Орамдау және безендіру. Майлы негізде дайындалған суппозиторийлерді пергамент қағазға, желатин-глицеринді, сабынды-глицеринді негіздерде - балауыздалған, парафинделген қағазға орамдайды. Шариктер мен пессарийлерді гофрирленген қалпақшаларға салып картон қорабпен, таяқшаларды қағаз бүктемесінің арасына салып босатады. Қорабқа негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын, жарық түспейтін жерге сақта», «Балалардан сақта» ҚРДСМ 13.08.2010 ж. № 636 бұйрығының талаптарына сәйкес безендіреді. Құрамында «А» тізімге кіретін улы немесе есірткі заттары бар суппозиторийлерді қосымша ҚРДСМ 01.11.1996 ж. № 481, 07.04.2005 ж. № 173 бұйрықтарының талаптарына сай безендіреді.
Суппозиторийлердің сапасын бағалау. Суппозиторийлердің сапасын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: құжаттардың бар екендігі және дұрыстығы; босатуға дәрілік түрдің дұрыс безендірілгені; массаның біркелкілігі - ұзына бойы кескен кезде қарусыз көзбен дақтар көрінбеуі (майдаланбаған дәрілік зат немесе майдаланбаған негіз болмауы) керек; 20 суппозиторийді 0,01 г дәлдікке дейін өлшеп, орташа салмағын анықтайды. Салмағындағы ауытқу мөлшері 5 % аспауы керек; липофильді негізде дайындалған суппозиторийлердің балқу температурасын анықтайды, ол 37°С аспауы керек; толық деформациялану уақытын анықтайды, ол 3-15 минуттан аспауы керек (МФ ХІ басылымы, 2 том, 153 бет); гидрофильді негізде дайындалған суппозиторийлердің еру уақытын анықтайды. Ол үшін 1 суппозиторийді сыйымдылығы 100 мл түтіктің түбіне салып, температурасы 37°С 50 мл су құяды да, 5 минут шайқайды. Суппозиторий, егер жеке мақалада арнайы көрсетілмесе 1 сағат ішінде еруі керек; сандық мөлшерін анықтау және әсер етуші заттардың дозалану дәлдігін анықтау жеке мақалада көрсетіледі; сақталуы: құрғақ, салқын жерде.
4. Иллюстрациялық материалдар:
Кестелер:
Қолмен илеу тәсілімен суппозиториилерді дайындау
Кейбір дәрілік заттардың орын басу коэффициентті
Дәріханада суппозиториилерді дайындаудың схемасы.
Графпроектормен тақырып бойынша рецептерді демострация жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |