108
алып тастайды. Рубец, желін жəне т.б.
субөнімдерді бірнеше
бөліктерге кесіп бөледі. Оларды екі валды еткескіштерде кесуге
болады.
Талдаудан өткен субөнімдердің əрбір түрін өндірісте қолдануға
бөлек-бөлек жібереді. Талдаудан шыққан шығындыны техникалық
мақсатта қолданады.
Сиыр тілдерін майынан, тіласты сүйектерінен
жəне қан ұйытындыларынан ажыратады. Оларды ±1°-қа дейін
салқындатады, бір-бірлеп бүтіндей целлофан немесе полиэтилен
пакеттерге салады. Одан кейін тілдерді өлшейді, салмағын қағаздарға
жазып, пакеттерге жапсырады. Қажет
болған жағдайда тілдерді
пакетімен бірге қатырады. Шошқа жəне қой тілдерін де сол сияқты
өңдейді, салқындатады жəне пакеттерге 0,5-1 кг етіп салады. Сиыр
бауырын сыртқы қан тамырларынан, лимфатикалық түйіндерден, өт
қалталарынан ажыратады жəне +1 °С-қа дейін салқындатады. Сосын
0,5-1 кг порцияларға бөледі. Салқындатылған порцияларды целлофан
немесе басқа пленкалардан жасалған пакеттерге салып буып-түйеді.
Бауырларды қатырылған блок күйінде өңдеуге де болады. Сиыр
бауырлары қабығы бұзылмаған, бүтін болуы керек.
Жүннен тазартылған жəне жақсы
өңделген шошқа аяқтарын
+1°С-қа дейін салқындатылған немесе қатырылған күйінде буып-
түйеді. Шошқа аяқтарын тұяқ линиясы бойынша терілерін кесіп
алмай, 2 симметриялы бөлікке бөледі. Сөйтіп, оларды 0,5 жəне 1 кг
порцияларға бөліп, целлофан,
пергамент пакеттерге орап, реализа-
цияға жібереді.
Сиыр аяқтарын да атап көрсетілген əдіс бойынша 1 кг-дық
порцияларға бөліп өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: