Компрессордағы жұмыс процесі
Сурет 8.1-Зиян кеңістіктің сору процесіне әсер етуі
Поршендік компресордағы жұмыс процесіне әсер ететін барлық жағдайларды ескеру қиын. Сондықтан компресордағы жұмыс процесін зерттеу барысында тек негізгі факторлар ғана ескеріледі. Сонымен қатар зиянды кеңістіктің әсері, сору кезіндегі клапандардың кедергілері және компрессор мен қоршаған ортаның арасындағы жылуалмасу қарастырылады.
Зиянды кеңістік деп поршеннің цилиндрдің ең шеткі жеріне жеткендегі поршень мен цилиндр қақпағының арасындағы көлемді айтады. Зиянды кеңістіктің мөлшері цилиндрдағы компроссор клапандарының немесе сорып алушы каналдар мысқалдарының (золотников) болуымен ескертіледі. Бұл мөлшер V0 (8.1-сурет) поршеннің жүретін жерінің көлемінің 3-8% құрайды.
Зиян кеңістік компрессордың өнімділігін төмендетеді. Өйткені зиянды кеңістіктегі сығылған ауа поршеннің сору кезінде ұлғаяды (4-7-сызық), сондықтан сору процесі ауаның қысымы Р1-ге дейін төменделгенде ғана басталады.
Осылайша, сорып алынатын ауаның көлемі ұлғаю көлеміне азаяды, ал поршеннің пайдалы жүрісі 1’-1 кесінді мөлшеріне кемиді. Сол ауаның нәтижесінде ауа жинағышқа компрессормен берілетін ауаның көлемі сипатталынған поршендікінен кемірек болады.
Сорып алынатын ауа көлемінің сипатталынған поршендегі көлемге қатынасы:
(90)
Бұл компрессордың көлемдік пайдалы әсер коэффициенті деп аталады. η0 мөлшері v0 және бастапқы мен соңғы қысымға қатысты өзгереді.
Бірақ зиянды кеңістік әсерінен сору прцесінің басында сығылған ауаның ұлғаюына байланысты, қысым сору клапандарына біртіндеп әсер етеді және олар жатық (плавно) көтеріледі.
Сурет 8.2-Қысыды зиянды кеңістікте түзету
Зиянды кеңістікте қалған ауаның сығылуына кеткен энергия поршеннің жүрісі кезінде ауа ұлғайғанда поршнге қайтып келеді. Зиянды кеңістік әсерінен компрессордың өнімділігі кемиді, сонымен қатар компрессордың жұмыс істеуіне кететін энергия да кемиді. Зиянды кеңістікті азайту үшін қос әрекетті компрессорларда қысымды тегістеудің екі тәсілі қолданылады. Егер ауаның таратуы мысқалдық (золотниковое) болса, онда қысымды тегістеу мысқалдағы (в золотнике) ерекше каналмен, ал таратуы клапандық және поршень дискілік болса цилиндрде тереңдету арқылы жасалады.
Екінші тәсіл өте қарапайым болып табылады. Оның маңыздылығы мынада. Поршеннің цилиндрдің ішіндегі ең шеткі жерінде 2 цилиндрдің айналасында 6-8 кішкене қанаулар (канавки) орнатады. Және олардың ұзындығы поршеннің қалындығынан ұзын болады. Кішкене қанаулардың тереңдігі 3-4 мм, қалыңдығы 10-12 мм.
Поршен кішкене қанаулар үстінде цилиндрдің ең шеткі жеріне жеткенде (өлі жайда), зиянды кеңістіктегі сығылған ауа поршенге қарама-қарсы бағытта кішкене қанауларға қарай ұмтылады және зиянды кеңістіктегі қысым төмендей бастайды. Бұл жакғдайда компрессордың өнімділігі артады. Поршеннің өлі жайында кішкене қанаулардың көмегімен цилиндрдің екі қуысы жалғанады. Нәтижесінде ауаға толы зиянды кеңістік, сору процесі жана ғана біткен қарама-қарсы қуыспен жалғанады. Зиянды кеңістіктің көлемі цилиндр көлемінен кіші болғандықтан, зиянды кеңістіктегі көлем сору процесіндегі көлемге дейін төмендейді, ал поршеннің басқа жағындағы қысым біраз төмендейді. Сору процесі кезінде ауа құбырдың ішкі қабатымен және фильтрмен үйкелісу нәтижесінде кедергі пайда болады және ішіндегі қысымы атмосфералықтан төмен сору клапандарын ашуға жұмсалатын қосымша қысым төмендейді. Сондықтан ауаны сору 1-2 сызығы атмосфералық қысымға р сәйкес А-В сызығынан төмен орналасқан. 2-ден И-ге дейінгі кесінді поршеннің жүрісінің мөлшерін анықтайды. Осы кезде сорып алынған ауаны атмосфералықтан төмен қысымнан атмосфералық қысымға дейін сығады. В нүктесінен Н нүктесіне дейінгі (көлденең) кесінді нәтижесінде компрессордың өнімділігі кемитін поршеннің пайдалы жұмысын сипаттайды.
Сору процесінің басында цилиндр ішіндегі қысым сорып алынатын ауа қысымынан р1 кем болуы керек. Ол атмосфералық қысым сору клапанының механикалық, инерциялық және гидравликалық кедергілеріне тойтарыс беру үшін қажет.
Сурет 8.3-Сору клапанының кедергісінің әсері.
Айдау (нагнетания) процесінде жәбірлік клапанды ашу үшін, клапанды ашық күйде ұстап тұруға қажет қысымнан артық қысым керек. Жәбірлік клапанның пластина бетінің ауданы цилиндр жағы жәбірлік құбыр жағынан, клапанның тірек бетінің мөлшеріне, кіші болады. Сондықтан жәбірлік клапанды ашу үшін, цилиндрдегі қысым жәбірлік магистральдағы қысымнан артық болу керек (8.3-сурет).
8.4-суретіне қарайтын болсақ сығу процесінің соңына сәйкес С нүктесі цилиндрдегі қысым 2 жәбірлік магистральдағы қысымнан артық екенін көрсетеді.
Айдау кезіндегі кедергі шығарылатын клапан мен клапандардық серіппелердің кері әрекетінен пайда болады.
Сурет 8.4-бірсатылы компрессордың жұмыстық циклінің диаграммасы
Көріп отырғандай индикаторлық диаграммада Е-К сору сызықтары С-D айдау сызықтары жатық (плавный) болып шықпайды. Өйткені ауа сәйкес клапандар арқылы өткенде қысымы өзгереді. Ауа құбырында қысымның соққылауы (пульсация) және клапандық серіппелердің дірілі (вибрация) пайда болады. Зиянды кеңістіктің ауданы поршеннің шеткі жайында май құю арқылы анықталады. Зиянды кеңістікті поршеннің шатунын немесе штокын ұзарту арқылы азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |