Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері


Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау сатылары



бет38/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

Шаншуға арналған ерітінділерді дайындау сатылары. Дәріханалардағы шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады: бөлмені-асептикалық блокты дайындау; фармацевт-технологты дайындау; ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау; дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындау; дәрілік заттарды еріту; тұрақтандыру; фильтрлеу; ерітінді құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау; флаконды тығындап, механикалық қоспалардың болмауын бақылау; тығынды бекітіп, маркалау; ерітіндіні стерильдеу; ерітіндінің мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспаларын болмауын анықтап, химиялық талдау жасау; безендіру және босату.
Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу процесінде және сақтаған кезде, кейбір дәрілік заттар ыдырап, оларды тұрақтандыру қажеттілігін тудырады. Ерітінділердегі дәрілік заттардың ыдырау себебі – гидролиз және тотығу-тотықсыздану реакциялары есебінен жүреді. Бұл реакциялар көрінбейтін өзгерістер түрінде, сонымен қатар боялу немесе түсінің, иісінің өзгеруі, тұнба түзілуі сияқты өзгерістермен өтуі мүмкін. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздарды хлорсутек қышқылының ерітіндісін қосу арқылы (0,1 моль/л) тұрақтандырады. Ерітіндіні тұрақтандыру үшін қажет қышқыл мөлшері препараттың қасиетіне байланысты анықталады. Жиі шығын нормасы 1л тұрақтандыратын ерітіндіге 10 мл қышқыл ерітіндісі құрайды, осыған байланысты хлорсутек қышқылының (0,001 моль/л) рН=3,0-4,0 болатын ерітіндісі түзіледі. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Гидролизді бәсеңдету үшін, натрий гидроксидін (0,1 моль/л) немесе натрий гидрокарбонатын қосып, әлсіз сілтілі орта жасау қажет. Күшті негіз және әлсіз қышқылдан түзілген тұздарға: натрий нитриті, натрий тиосульфаты, кофеин-натрий бензоаты жатады. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Мұндай тұздар гидролизін болдырмау тек БАЗ қосу арқылы мүмкін болады, өте сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет