Прокат стандардың классификациясы
Прокат стандары өнделген металл өнімдерінің қолданылуына және жұмыс клеттерінің орналасуына қарай былайна классификацияланады:
металл өнімдері қолданылуына қарай шала және дайын өнім шығаратын;
ал жұмыс клеттерінің орналасуына қарай:
линиялық (тізбектік), реттік, шахматтық, үздіксіз, жартылай үздіксіз стандар болып бірнеше топқа бөлінеді.
Құрылыс машина жасау өнеркәсібінде қолданылатын металл бұйымдары негізінен тізбектік, үздіксіз стандарда өңделеді.
Шала прокат өнімдерін алу
Прокат өндірісінің шикізаты түрлі қалыпты және салмағы да әр түрлі металл кесектері болып табылады. Металл кесектерін прокат стандарыда өңдеу арқылы олардан рельс, қаңылтыр, құбырлар т.б. бұйымдар жасайды. Блюмс, сляб пен сом темірлер блюминг, слябинг, қаусырма (обжимные), үздіксіз шала өнім дайындайтын тізбектік стандарда прокатталады. Бұл стандардың ерекшелігі олардың шала өнімді бір рет қыздыру арқылы прокаттайтындығында. Блюмингтердің дуо, трио түрлерінің жоғары білігі металл кесегінің қалдығына байланысты тік жазықтықта жоғары немесе төмен түсіріледі. Қыздыру арқылы өнделетін металдың қалыңдығына байланысты жоғары білікті бір орынға бекіту метал кесегін блюмингке салудан бұрын орындалады.
Блюмингтерде металл бір бағытта өңделген, сол біліктердің айналу бағыты өзгертіліп, қарама-қарсы бағытта өңделеді. Блюминг біліктерінің диаметрі 85-140 мм, ал блюмстің диаметрі 54 мм болады.
Слябинг көлденең және тік бағытта бір-біріне жақын орналасқан екі жұмыс клеттерінен тұрады. Тік орналасқан клеть болғандықтан, слябингте сом темірдің екі бүйір беті де өңделеді. Слябинтте сом темірдің прокаттау арқылы өлшемдері 65х250 мм, 600-1900 мм слябтер алынады.
Сортты болат пен сым темірді прокаттау
Сортты болатты прокаттау үшін соңғы кезде орташа, майда сортты үздіксіз стандар қолданылып жүр. Сорты болатқа диаметрі немесе қалыңдығы 10-30 мм дөңгелек, шаршы (квадрат) қалыпты металдар, өлшемдері 25х100, 3х8 мм болат табақтар, №3, №5 бұрыштық, 50х200, 1,5х3 мм тілкем болаттар (полосовая) жатады.
Сортты болат өндіретін 300 маркалы үздіксіз станның құрылысын қарастырайық. Стан көлденең қимасы 75х75 мм, 100х100 ұзындығы 10 м-ге дейінгі сом темір қыздыратын автоматтандырылған пешпен жабдықталған. Станның металды алдын ала өңдейтін бөлігі ... жұмыс клеттерімен (клеттің бесеуінің біліктері көлденең, екеуі тік орналасқан) тұрады. Пешпен станның металды алдын ала өңдеуші бөлігінің арасында 900 0С температурада белгілі ұзындыққа кесетін қайшы орналасқан.
Станның металды ақтық (таза) өңдеуші бөлігі сегіз жұмыс клетпен тұрады, оның бесеуінің біліктері көлденең, үшеуінің тік орналасқан. Станның металды алдын ала және ақтық өңдеуші бөліктерінің ортасында металдың ұштарын кесетін қайшы орналасқан. Прокатталған металды суытқышқа жіберуден бұрын станның металды ақтың өңдеуші бөлігінің алдына орналасқан қайшының жәрдемімен оны белгілі үзындыққа кеседі.
Қазіргі кездегі көміртекті болаттарды прокаттайтын, өнімділігі жоғары үздіксіз стан 34 клеттен тұрады. Бір тілкем темір 18 клетте өңделеді: 1-10 клеттері бір мезгілде төрт тілкем металды, 11-14 клеттері екі, 15-18 клеттері бір тілкем темірді өңдейді. Прокаттан шыққан өнімдер қоймаға жіберіледі. Оларды суық күйде созу арқылы сым темірге айналдырады. Прокаттау жылдамдығы 20 м/сек-ке дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |