122
тураманың
кесірінен, ылғалдың толық шығуы кедергіге ұшырайды.
Сондықтан, шикілей қақталған шұжықтарды ауа салқындатқыш
аппараттары бар камераларда кептіруге болмайды. Бұл камераларда
қабырға батареялары болуы керек. Шөктіру процессі 0-2
0
С
температурада жəне 80-85% ауа ылғалдылығында жүргізілуі керек.
Шөктіру процессін
өткен шұжықтар жақсы қуырылады, себебі,
ылғал өте аз шығарылады. Шөктіру ұзақтығына жəне қажеттігіне
байланысты шұжықтарды 3 топқа бөлуге болады:
бірінші топ – шикілей қақталған шұжықтар,
шөктіру ұзақтығы
5-10 тəулік. Міндетті түрде шөктіру процессін жүргізу қажет,
керісінше жағдайда шұжық өнімдерінің бұзылуы байқалады;
екінші топ – жартылай қақталған шұжықтар, шөктіру ұзақтығы
4-6 сағат. Міндетті түрде шөктіру процессін өткізу керек, өйткені, бұл
шұжықтарды максимальді түрде кептіру керек жəне шөктіру процессі
дұрыстап жүрмесе, шұжық бетінде əжімдер пайда болады жəне
шұжықтар тұрақсыз болып келеді. Бұл топқа пісіріліп-қақталған
шұжықтарды да жатқызуға болады, бірақ оларды шөктіру ұзақтығы –
24-48 сағат.
үшінші топ – пісірілген шұжықтар,
сарделькалар мен сосис-
калар. Шөктіру ұзақтығы 2 сағат. Пісірілген шұжықтардың ішінде
«белорусская» жəне «столичная» шұжықтарын шөктіру міндетті
түрде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: