Дәріс №1 Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары Жоспар


Ақпараттық күтуді анықтау



бет5/5
Дата13.06.2016
өлшемі356.5 Kb.
#133612
1   2   3   4   5

3. Ақпараттық күтуді анықтау.

Фирма үшін инфляция кезінде инфляциялық күтімге баға беру өте маңызды болады. Бұл баға келесі мақсаттарда қажет болады:



  • фирманың жалпы даму стратегиясын құрастырғанда нарықтағы бағалардың өзгеруін есебке алу үшін;

  • бизнес-жоспарларды құрастырғанда бағалардың өзгерісін есебке алу үшін;

  • фирма өніміне бағаны дәлелдегенде және қолданылатын өндірістік қорларға қойылған бағалардың мүмкін өзгерісін бағалау үшін;

  • баға өзгерісінің фирма сататын өнімнен түсетін табыс мөлшеріне әсерін есебке алу үшін;

  • баға өзгерісінің өндіріс және өткізу шығындарына әсерін талдау үшін;

  • фирма қызметінің қаржы нәтижелерін шығару үшін;

  • өндірістің оңтайлы құрылымын жасау үшін

Инфляциялық күтімді бағалау үшін фирма өз баға саясатында келесіні қолданады:

  • тұтынушылық бағалардың жалпы индексін;

  • өнеркәсіптік өнім өңдірушілердің бағалары индексін;

  • жүк тасымалдау тарифтерінің индексін;

  • материалды-техникалық қорлар бағаларының индексін;

  • ауылшаруашылық өнімдерге бағалар индексін;

  • халыққа жасалынатын қызметтер бағаларының индексін.

Инфляциялық күтімдер келесі сыртқы ақпарат көздеріне негізделеді:

  • Үкімет жыл сайын беретін елдің экономикалық және әлеуметтік даму болжамы;

  • Мемлекет бюджетінің келесі жылға арналған жобасы, онда инфляция деңгейі болжанады;

  • ҚР-ның Ұлттық Банкісінің инфляция жөнінде болжамы;

  • Бұқаралық ақпарат құралдарында басылынатын кәсіпорын, фирмалардың әйгілі мамандарын сұрау нәтижелері (әсіресе экономикалық басылымдарда);

  • Эксперттердің берген бағасы.

Инфляцияны болжау әдістері өте көп, фирма жетекшілері өздігінен ең тиімдісін таңдаулары қажет. Инфляциялық күтімге баға беру процесі келесі негізгі кезеңдерден тұрады:

  1. бағалауға, болжауға арналған бағалар динамикасының нақты көрсеткіштерін дәл анықтау;

  2. болжау мерзімін анықтау;

  3. бастапқы мәліметтерді талдау және өткен мерзім бойынша ақпаратты дайындау

  4. инфляция қарқынына әсер ететін факторлар мен жағдайларды зерттеу және анықтау, олардың жасайтын әсеріне сандық баға беру;

  5. инфляция қарқынын есептеу

  6. инфляциялық күтімнің ықтималды бағасын жасау (үш вариант: оптимистикалық, оңтайлы, пессимистикалық).

Баға жасағанда мемлекеттің инфляциялық процеске қатысты жұмысын есебке алу қажет.

Жалпы алғанда мемлекет инфляцияға қарсы екі түрлі шара қолданады: төлемі қабілетті сұранысқа; тауарлар ұсынысына, өндіріс шығындарына. Бұл екі бағыт өте тығыз байланысқан болады.

Әртүрлі факторларға байланысты бағаның мүмкін өзгерісінен сақтанудың келесі әдістері бар:

Егер сатушы мен сатып алушы арасындағы келесім шартта тауарды сатып алушыға жеткізу процесі белгілі бір уақыттан кейін жасалыну жөнінде шарт болса, бұл жағдайда инфляцияға байланысты сатушы, сатып алушы үшін белгілі бір тәуекел туындайды. Мұндай жағдайда келісім шартта бағаларды сақтандыруға бағытталған қосымша шарттар көзделеді. Ол келесі шарттар:

1) шығындардың өсу және кему мүмкіндігі жөнінде шарт. Бұл шарт өндіріс шығындарына әртүрлі ішкі және сыртқы факторлар үлкен ықпал жасағанда көзделеді. Өңдіруші өзінің қосымша пайда болған шығындарын тұтынушыға төлеткізеді.

2) нарықтық бағаның тербелуі жөнінде шарт. Бұл тербелістің бірнеше түрі бар: а) бағаның өсуі жөнінде шарт; б) бағаның төмендеуі жөнінде шарт; в) бағаның кез келген өзгеруі жөнінде шарт. Бұл шарттар бойынша, егер нарықтық баға кеміген жағдайда, тауардың қосымшы мөлшері жеткізіледі, өскенде, керісінше тауар көлемі азайтылады..



Дәріс № 11 Баға жасау және инфляция

Жоспар:

1. Бағалардың инфляциялық процестердегі атқаратын рөлі.

2. Инфляцияның даму кезеңдері және баға динамикасы.

3. Бағаның инфляцияға байланысты өсуі және оның жалпы экономикаға әсері.


1. Инфляция - өте күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, сапалық талдауға және сандық өлшеуге өте қиын.

Инфляция жалпы ішкі өнім және ұлттық табыстың натуралды-затты және құнды құрылымында диспропорциялардың өсудің терең макродеңгейлік процестерінің салдарына жатады. Осы диспропорциялар ақша айналысының бұзылуын, ақша көлемінің артық көлемінің пайда болуын тудырады. Нәтижесінде ұлттық валюта құнсызданады, оның сатып алушылық қабілеті төмендейді және бағалар өседі.

Бағалардың өсуі инфляцияның өте маңызды индикаторы болып табылады. Басқа индикаторларға ақшаның эмиссиясын, айналыстағы ақшаның өсуін, мемлекеттік бюджеттің дефицитін және т.б. жатқызуға болады. Объектісіне қарай тұтынушылық тауарлар бағаларының инфляциясы, шығындар, табыстар, сұраныс, банк пайызы және т.б. инфляциялар болады.

Қазіргі заманғы инфляцияға келесі белгілер тән: жалпылама сипаты бар (бүкіл экономиканы қамтиды); хроникалық сипатта болады; көпфакторлы (ақшалы және ақшалы емес факторлар әсер етеді).

Инфляция – бұл ақшаның төлем қабілетінің төмендеуін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл төмендеу тауарларға (тауарлы бағалардың өсуі); алтынға (алтын бағасының өсуі), шетел валютаға қатысты болуы мүмкін. Көбінесе, инфляцияны тұтынушылық тауарларға бағалардың индексын табу арқылы есептейді.

Бірақ, кез келген баға өсімін инфляциямен байланыстыруға болмайды. Бағалар шығындар өскенде, тауар сапасы жоғарлағанда, жаңа тауар шығарғанда, сұраныс өзгергенде өсуі мүмкін және ол инфляцияға қатысы жоқ.

Инфляцияның нәтижесіндегі бағалардың өсу себептері және белгілері мүлдем басқа. Оның сыртқы көріністері ретінде келесі болады: жаппай түрде болуы, яғни бағалар өсуі барлық дерлік тауарларға қатысты болады; бағалардың үздіксіз өсуі; өсу ұзақтығы.

Жалпы алғанда инфляциялы және инфляциялы емес бағалар өсімін бір-бірінен ажырату кейде өте қиын болады. Инфляцияның табиғатын жете түсіну онымен күресу және оны болжау әдістерін қолдану жолдарын анықтауға көмектеседі. Инфляцияның Қазақстан Республикасында жүргізілген реформалардың, жекешелендіру, баға либерализациясы сияқты мемлекет шараларының нәтижесінде ел экономикасына әсерін қысқаша сипаттау.

Инфляциялы процестердің 20 ғасырдың екінші жартысындағы күшеюі инфляцияның теориялық мәселелерін тыңғылықты зерттеуге және әртүрлі ғылыми мектептердің пайда болуына әкелді. Инфляцияның ең әйгілі теорияларына монетаристік және кейнсиандық теорияларды жатқызуға болады. Кейнсиандық теория бойынша инфляцияның негізгі факторы ретінде жұмыс күшіне артық сұраныстың болуын атайды. Бұл сұранысты мемлекеттік бағдарламалар тудырады, сонымен, инфляция – халықтың жұмыс бастылығын өсіруге бағытталған мемлекеттік реттеудің нәтижесі (сұраныс инфляциясы). Осы теорияның басқа жақтаушылары инфляцияның пайда болуын өндіріс шығындарының өсуімен байланыстырады. Инфляцияның пайда болу механизмі кәсіпкердің пайда көлемін өсіру мақсатында бағаларды өсіру мен жұмыскердердің еңбек ақыларын өсіру талаптары арасындағы өзара байланысына тәуелді болады.

Монетаристік теория экономиканың ақша өрісін зерттеуге көп назар аударады. Бірінші кезеңде айналыстағы ақша көлемі өсуіне байланысты өндіріс көлемдері де тез өседі. Төлем айналысы өседі және қосымша капитал инвестицияға айналады. Бұл кезеңде инфляцияның өсімі айналыстағы ақша көлемінің өсімінен төмен болады. Екінші кезеңде айналыстағы ақшаға қарағанда бағалар тезірек өсе бастайды. Ақша айналымдылығы (жылдамдығы) өседі. Бәрі де ақшадан құтылуға тырысады, яғни «ыстық ақша» түсінігі пайда болады. Жағдай «инфляцияның шекті нүктесіне» біртіндеп жақындай түседі, бұл кезеңде ақшаның сатып алушылық қасиеті төмендейді, олар құнсызданады.

Талдау дұрыс жасау үшін инфляцияның негізгі себептерін анықтау керек. Бұл себептерге келісіні жатқызуға болады:


  • өндіріс құрылымындағы диспропорция (өндіріс құралдарының тым үлкен үлесі);

  • экономиканың милитаризациясы;

  • мемлекеттік бюджеттің дефциті;

  • мемлекеттік қарыздың өсуі;

  • ұзақмерзімді күрделі салымдардың ұлғаюы, оның ішінде несиелер.

  • маңызды салалардағы (кен өңдіру, ауыл шаруашылығы, транспорт) шығындардың өсуі.

  • мемлекеттік реттеу құралын толық көлемде қолданбау, маңызын түсінбеу.

ҚР-дағы болған инфляцияның ерекшеліктеріне келісіні жатқызуға болады:

  • нарыққа көшу алдында, елде өте ірі монополиялы экономиканың мемлекеттік секторының болуы, нәтижесінде бәсекелі орта нашар, әлсіз;

  • кәсіпорындардың монополизмы;

  • ірі бюджеттік дефициттің болуы;

  • сыртқы сауда қызметінде мемлекеттік монополиядан бас тартуы;

  • доллардың еркін қолданылуы;

  • елдегі инфляция нәтижелері дәстүрлі нәтижелерден өте қатты айрықшаланады.


2. Бастапқы даму кезеңінде инфляция сұраныстың өсуін және өндірістің кеңеюуін ынталандырады, өйткені кәсіпкерлер бағалардың өсуіне кәміл сеніп, ақшаны материалдық құндылықтарға, жаңа жабдықтарға, шикізатқа тезірек жіберуге тырысады. Инфляция әсіресе монополист кәсіпорындарға өте тиімді болады, өйткені жұмысшыларға берілетін еңбек ақы өсімі баға өсімінен артта қалады, нәтижесінде кәсіпорын «инфляциялық асыра пайдасын» алады.

Сонымен қатар, кәсіпорындар ақшаны несие, инвестиция түрінде алғанда да қосымша пайда алады, өйткені қайтарылатын ақша инфляцияға байланысты арзан болады.

Бірақ, инфляцияның теріс жақтары да көп, біріншіден экономиканың ұйымдастыру деңгейі бұзылады, ақша әмбебап сатып алу құралы ретінде мәнін жоғалтады, несие беру азаяды, амортизациялық қорлар құнсызданады, негізгі капиталды жаңарту қиындайды, өндірістің өсуі тоқтайды, екіншіден бағаның өсуі халықтың сатып алушылық қабілетін төмендетеді, яғни капиталдың жиналу процесінің негізі жоғалады.

Инфляция кезеңдері: 1. Инфляция шамамен ақырын өседі. Оны шағын немесе әлсіз жылжитын инфляция деп атайды (2-3 % жылына). Егер ақша шығындары және еңбек ақы сәйкес өсіп жатса, халық бұл инфляцияға назар көп аудармайды. Бірақ, бұл инфляцияның кері жақтары бар. Кез келген фактор (тіпті кездейсоқ) инфляцияның қарқынын өсіріп, экономикалық өсуді азайтып, ҒТП төмендетеді.

2. Бағалардың өсімі екі цифрмен өлшейді (20-200 %). Оны секірмелі инфляция деп атайды. Экономикалық өсім іс жүзінде тоқтайды. Әлеуметтік-саяси жағдай шиеленеседі. Экономика стагнация жағдайына айналады. Бұл кезеңде келісім шарттар бағаның өсімін ескеріп, немесе валютамен жасалынады. Ақшаны материалдық құндылықтарға салуға тырысады. Халықтың өмір сүру деңгейі күрт азаяды. Экономикада «ақшадан қашу» құбылысы кең өріс алады. Мұнда еңбек ақы мен бағалардың инфляциялы спиралі пайда болады. Кәсіпкерлер өз тауарына қандай баға қоюды білмей, тұтынушылардың бағалар жөнінде ақпараты азаяды. Ақша өзінің негізгі функцияларын орындай алмай қалады.

Инфляция, көбінесе, экономиканың тұтынушылық секторында басталады және одан кейін тез арада басқа экономика өрісіне жайылады (сұраныс инфляциясы»). Монополистердің көп болуы «шығындар инфляциясын» тудыру мүмкін, өйткені олардың бағалары үнемі өседі, сәйкесінші олардың өнімін тұтынатын кәсіпкерлер өз тауарларына бағаны өсіруге мәжбүр болады. Сонымен, шығындар инфляциясының екі факторы бар: еңбек ақының өсуі және өндірістік құралдар мен шикізат бағаларының өсуі. Шығындар инфляциясының сұраныс инфляциясына қарағанда өсім қарқыны төменірек, бірақ, онымен күресі әлдеқайда қиынырақ. Инфляцияны келесі көрсеткіштер көмегімен есептейді:



  • бағалар индексы және теңгенің сатып алушылық қабілеті;

  • инфляция қарқыны, еңбек ақы, халықтың нақты табыстарының индекстері.

Көбінесе, іс жүзінде тұтынушылық бағалар индексы, өндіріс бағаларының индекстері және дефлятор көрсеткіштері қолданылады. Дефлятор – бұл берілген жылдың номиналды жалпы ұлттық өнімін базистік жылдың бағаларымен есептелінген жалпы ұлттық өніміне (нақты ЖҰӨ) бөлгенге тең шама.

3. Ең алдымен, бағалар өзінің түрлері бойынша, өндіріс және айналыс кезеңдері бойынша, уақытта бір қалыпсыз өседі. Нәтижесінде экономикаға кері ықпал жасалынады. Бағалардың әртүрлі дәрежеде өсуі жеке шаруашылық субъектілердің жоғалуына, басқа шаруашылық субъектілердің көбеюіне әкеледі.

Бағаның өсімі ең алдымен, айналыстағы материалдық-затты элементтерге қатысты болады, ал қорда жатқан материалдық құндылықтар құнсызданады. Нәтижесінде шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, негізгі өндірістік қорлар мерзім сайын қайтадан өлшену керек. Егер бағалардың өсу динамикасы бұл процестен тезірек өтсе, кәсіпорындардың қаржы жағдайы күрт төмендеуі мүмкін.

Инфляцияның әсіресе теріс нәтижесі ретінде табыстардың стихиялы, болжамсыз бөлінуін атайды.

Біріншіден, бағалардың инфляцияға байланысты өсуі номиналды табыстары тіркелген халық топтарының табыстарын төмендетеді (зейнеткерлер, студенттер, мемлекет қызметкерлері және с.с).

Екіншіден, табыстары тіркелмеген халық топтары инфляцияның арқасында қосымша табыс ала алады, яғни олардың табыстары инфляция қарқынынан жоғары болады.

Үшіншіден, инфляция ақшалай жинақ қорларын құнсыздандырады.

Төртіншіден, кредиторлар мен дебиторлар арасында табыстардың бөлінуін өзгертеді. Инфляцияға байланысты дебиторлар ұтып, кредиторлар ұтылады.

Инфляция халық шаруашылығының ең маңызды экономикалық көрсеткіштерін нашарлатады, әсіресе несие пайызын және өндіріс рентабельділігін. Олардың байланысы нашарлап, қарама-қарсы жаққа өзгереді.

Инфляция жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық жағдайы күрт төмендейді, шаруашылық байланыстар бұзылады, төлемеушілік өседі.

Шетел елдердің тәжірибесі көрсеткендей инфляциядан толығымен құтылуға болмайды. Экономистердің басты міндеті ел үшін инфляцияның ең тиімді деңгейін анықтау, нәтижесінде өндірісті тұрақты дамыту. Ол үшін инфляцияға басқару жүргізіп, оны белгіленген шекараларда ұстау керек.

Инфляцияға қарсы шаралардың ең негізгісі ретінде өндірісті тұрақтандыру және өсіру болып табылады.

Келесі шара ретінде ақша эмиссиясын біртіндеп азайту, оны экономикадағы құрылымдық өзгерістерімен қатал түрде байланыстыру.



Сонымен қатар, берілген шараларға, инвестициялық саясатты жетілдіру, антимонопольды заңдылықты іске асыру, жаңа меншік формаларды қолдану, салық, валюта саясаттарын жақсарту, және т.б. қосуға болады.
Семинар сұрақтары:

  1. Инфляцияның жалпы анықтамасын беріңіз, оның негізгі белгілерін атаңыз және инфляция өсуінде бағалардың рөлін сипаттаңыз.

  2. Инфляцияның кейнсиандық және монетаристік теорияларын сипаттаңыздар.

  3. Инфляцияны тудыратын негізгі себептерді атаңыз.

  4. Қазақстан Респібликасында инфляцияның негізгі ерекщеліктері неде?

  5. Инфляция дамуының негізгі кезеңдері қандай және биғалар динамикасын сипаттаңыздар

  6. «Сұраныс» және «шығындар» инфляциясы дегеніміз не?

  7. Экономика дамуына бағалардың инфляциялы өсуі қалай әсер етеді?

  8. Инфляцияға қарсы қызмет жүргізудің негізгі бағыттарын атаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет