Технологиясы


Тураманы араластырғышта өңдеу



Pdf көрінісі
бет69/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   125
Тураманы араластырғышта өңдеу. Құрылымдық шұжық 
өнімдерін (қақталған, жартылай қақталған) өндіруде араластыр-
ғыштарды қолданады. Араластырғышқа шикізатты жүктеу тəртібі 
төмендегідей: сиыр еті, мұз, 6-8 минуттан соң дəмдеуіштер, шошқа 
еті, қыртыс май.
Араластырғышта жұмыс істеу кезінде қойылатын талаптар:
— 
турама түріне байланысты оның араластыру ұзақтығын 
таңдау; 
— 
куттерленген етті араластыруда мұз жəне су қоспау; 
— 
егер тұздау жəне куттерлеу кезінде нитрит қосылмаған болса, 
онда оны ерітінді түрінде турама бетіне біртегіс құю керек. 
Нитрит əсері турама температурасына, мөлшеріне жəне құю 
уақытына тікелей тəуелді болады. Жоғарғы температурада нитрит 
тураманы тезірек сұр түске бояйды, ал төменгі температурада баяу 
бояйды. Нитриттің əсерін турама түсі ала түске боялғанынан 
байқауға болады, мұнда оны ет миоглобинімен байланысқа түсті деп 
айтуға болады. Жылдың суық күндері нитритпен миоглобиннің 
байланысы тураманы араластырғыштан түсіріп алғанан соң, 1-2 
сағаттан кейін байқалады. Өндірісте көп қолданылатын аралас-
тырғыштар – сиымдылығы 340-645 л болатын автоматты түсіргіші 
бар араластырғыштар болып табылады. Ол араластырғыштар ішінде 
екі Z тəрізді қалқалар бар жəне олар бір-бірімен қарама-қарсы 
бағытта айналады.
Араластырғышта жұмыс істеу кезінде тағы мынадай талаптар 
қойылады: 
— 
тураманы сөндірілген машинаға ғана жүктеу; 
— 
машинаға бөтен қатты заттардың түспеуін қадағалау; 


119 
— 
магнитті өткізгіш қосылып тұрған кезде екі кнопканы бірден 
баспау керек, себебі, ол шынжырдың үзілуіне жəне 
двигательдің істен шығуына алып келеді; 
— 
егер ыдыс турамаға толып тұрса, онда алдымен двигательдің 
өзін қосамыз, содан кейін қалқаларды іске келтіреміз; 
— 
жұмыс істеп тұрған кезінде тураманы қолмен ұстауға 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет