6. Қорытынды сұрақтар (кері байланыс):
Жағар майларға дәрілік түр ретінде сипаттама беріңіздер?
Жағар майлар қалай жіктеледі?
Жағар майларды дайындау үшін қолданылатын негіздердің жіктелуі.
Жағар майларды дайындау үшін қолданылатын негіздерге қойылатын талаптар.
Гидрофобты негіздердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар?
Гидрофильді негіздердің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Липофильді-гидрофильді негіздер дегеніміз не және олардың қандай қасиеттері бар?
Гомогенді жағар майлар қалай бөлінеді? Сипаттама беріңіздер.
Гетерогенді жағар майлар қалай бөлінеді? Сипаттама беріңіздер.
Жағар майларға дәрілік заттарды енгізу жолдары?
Дәріс № 3
1. Тақырыбы: Суппозиторийлер дәрілік түр ретінде. Суппозиторийлерді дайындау әдістері.
2. Мақсаты: студенттер суппозиториилерді қолмен илеу және қалыпқа құю тәсілдерімен дайындауды және олардың сапасын бағалауды үйренуі қажет.
3. Дәріс тезистері:
Дәрілік түрлердің сипаттамасы Анықтамасы. Жіктелуі.
Суппозиториилерге арналған негіздер. Оларға қойылатын талаптар.
Суппозиториилерге рецепт жазу ережелері.
Суппозиториилерді алу әдістері.
Дәрілік заттарды негізге енгізу.
Суппозиториилердің сапасын бағалау.
Дәрілік түрлердің сипаттамасы Анықтамасы. Жіктелуі. Суппозиторийлер официналдық дәрілік түр. МФ ХІ басылымы бойынша, суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын немесе еритін дозаланған дәрілік түр. Суппозиторийлер тік ішекке, ағзаның басқа да табиғи және паталогиялық қуыстарына енгізуге қолданылады. МФ XІ басылымы бойынша жіктелуі: ректалды - supposіtorіa rectalіa, вагиналды - supposіtorіa vaqіnаlіa, таяқшалар - supposіtorіa baccіllі
Достарыңызбен бөлісу: |