Эмульгаторлардың сипаттамасы және жіктелуі. Эмульгаторларға қойылатын талаптар: дифильдiк, беттiк тартылысты төмендету қабiлетi, дәрiлiк заттармен әрекеттеспеуi қажет, фармакологиялық индифференттi болуы керек. Эмульгаторлар және олардың жiктелуi. Барлық эмульгаторлар құрылысы және қасиеттерi бойынша ионогендi және ионогендi емес болып бөлiнедi. Ионогендi эмульгаторларға жататын анионактивтi және катионактивтi БАЗ-дар, линименттер және жағар майлар технологиясында қолданылады. Дәрiханада эмульсиялар дайындау үшiн шайырлар, пектиндi және шырышты заттар кеңiнен қолданылады. Шайырлар - фаза-аралық шекарада шайырлардан түзiлген адсорбциялық пленкалар жоғары серпiндiлiгiмен және берiктiгiмен сипатталынады. Аравиялық шайыр, гуммиарабик (Gummi arabicum) - импорттық өнiм, африкалық акациядан алынады. Жақсы сорттары сарғыштау, жартылай мөлдiр бөлшектер. Тұрақтандыру үшін 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Өрiк шайыры (Gummi armeniaca) - өрiк ағашы бұтақтарының дiңгектерiнен кесiлген және жарылған жерiнен алынады. Көп мөлшерде Орта Азияда әзiрлейдi. 10 бөлiк майға 5 бөлiк шайыр алынады. Қасиетi бойынша гуммиарабиктi толық алмастырады. Амфотерлi эмульгаторлар. Желатоза - Gelatosae. Желатиннiң судағы жартылай гидролизiнiң өнiмi (1:2). 10,0 г майға 5,0 г желатоза алынады. Сонымен қатар казеин, натрий казеинаты, құрғақ сүт қолданылады. Жұмыртқаның сарысы. Құрамында эмульгирленген түрде болатын 29-36% майлары және липоидтары бар 17%-дық ақ уыздың ерiтiндiсi болып табылады. Бiр жұмыртқаның сарысымен 15-20 г майды эмульгирлеуге болады. Жұмыртқа сарысындағы эмульгирлеушi агент - фосфопротеид вителлин болып табылады. Ионогендi емес эмульгаторлар. Крахмал - Amylum. Дәрiханалық эмульсияларда крахмал шырышы түрiнде қолданылады (Mucilago Amyli). 10,0 г майды эмульгирлеу үшiн 5,0 г крахмал керек (10%-дық шырыш дайындалады).
Дәнндік эмульсиялар. Дәнді эмульсиялар майдаланған тұқымдардан ондағы суда еритiн компоненттердi және майларды сiрiндiлеу арқылы дайындалады. Егер жазылымда тұқымдардың мөлшерi көрсетiлмесе, онда 100,0 г эмульсия дайындау үшiн 10,0 г тұқым (1:10) алынады. Эмульсияны дайындаған кезде тазартылған тұқымдарды фарфор келiге салып, алынған шикiзаттың салмағының 1/10 бөлiгiндей сумен бiртектi ботқа тәрiздi масса түзiлгенше ысқылайды, содан соң бiртiндеп судың қалған мөлшерiн косады. Құтыны алдын-ала тарирлеп, эмульсияны екi қабат дәке арқылы сүзедi (эмульсия салмақпен дозаланады).
Достарыңызбен бөлісу: |