115
болады. Ол үшін тұздау уақыты біткен соң, белдеме жəне
сан етін
сиымдылығы 100-200 л бөшкелерге салып, тығыздығы 12°Ве
тұздықпен толтырады (тұздық құрамында селитра жəне қант жоқ),
сонымен қатар, тек қана жаңа дайындалған тұздықтарды
пайдаланады. Толтырудан алдын бөшке қақпағын тығыздап жабады,
тұздықты тесік арқылы құяды да, кейін жауып тастайды. Бөшкелерді
тоңазытқышқа салады жəне -9°С-та ұстайды.
Температураның
жоғарылауы бұлшықеттегі тұз жиынтығының көбеюіне алып келеді,
нəтижеде тұздық күші төмендейді. Сонымен қатар, -9°С-тан
төмен
температура да жарамайды, себебі, -10°С-та тұздық біртіндеп қата
бастайды. -9°С-та тұздың бұлшықетке одан əрі
сіңуін тоқтатады,
себебі, ол критикалық температура болып табылады. Тəжірибенің
көрсетуінше, шошқа сан еттерін жыл бойы тұздықта сақтап, қажетті
температураны ұстап отырсақ, онда ол сапасы бойынша шынайы сан
ет сапасынан айырмашылығы аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: