Деректерді жергілікті желі арқылы жіберу


Ethernet концентраторлары



бет4/6
Дата09.02.2024
өлшемі3.85 Mb.
#491450
1   2   3   4   5   6
ДӘРІС-3

Ethernet концентраторлары
Бастапқыда Ethernet желілерінде бүкіл хосттар бір кабель арқылы жалғанған болатын.
Ethernet желілерінің танымалдығы артуына байланысты бүкіл хосттарды жалғыз кабель арқылы жалғау
мүмкін емес болды. Сондықтан концентраторлар қолданыла бастады. Концентраторда хосттарды желіге
жалғау үшін арналған бірнеше порттар бар. Концентратор хаттаманың қай хостқа жіберілгенін анықтай
алмайды, ол тек бір порттан келген электронды сигналдарды қалған барлық порттарға да жіберіп отырады.
Ethernet концентраторы арқылы бір уақытта тек қана бір хаттама жіберуге болады. Егер де, екі немесе
одан көп хосттар бір уақытта хаттама жіберетін болса, осы хаттамаларды құрайтын электронды
сигналдар бір-бірімен соқтығысады. Бұл коллизия деп аталады. Хосттар хаттаманы оқи алмайды, сондықтан
оларды қайта жіберу керек. Көптеп қайталап хаттамаларды жіберу процессі желінің жұмысын төмендетіп,
желілік трафикті азайтады. Сондықтан да қазіргі таңда концентраторлар қолданыстан шығып, олардың орнына
Ethernet коммутаторлары келді.
Ethernet коммутаторлары
Коммутатор (Switch) - көпір сияқты ашық жүйелер әрекеттестігі (АЖӘ, OSІ) үлгісінің арналық деңгейінде қызмет
атқарады және жергілікті желілерді сегменттерге бөлу үшін, сондай-ақ сегменттер мен кішігірім жергілікті
желілерді біріктіру үшін қолданылады. Қазіргі заманғы коммутаторлардың 16, 24 және одан да көп порттары бар.
Коммутаторда кез келген порт жұптарының арасында біруақытта байласу ұйымдастыруға болады. Ал бұл болса,
желінің жалпы өткізу қабілетін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік тудырады. Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ оның
жұмыс өнімділігі жоғары, өйткені көпір бір мезетте тек екі порт арасын байланыстырады. Ал Коммутатор өзіндегі
барлық порттар асарын бірден байланыстыра алады. Коммутатор жұмыс істеу барысында кадрдың МАС
мекен-жайын пайдаланады. Коммутатор деректерді тиісті адрестерге ғана жеткізуге мүмкіндік береді. Ол ақпарат
беруші және қабылдаушы компьютерлер арасында тікелей байланыс орнатады. Оның әрбір компьютерге дерек жеткізу
жылдамдығы 100 Мбит/с.
Ethernet коммутаторы UТР кабелі базасында
компьютерлерді және Ethernet желісі құралдарын өзара
қосу үшін қолданылады. Оның концентратардан
ерекшелігі қосымша мүмкіндіктерінің болуы, локальдік
желінің тиімділігін арттыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет