қолдану, мысалы: техникалық шикізаттың құрғақ жем жасау үшін
құрғақ немесе сулы тəсілді қодану немесе ішек-қарынды толығымен
немесе жартылай құсты өңдеу тəсілі;
– əр түрлі технологиялық жабдықтарды қолдану бір немесе
бірнеше негізгі технологиялық операцияларды орындау үшін,
мысалы: техникалық шикізатты өңдеуде сулы тəсілді қолдану арқылы
автоклавты немесе АВЖ машинасын қолдану немесе құстың
тушасынан қауырсындарды алып тастау үшін ортадан тепкіш
тазалағышты немесе дисктік аппаратты қолдану; Сызбада жаңа
заманға сай жабдықты мына мақсатта қолдану керек:
а) дайын өнімнің сорттылығын жоғарылату;
б) қайта өңдеу кезінде шығынды азайту немесе шығысты
көбейту
в) технологиялық үрдістің қарқындылығы;
г) жабдықтың эксплуатациялық сипаттамасын жақсарту.
– технологиялық сызбаға қосымша операцияларды енгізу,
қарастырылмаған типтік технологиялық нұсқаулықтар;
Қосымша операциялар ғылыми-зерттеулік немесе тəжірибелік-
құрастырғыш жұмыстардың нəтижесі жəне мынадай мақсатқа ие:
а) өңдеуден шығатын шығынды азайту немесе негізгі өнімнің
шығысын жоғарылату;
б) шикізаттың қайта өңдеудің қалдықсыз технологиясын енгізу;
в) өнімнің өңдеу сапасын жоғарылату;
г) өнімнің санитарлы қалпын жəне сақтау кезінде оның
тұрақтылығын жоғарылату.
Мысалы, малды қайта өңдеудің технологиясында қосымша
операция ретінде булы жарты тушаның бетіне қабықша түзетін
қабатты енгізу.
– өңдеудің жаңа параметрлерін қолдану ол үрдістің қар-
қынды жүруі үшін қолданылады, мысалы, құс тушасының қайнаған
сумен қатты күйдіру;
– өнімнің тауарлық түрін жақсарту мақсатында опера-
циялар немесе жабдықтар енгізу, мысалы, консервіленген терілерді
теңді əдісті рулондаумен ауыстыру.
144
Достарыңызбен бөлісу: |