Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет42/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80
Курс лекции каз

Шеңберлі қозғалыс
Ш


11.3 - сурет. Шеңберлі қозғалыстың қағмдалық сызба-нұсқасы
иеленісу нүктелерінің қауіптілік дәрежесі мен олардың санын қысқарту принципінің даму
үлгісі ретінде қиылыстардағы қозғалысты бір деңгейлі шеңберлі
етіп ұйымдастыруды айтуға болады.
Бұл тәсіл халықаралық тәжірибеде жоғары дәрежеде таралған және көп
елдің жол қозғалыс ережелеріндегі сигналдар және жол белгілері конвенциясына “шеңберлі қозғалыс” ретінде енгізілген. 11.3 суретте L –
өрілу сызығы. Шеңберлі қозғалыс автомобиль жолдарының түйіндерінде, қала көшелерінің қиылыстарында, әсіресе күрделі конфигурациялы алаңдарда және көп көшелердің қосылатын орындарында кеңінен қолданылады. Шеңберлі қозғалысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып қиылысатын шиеленісу нүктелерінің жоқ болуы және оны қосылатын, тармақталатын шиеленісу нүктелерімен ауыстыру болып табылады (сурет 11.3). Мұның арқасында көлік құралдарының қозғалысын реттеу қажеттілігі болмайды және қозғалыс жылдамдығының еріксіз түсірілуі қамтамасыз етіледі.
Соған байланысты қозғалысты осылайша ұйымдастыру өзі реттелу деп те атайды. Шеңберлі қозғалыс үшін айналасында көлік ағынының бір беткей қозғалысына арналған орталық арал болу қажет. Шеңберлі қозғалысты ұйымдастыру қиылыстарда көлік ағынының бір беткей қозғалу тәсілі дамыған түрі болып табылады.
Өзі реттелудің басты артықшылығы болып, қозғалысты тарқату жұмысының тұрақты және сенімді болуы. Ал бағдаршаммен реттеудің өзі реттелумен салыстырғанда кемшіліктері бар. Егер бағдаршам жұмыс уақытысында бұзылып қалған жағдайда, ол жүргізушілер арасында түсінбеушілікке әкеп соқтырады және соның салдары ретінде көлік құралдарының соқтығысу ықтималдығы туады.
Шеңберлі қозғалысы бар түйіндегі негізгі элементтер. Орталық арал шеңбер түрінде ғана емес, сонымен қатар алаң конфигурациясына және оған кіретін жүрістер санына байланысты басқа формалы болып келуі ықтимал.
Әлемнің аса ірі қалаларында 10-12 көшеге дейін кіретін шеңберлі қозғалысы бар алаңдар белгілі.
Шеңберлі қозғалысы бар алаңдардағы көлік ағынының қарқындылығының шамасына байланысты алаңға шығу орындарында және алаңның өзінде “күштеп реттеу” енгізілу мүмкін, бұл жағдайда мұндай тәсілдің үзіліссіз қозғалу және өзі реттелу секілді негізгі қасиеттері жоғалады да, тек қана алаңдағы қозғалыстың аумақшасының сызба-нұсқасы шеңбер ғана қалады.
Шеңберлі қозғалыстың тораптарының сипаттамалары:

  • қиылыстарда қақтығысу нүктелерінің болмауы;

  • түзу сызықты қозғалыс бөліктерімен салыстырғанда жылдамдықтың төмендеуі;

  • көлік ағындарының үздіксіздігі мен аялдамалардың азаюы;

  • еріксіз реттеу енгізуге кететін шығындардың болмауы.

Қозғалыс қауіпсіздігін және жағдайын талдағанда жоғарыда аталған ерекшеліктердің нәтижесінде шеңберлі қозғалыс тораптары басқа реттелмейтін тораптардан өзінің жоғарғы қауіпсіздігімен ерекшелінеді.
Бірақ та шеңберлі қозғалыс енгізу әр уақытта мүмкін емес. Оған кедергі орталық аралдардың керекті өлшемдері сәйкес келмегендіктен, сонымен қатар жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастырудың қиындығы және қолайсыздығы.
Шеңберлі қозғалысты енгізу мақсатты, егер барлық қызмет ететін бағыттарға ағындар біркелкі бөлінетін болса. Жаяу жүргіншілер қозғалысының кейбір жағдайлардағы мәселесін жер асты жаяу жүргіншілер өтімдерін пайдалану арқылы шешуге болады.
Шеңберлі қозғалысты ұйымдастырғанда келесілерді анықтау қажет:

  • орталық аралдардың пішінін және өлшемін;

  • жолақ санын және өту бөлігінің жалпы енін;

  • көлік құралдарының кіретін және шығатын қозғалу қисықтарының радиусын;

  • жолдардағы керекті хабарламалардың жиынтығын (номенклатура мен жол белгілерінің орналастырылуы).

Айқасу аймағының ұзындығы және көлік ағындарының дөңгелек аралдармен түйіскендегі сәйкес есепті жылдамдығы арал диаметріне тәуелді болады.
11.3-кестеде шеңберлі қозғалыс түйінін сипаттайтын негізгі өлшемдердің мәндері келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет