Беттік керілу (капиллярлылық). Жіңішке түтіктермен сұйықтың көтерілуі, төмен түсуі, оның капиллярлық қасиетіне байланысты. Сұйықтың капиллярлы түтіктермен көтерілуі, түтік қабырғасына жұғатын сұйықтарға, ал төмен түсуі түтік қабырғасына жұқпайтын сұйықтарға тән. Мысалы, шыныдан жасалған түтікке жұғатын су осы түтіктің бойымен жоғары көтеріледі де, бұл түтікке жұқпайтын сынап меншікті салмақ әсерінен төмен түседі. Сұйықтың капиллярлығы беттік керілу күшіне байланысты.
Гидравликалық үдерістердің көбінде, беттік керілу күшін өте аз шама болғандықтан қарастырмайды. Бірақ, капиллярлықтың жер астындығы немесе топырақ кеуектеріндегі судың қозғалысына тигізетін әсері өте зор. Сондықтан сұйықтың гидравликалық есептеулерінде капиллярлылық қасиетін есепке алу өте қажет.
Гидростатика. Гидростатикалық қысым.
Гидростатика - гидравликаның негізгі бір бөлімі, ол сұйықтың тепе-теңдігі мен қатты дененің түгелімен немесе жартылай батқан кездегі сипатын зерттейді. Тыныштықта тұрған сұйықтың жанама күш - кернеуі нөлге тең болады да, оған нормалы күш - кернеуі әсерін тигізеді (оның салмақ күші).
Гидростиканың негізі болып, сол нүктедегі сұйықтың тыныштық күйіндегі гидростатикалық қысымы есептелінеді, ол Р таңбасымен белгіленеді. Тыныштықтағы сұйықтың гидростатикалық қысымын Р скалярлық шама деп атайды, ол сол нүктедегі кернеу модуліне тең Р=( ) болады.
Мысалы, 2.1, 2.2-суреттердегі қарапайым тамшыны алайың, оны ортасынан кесіп оған элементарлы нүктедегі ауданша өте кішкене күш әсерін тигізеді. Р, онда гидротатикалық қысым сұйықтың сол нүктесінде:
немесе
онда гидростатикалық қысым ішкі күшке айналады.
Егер, р= const болғанда, тепе-теңдік күйіндегі сұйықтың қай нүктесі болса да сыртқы күшті былай табады:
Мұндағы, х, у, z - сыртқы күштің тигізетін әсерінен белгілі координатадағы үдеу күшінің кескіні. Егер сұйық өзінің салмағымен тепе-теңдік жағдайында болса, оның проекцияда өзінің салмақ күшіне тең болса,
х = 0: у= 0: z = -z
онда былай жазылады:
немесе ,
А нүктесінің сұйық ішіндегі координатасы, немесе су бетінен А нүктесіне дейінгі тереңдік қысымының бірлік энергиясы. Сұйықтың А нүктесіндегі салмақ күшінің
өсерінен тепе-теңдік күйіндегі гидростатикалық қысымы немесе гидростатиканың негізгі теңдеуі:
мұндағы, Р0 -сырттан түсетін қысым; -артық қысым; һ -тереңдік өлшемі. Бұл формула тыныштықтағы тұрған сұйықтың тепе-теңдік күйіндегі қысым тереңдігі артқан сайын, бөлініп таралу заңдылығын көрсететін гидростатиканың негізгі теңдеуі деп атайды.
Қысым өлшемдері: Н/м2; кгс/см2 немесе 1 кгс/см2 = 1 атм = 98066,5 Н/м2, өте жоғары қысым меганьютонмен (МН/м2) есептелінеді. Кейде мына өлшем де қолданылады: 1 бар= 105 Н/м2.
Достарыңызбен бөлісу: |