Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы


Дәріс № 4. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі дене шынықтыру мен спорт



бет4/25
Дата16.02.2024
өлшемі374.58 Kb.
#492179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Дәріс 1 Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы -emirsaba.org

Дәріс № 4.
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі дене шынықтыру мен спорт
Дәрістің жоспары:
  1. Қазақстанның ресейге қосылуы кезеңіндегі дене шынықтыру тәрбиесі және спорт


ХVIII ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін 30 ж.ж. Қазақстанның Ресейге қосылуы объективті алға даму маңызындағы үлкен акт, Қазақстан мен Ресей аралығындағы экономикалық және саяси байланыстар белгілі мөлшерде көп ғасырлар мен жылдар бойы дамып келген. Академик Греков Б.Д. былай деп жазған еді, Орта Азия халық мен Русь елінің арасында ежелден әр түрлі қарым-қатынас болған. Шығыс елдермен және Шығыс Еуорпа жазағында, әсіресе араб халифаты дәуірлеп тұрған шағында, Еділ/Волга/бойынша сауда және мәдени байланыс қауырт дами бастады.



Қазақтардың орыстармен бейбіт өмір және жақсы қарым-қатынаста болуға тырысуы ХVІІІ ғ-ң бас кезінде жарқын көріне бастайды. Мәселен, 1718 ж. Әбілқайыр ханның ауылында болған орыс елшісі Брянцев Б. Былай деп хабарлаған: «Қазақ халқының барлық жұрты, орыс халқымен бірге, бейбіт өмірде болуын қалайды»
Ұлы орыс халқымен достық қарым-қатынастың орнауы, қазақ елі арасына орыс халқының дене шынықтыру тәрбиесінің элементтері әсер етіп, тез тарап дами бастады. Бұған, Еділ бойындағы /Поволжье/ халықтардың ойындар белгілі мөлшерде көп роль атқарды. Осы халықтар арқылы қазақтар, орыс елінің дене шынықтыру элементтерімен танысып, үйрене бастады. Өз елінде, кейбір ойындар және жаттығулар, Ресейге қосылған елдердің ойын-сауықтары орыстар арасында орын ала бастады. Еділ бойындағы елдердің арасынан қазаққа башқұрт ұлты жақын болды. Дене тәрбиесі жағынан башқұрт пен қазақ біршама ортақ жақындастық бар. Әдет-ғұрып, сол жағынан алыстау болса да оңтүстік және Еділдің арғы жағындағы башқұрттар біршама жақын болды. Мәселен, ат ойыны-көкпар тарту/башқұртша-пора буре/оңтүстік башқұрттарда кеңінен орын алған. Қазақтар мен татарлар арасында дене жаттығулары, ойындары және жарыстары бір-біріне ұқсас болады. Қазақстандағы орыс мәдениетін таратушылары, орыс ғалымдары, саяхатшылары, жазушылары, қазақтардың мәдениеті мен әдет-ғұрып, тұрмысымен танысуға, белгісіз, естімеген, көрмеген еді, көріп, білуге тырысты. Қазақтардың сол кезде жиі қонақ болатындардың бірі-арнайы әкімшілік қызметшілер. Олардың көбі прогрессивті көзқарасты зиялы қауымнан шыққандар, әрине бұлар қазақтарға одақтар ретінде ал, орыс пен қазақ елінің арасындағы достықты жақтады.
«Үлкен мемлекет өзінің кіші бөлшегін дамытуға мынадай жағдайда міндетті егер, олар қазіргі заманға сәйкес келуге мүмкіндігі жоқ болса... демек қазақ даласы үшін мемлекеттің көмегі деген мағынада, яғни, Ресейдің қазақ мәдениетінің заманға сйкес өрлеуі біршама байқалды, әсіресе дене тәрбиесі саласында. Дене шынықтыру тәрбиесінің жаңа тәсілдерін үйретіп қойған жоқ, сонымен қазақтардың барлық дене шынықтыру тәрбиесіне көп өзгеріс, жаңа дене шынықтыру мәдениетінің элементтерін, жаңа түрін әкеліп, біраз жақсы өзгерістер әкелді.
Алғашқы орыстың қоныс аударушылары өздерімен бірге ұлттық ойын-сауықтарын ала келді: бұл, әрине қазақ жастарына тез тарай бастады. Қазақтарға орыс халқының ұлттық ойындары отырықшылық өмір сүрулері, яғни, жатақтары үлкен әсер етті. Орыс тұрақтарымен көршілес тұрған қазақтар өздерінің ойын, жарыстарына орыстарды қатыса алатындай етіп жүргізді. Кейбір әдебиеттерді, көптеген ұлттық ойындарда, бүтін бір әскери бөлімдері қатысқаны туралы жазылған. Гейнс А.К былай деп жазды ат спорты ойыны көкпарда кейде бүтін эскадрондар қатысты: «Бұл сурет ең жоғарғы сатыдағы бейнеленген көркем сурет еді. Жүздеген атшылар, ешкіні іліп алған қазақтың соңынан ары-бері шауып, биік жоталарға көтеріліп, жазық далаға қарай құстай ұшты.»
Шынықтырудың сол кездегі үзілмей тұрған бір түрі-аң аулау, аңшылық. Көшпенділік өмір, үнемі мал бағу жағдайында әрбір қазақ мүмкіндігінше аңшылықпен айналысқан. Георги И.Г. «аңшылық оларға үнемі пайда келтірген деп дұрыс мәлімдеген. Аңшылықтың аң аулау тәсілдері оларды қолданудың көптеген түрі болған. Аңшылықтың кең тараған түрі –құсбегілік, әсіресе бүркіт қосып аулау. Қыран құстардың көмегімен қазақтар түлкі, қасқыр және т.б. аулаған. Жақсы бапталған бүркіттер өте қымбат болған «Қазақ құсбегілерінің әр бүркіттің мықтылығын, шамасын біліп, оның қалай үйретілуге келетінін білетінін» Паллс дұрыс байқаған. Қырандарды «ұшып келіп қасқырдың бас жағынан төне түсіп, бір аяғымен шабынан алады немесе көзін шұқып шығарып иесі келгенше бүріп ұстап тұратындайғып» үйретеді. Қасқыр мен түлкіге бүркіт қосып аулау көп пайда түсірген, сондықтан бұған үлкен ықылас бөлінген 1774 жылы «қазақтарда тұтқын болған Ефремов Ф кейін кітап, құс, аң аулауды жақсы көрген. Бүркітпен аң аулауды жоғары бағалаған». Атпен жүру, атпен шабу білу дене тәрбиесін күшейту жүйесінде бәрінен бұрын тұрған. Көпшілік дене шынықтыру тәсілдері, ойындар және жарыстар атпен байланысты болған, яғни, өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге дене шынықтыру және әрі қарай жетілдіруге әсерін көп тигізген. Атқа отырып жүруге баланы туа салысымен үйреткен. Осы жайлы деректі А.Левшин былай деген «Қазақтар жаңа туған баланы орағанда тізе арасына және табан астына кішкентай жастық салып құндақтаған, олар атқа отырғанда керекті формаға сай болады деп», сондықтан аталған автор шындықты айтып отыр «олар ат үстінде туған» деп.
Қазақстанның Ресейге қосылуы жүйесінде барлық рухани мәдениет дұрыс өзгеріске келіп, алға қарай жылжи бастады, қазақ елінің дене тәрбиесі мәдениеті де өзгеріске ұшырады. Алдыңғы қатардағы орыс елінің өкілдері /мамандары/әскери адамдары және жай орыс крестьяндары , қоныс аударушылары осындай тұрпайы жарыстардың қатардағы көшпенді қазақтардың ар-намысына тиетін, қорлайтын, дене тәрбиесінің қалыпты дамуына кедергі келтіретіндерін айтып, осындай жарыстарды біраз жұмсартуға, кейінен мүлдем болдырмауды талап етіп, тиым салғызды. Орыс мәдениетінің қазақ елінің рухани өміріне қайырымды ықпалы жыл сайын, әр тарихи кезең сайын арытып отырды. Орыс мәдениетінің прогрессивтік жағын Қазақстанның еңбекшілері, алдыңғы қатардағы өкілдермен осы өзгерістерді заңды түрде болатын құрлыс ретінде қарады. Қазақтың алғаш ағартушысы және ғалымы Ш.Уәлиханов былай деп жазды: «Бізге Рессейсіз өмір жоқ; орыстарсыз-ол қараңғылық, қанаушылық, біз орыстарсыз тек Азия ғана, оларсыз ештеңе емеспіз». Барлық айтылған деректер дене тәрбиесінің дамуына да байланысты айтылады. ХІХ ғ-ң екінші жартысында орыс мәдениеті қазақ елінің дене тәрбиесі мәдениетіне едәуір жақсы әсер етті. Бәрімізге белгілі халықтың тұрмысы біршама консервативті, біршама тұрақталған болғандығы. Сондықтан халық арасында жаңа мәдениет түрлерін, әдет-ғұрып және дәстүр енгізіп-уақыт талап етті. Осы кӛріп отырған кезеңде дене шынықтыру және спорттың прорессивті негізінде дамуына жол салынған, Қазақстанның Ресейге қосылуы кезеңі толық аяқталғандығы кезеңінде одан әрі айқын кӛрінеді, сол аймақтың елі капиталистік қарым –қатынас жолына түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет