2 күн
Тақырыбы: Фармацевтикалық кәсіпорынның құрылымымен танысу. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе брифинг өткізу. Ғылыми-зерттеу бөлімінің және СҚД (сапаны бақылау бөлімі) жұмысымен танысу.
Қысқаша конспект:
Фармацевтикалық кәсіпорынның құрылымымен танысу. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқамадан өту. Зерттеу бөлімі және СБК (сапаны бақылау бөлімі) жұмысымен танысу
Қысқаша конспект:
Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.
Қауіпсіздік техникасы бұл - еңбек қызметі кезінде адамға қауіпті және зиянды факторлардың әсерін азайтуға немесе жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүйесі.
Оның мақсаттары - қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өндірістік немесе өзге де жарақаттарды барынша азайту, денсаулығын қорғау; Қауіпсіздік техникасын сақтамау өндірістік жарақаттанудың туындауына әкеліп соғады.
Осының барлығын әртүрлі іс-шараларды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі - еңбекті қорғау қадағалап отыратыны түсіндірілді.
Фармацевтика саласында сәтті қолданылатын және фармацевтикалық өнімдердегі қауіптілікті барынша азайтуға, және тұтынушының сенімділігін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы – GMP принциптері туралы сөз қозғалды.Өрт шығу себептері өте көп және әр түрлі болады. Олардың бастылары мыналар:
• жанғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
• жылыту жүйесін, электр желісін, электр қондырғыларын дұрыс пайдаланбау;
• өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу;
• газ, бу, шаң, газ баллондары, компрессорлар, тағы басқа заттардың жарылуы;
• электрлік, механикалық және басқа ұшқындар;
• жанғыш заттардың өздігінен тұтануы және жануы;
• статикалық және атмосфералық электр разряды;
• жанармай, майлау, бояу материалдарын және басқа жанғыш сұйықтарды дұрыс сақтамау;
• құрал-жабдықтардың қатты қызуы;
• әдейі өртеу, т.б.
Фармацевтикалық кәсіпорындар цех принципі бойынша салынған және құрамында келесі құрылымдары бар: галендік, таблетка, вакцина, және т.б препараттарды өндіретін цехтар.Галендік цехы 3 қабаттан тұратын 3 бөлімнен тұрады: біріншісі - экстракция бөлімі,
екіншісі - тұндыру және сүзу бөлімі, үшіншісі - орау бөлімі.Қазіргі уақытта галендік цехы дайын өнімнің 15-тен астам түрін шығарады, оларды тапсырыс қалыптасқан кезде цех шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |