қаулыларын жүзеге асырды, Қазақстан Советтерінің құрылтай съөзін шақырып, өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізді. РСФСР-дің ұлт жөніндегі халкоматының басшылығымен казақ халқының Советтік мемлекетін құру жөніндегі ереженің жобасын жасады. Өлке халкының күнделікгі өміріне түрлі салалар бойынша Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанына қүрылған бөлім-дер мен бөлімшелер басшылық етті. Бірінші председателі С.С.Пестковский болды. Революциялық комитет қүрамывда әр кезде Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Д.Авдеев, Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, С.Мендешев, М.Тұңғашин т.б. кірді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитет 1920 жылы 13 қазанда қүрылтай съезі шақырылғанға дейін жұмыс істеді.
1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі Казақстан әкімшілік тұрғысынан қазақ жері біртұтас болмады. Мәселен, өлкенің Батыстағы айтарлықтай бөлігі — Астрахань генерал-губернаторына, дала елкесі — Батыс Сібірге, Оңтүстік облыстар Түркістан генерал-губернаторлығына карады. Совет өкіметі орнағаннан кейін де қазақ облыстары әкімшілік жағынан бытыраңқы жағдайда болып, РСФСР-дің түрлі
1925 жылғы 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасы Ақмешітте Қазақстан Советтерінің V съезі түңғыш рет өлкеміздің барлық аудандары еңбекшілерінін өкілдері катынаскан жағдайда өтгі. Осы съезд қабылдаған қарарлардың ішінде үлкен саяси мәні бар шешімнің бірі — қазақ халқының бұрмаланған, патша отарлаушылары XVIII ғасырдан бастап зорлап таңған теріс атын — "қырғыздар" атауын өзгертіп, оның тарихи шын атын — "қазақтар" деген атауды қалпына келтіруі болды. Сонымен қатар, съезд Қырғыз АССР-ін Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы деп қайта атады, республиканың жаңа астанасының да аты өзгертілді. Акмешіт каласы Қызылорда деп аталды. Кеп кешікпей Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Президиумы съезд шешімін бекітіп, былай деп каулы етті: "I. Қырғыз Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы деп өзгертілсін; II. Үкіметтің орналасқан жері Ақмешіт қаласының аты Қызылорда деп өзгертілсін".
Қазақстан Советтерінің V съөзінің шешімдерінде "Қазақ" жоне "Қазақстан" сөздері орыс тіліндегі тіркестерде "казаки", "Казакстан" деп жазылған болатын. Орысша бұл сөздерді осылай жазу 1936 жылға дейін сакталды. Қазақ АССР Орталық Аткару Комитетінің 1936 жылғы 9 ақпандағы қаулысына сойкес орыс тілінде "казаки", "Казахстан" деген неғұрлым дәл атау қабылданды."Қазақ" атымызды осылай қайтарып алған едік.
губернияларының қарамағында қалып қойды. Мәселен солтустік-шығыстағы екі облыс Ақмола мен Семей облыстары орталығы Омбыда болған Сібір өлкелік советіне қарады, Торғай облысы — Орынбор губерниялық советіне, Бөкей облысы /ордасы/ Астрахань губерниялық советіне кірді. Осылайша қазан төңкерісіне дейін орьш алған территориялык бытыраңқьшық әлі де сақталып тұрды. Әйтсе де Совет өкіметі казақ халқының ұлттық территориялық мемлекетгігі правосын, патша өкіметі тартып алған барлық жерлерден күралатын Қазақ республикасының шеңберінде косылуын қуатгап берді. Республиканың территориясын қалыптастыру этникалык, экономикалық аспектілерді мұқият зерттеу негізінде жүрді. Бұл В.И.Лениннің басшылығымен және Қазақстан, Сібір, Урал, Түркістан Советтері өкілдерінің, ірі мамандар мен ғалымдардаң қатысуымен істелді. Бұл мәселені шешуде жергілікті оргаңцардың пікірі де көп нәрсені дәлелдеуге, өртүрлі ұсыныстарды таразылауға, әр түрлі пікірлерді тыңдауға, көптеген жобалар мен пікірлердің ұлт мәселесі жөніндегі партия бағдарламасының мәні мен мазмүнына сай келетіндерін тандап алуға тура келді. Совет өкіметі езілген халықтардың ұлттық мемлекеттілігін тезірек құру және олардың территорияларын белгілеу міндетін алға қойды. Бұл багыттағы әзірлік жұмысын РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты тікелей жүргізді. 1917 жылы мамырда Халық комиссариатының қазақ бөлімшесі құрыльш, ол көп кешікпей маңызды іске кірісіп кетті. Алайда Қазақ Совет республикасының құрылуы мен оның территориялық бірлігінін орнатылуы азамат соғысьшьщ және итервенцияның басталуына байланысты 1918 жылғы жазда тоқтап қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет