Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет21/46
Дата14.07.2022
өлшемі1.33 Mb.
#459691
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Балқығыш үлгілер бойынша құю. Балқу температурасы жоғары металдардан, яғни болаттардан құйма жасау үшін балқығыш үлгілер бойынша құю әдісін қолданады. Бұл әдісте балқу температурасы төмен металдардан жасалған үлгілер бойынша қалып жасап, қыздыру арқылы қалыптан үлгілерді ерітіп шығарады.
Балқығыш үлгілер бойынша құйма құю процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

  • болат немесе жезден жасалған қалыпты 900°С-қа дейін қыздырғанда оның ұлғаюын ескере отырып, құйманың эталонын жасау;

  • балқығыш үлгілер үшін пресс қалып жасау;

  • балқығыш заттардан пресс қалыпқа құйылатын құйманың үлгісін жасау;

  • жасалған үлгілерді құю жүйесіне бекітіп, үлгілер блогын жасау;

  • үлгілер блогын отқа төзімді арнаулы керамикадан жасалған (маршалит, этилсиликат) заттармен қаптау;

  • блокты опокаға салып қалып жасау;

  • қалыпты 120-150°С температураға дейін қыздырып, оның ішіндегі балқығыш үлгі қалдықтарын тазарту үшін 900-950°С-қа дейін қыздыру;

  • қалыпты 750-800°С-қа дейін қыздырып, оған металл құю;

  • құйманы қалыптан ажырату және оны тазарту.

Қалыпты сұйық толтыру жолы пештің түріне байланысты болады. Қалыпты центрден тепкіш машинамен немесе 19,6кн/м² (2-5 атм) қысым арқылы металмен толтырғанда құйманың сапасы артады.
Қабықты қалыптарға құю. Бұл әдіс бойынша үлгі 150-180°С-қа дейін қыздырылып, құю жүйесі бекітілген үлгі плитасы (4.4,а-сурет) және қалып қоспасы айналмалы шанаққа (4.4,б-сурет) бекітіледі. Қалып қоспасының құрамы 6-8 термореактивті шайырдан (смоладан), қалғаны кварц құмынан тұрады. Шанақ 180°-қа бұрылған кезде қалып қоспасы үлгінің үстіне төгіледі (4.4,в-сурет). Үлгі плитасының және үлгінің жылумен қалып қоспасының құрамындағы термореактивті шайыр еріп, құмның қиыршықтарын біріктіреді. Біріктірілген құм қиыршықтары үлгі мен үлгі плитасына жабысып, қабат пайда болады. Пайда болған қабаттың қалыңдығы үлгі мен плитаның температурасына және суретте көрсетілген кұйде ұстау уақытына байланысты. Ұстау уақыты 15-30 секунд болса, пайда болған қабаттың қалыңдығы 50-100мм-ге дейін жетеді.



7.4-сурет. Қабықша қалыптарды жасау.


Шанақты тағы да 180°-қа бұрса, қалып қоспасы үлгіден шанаққа төгіліп, үлгіде пайда болған қабат қалады.


Құю өндірісінің бұл әдісінің мынадай артықшылықтары бар:

  • қалып қоспасының шығынын 7-8 есе кемітеді;

  • құйма бетінің дәлдігі жоғары болады;

  • құйманы тазартудағы шығын аз болады;

  • құйманың механикалық өңдеу қорын кемітуге мүмкіндік береді;

  • еңбек өнімділігі 30%-ке дейін артады.

Бұл әдіс бойынша салмағы10-15кг-дық құймалар, кейде салмағы 350 кг-ға жететін құймалар құйылады.
Бірлік қалыптармен құйма құю. Құю өндірісінде құймалардың 25%-ы бірлік қалыптарда құйылады. Бірлік қалыпқа бір рет металл құйылып, ол қатайған соң қалып бұзылып, ішіндегі құйма алынады. Ол қалып екінші рет пайдаланбайды.
Бірлік қалыпты майда жөндеу шеберханаларынан бастап ірі мәшине жасау зауыттарының құю цехтарына дейін пайдаланады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет