127
Ярустың бір погонды метріне 7-10 таяқ шұжық өнімдерін
орналастырады. Кептіру камерасының
көлемі пайдалы аудан
бойынша жəне ярустар биіктігіне тəуелді болады. Кептіру
камерасының көлемін анықтаудың өлшем бірлігі ретінде ярустың 1
погон метріне түсетін жүктеме бойынша анықталады: шошқа ішегіне
толтырылған шұжық өнімдері үшін – 70 кг, сиыр ішегіне толты-
рылған шұжық өнімдері үшін – 42 кг боп табылады.
Ал кейбір ет өңдеу комбинаттарында
шұжық өнімдерінен
ылғалдылықты қысқы күндері 15-18
0
С-қа дейін жылытылған ауамен
кептіргіш камераларында кептіріледі. Сыртқы ауаның ылғалдылығы
жоғары болса, мұндай камераларда
шұжық өнімдерін зең баса
бастайды. Жаз күндері мұндай камераларды қолдану қиынға түседі,
өйткені, сыртқы ауа температурасы жоғары болады.сондықтан
барлық кептіргіш камераларын кондиционерлермен жабдықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: