Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет20/46
Дата14.07.2022
өлшемі1.33 Mb.
#459691
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Қысыммен құю. Құю өндірісінің бұл әдісінде балқытылған, кейде шала балқытылған (температурасы ликвидус сызығынан шамалы төмен ) металды белгілі қысыммен (39, 2-98 Мн/м²) (400-100 атм) ауа немесе металдан жасалған поршень арқылы металл қалыпқа құяды. Құюдың бұл әдісімен жұқа қабырғалы (1-3мм), бүйір бетінің тазалығы жоғары, өлшемдерінің дәлдігі 0,3÷0,08мм, жазуы бар күрделі құймалар құяды. Мұндай жолмен құйылған құймалар кейде одан ары өңделмейді.Бұл әдіспен болат, мыс, алюминий, магнийден және олардың қоспаларынан құйма құйылады.
Қысым арқылы құю машиналары металға қысым түсіру әдісіне байланысты поршеньді және компрессорлы машиналар болып екіге бөлінеді.
Түсті металдан майда құймалар құюда қолмен жұмыс істейтін ыстық камералы поршеньді машиналар қолданылады. 4.2-суретте балқу температурасы 450°С-қа дейін баратын металдарды құятын ыстық камералы поршеньді машинаның схемасы көрсетілген.
Машинаны іске қосатын тұтқаны бұрағанда қалыптың екі бөлігі автоматты түрде бірігіп, штуцері қалыптың тесігіне енеді де, қалып металмен толтырылады. Поршень жоғары көтерілгенде, қалып ашылып, құйылған құйма жерге түседі. Қалыпты ауамен суытып, процесті қайталайды. Поршеньнің металға түсіретін қысымы 588-2450кн/м² (6-25атм)-ге дейін жетеді. Автоматтандыру дәрежесіне қарай машинаның өнімділігін сағатына 1000 құймаға дейін жетеді.







7.2-сурет Қысым арқылы құятын камералы поршеньді машинаның схемасы:
1-балқыған металл, 2-поршень, 3- қалып, 4- қалып толтырушы металл.


Центрден тепкіш машинамен құю
Құю өндірісінің бұл әдісі цилиндр тәрізді құймалар құюда қолданылады. Центрден тепкіш машинаның белгілі жылдамдықпен айналатын қалыбына құйылған металл, центрден тепкіш күштің әсерімен, қалыптың қабырғасына қарай ағып құйылады, суынғанда формасы қалыптың ішкі бетіне ұқсас құйма пайда болады. Центрден тепкіш күш құйманың түзілуіне ғана әсерін тигізіп қана қоймай, оның кристалдану процесіне де әсер етеді. Центрден тепкіш машинаның қалыбы металл немесе металл емес заттардан жасалады.

7.3-сурет. Компрессорлық құю машинасының схемасы:
1-қалып, 2- мундштук, 3- сопло, 4- ауа клапаны, 5- қысу камерасы, 6 – шойын қазан (котел).
Қалып осінің айналу бағытына байланысты центрден тепкіш машиналар тік, көлденең және көлбеу ості машиналар болып үш топқа бөлінеді.
Центрден тепкіш машинамен құю әдісінің мынадай артықшылықтары бар:

  • құйма сапасының жоғары болуы;

  • металл шығынының аз болуы;

  • өзекшені керек етпейтіндігі;

  • құйманың өзіндік құнын 20-40%-ке дейін арзандатуға мүмкіндік беретіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет