4.Аралардың гигиенасы
Омартаға орын таңдау. Омартаны балдық шырындарға бай кең алқаптарға орналастырады. Омартаның орналасқан жерінің бал жинайтын көздерден 1,0-1,5 км қашықтығы балдың түсімін төмендетеді. Омартаны басқа омартадан аралардың ұшатын жолдарына орналастыруға болмайды. Ондай кездерде аралардың қарқынның төмендеп, тіпті басқа омартаның аралары мен төбелесіп, бірін-бірі өлтіруге дейін барады.
Омартаға территория таңдағанда әр араның ұясына орта есеппен 30-40 шаршы метр жер керек екендігін ескеру қажет омартаға таңдаған жер біраз су көздері бар аймаққа таяу болып, желден жақсы қорғалған және қатынас жолдары болуы керек. Омарталар құрғақ, желсіз, мал фермаларына 1 км жақын болмай, темір жолдар мен тас жолдардан 500 м, ал басқа аралардың омартасы мен химия өндірістері және тәтті тағамдар дайындап шығаратын фабрикалардан 5-7 км таяу орналаспауға керек. Тұрақты омартаның территориясын қоршап, айналасына бал шырынды ағаштар және бұталар егіп, ал омартаның аймағындағы бос жерлерді жыртып, бал шырынды өсімдіктер егеді.
Ауыстырылмайтын омартаның ұяларының ара ұшатын алдының өсімдік қыртысын алып тастап, ал үстіне құм сеуіп қояды. Омарта территориясын тегістеп, басқа заттардан тазалап, мезгіл-мезгіл шөбін шауып, өлген араларды және қоқыстарды жинап жағып жібереді. Омартаның территорисында арнайы орындар бөліп, оған бақылау ұясын, аралардың ішетін суын, дезинфекциялау алаңын, кір сулардың ағып жиналатын жабық орындары және туалеттер орналастырылады.
Омартаның размері балшырынды жерлердің ауданына және шаруашылықтардың араларды ауылшаруашылық өсімдіктерін тозаңдандыруға сұранысына байланысты әртүлі болады. Ол кезде балшырынды өсімдіктердің өсу уақыты мен ұзақтығы ескеріледі. Бал алатын омартаның шетінен 2 км радиусы бойында жатқан жерлердің балдық тепе-теңдігін есептейді (аралар жүрген жерлерінің өсімдіктерінен 50 % ғана жинайды). Жердің балдық тепе-теңдігін (балансын) есептеудің нәтижелері, берілген жағдайдағы ара ұяларының қаншасы жоғарғы өнімді болатындығын көрсетеді. Жақсы азық қоры бар аймақтарда бір жерде 130-150 аралар ұясына дейін ұстауға болады. Егер бал жинайтын жағдай бір жерде бірнеше аралардың ұясын жинақтауға болмайтындай болса, онда 100-120 ара ұяларын, жақсы бал жинау үшін, төрт-бес жерге (участок) бір-бірінен 3-4 км қашықтықта орналастырады, яғни әр участкіде 20-30 ара ұясынан келеді. Әр ара ұяларының арасы 3-3,5 м, ал ұялардың қатарларының ара қашықтығы 20 м кем болмауы керек.
Ара ұяларының микроклиматы
Ұядағы (семья) аралардың барлық түрлерінің қалыпты өсуі үшін, ұядағы температура бір қалыпты, тұрақты 34-35С болып азық қоры жеткілікті және асырағыш аралардың болуы қажет.
Аралардың ұясында, әсіресе өну зонасында, сыртқы ортаның температурасына байланыспай-ақ тұрақты қалыпты температураны ұстап тұрады. Бұл жерде температураның тәуліктік ауытқуы еш уақытта болмайды. Ұяның өну орталығының шеткі аймақтарында температура +33,5С болады. Сыртқы ортаның температурасы төмендеп +10С болғанда, ұяның шет жағындағы температураның қалыптыдан ауытқуы 1,5С ғана болады.
Аналық аралардың өсу зонасындағы температурада, өте тұрақтылығы мен сипатталады.
Ол арадағы орташа температура 34С болады. Ұяның сыртындағы ауа температурасы 23С тан 11С дейін төмендегенде аналықтар ұясының температурасы 0,5С артық өзгермейді.
Аралардың еркектерінің (трутня) өну зонасында температура жұмысшы аралардың өсу орындағы мен салыстырғанда 1-2 градусқа төмен болады. Қыс мезгілдерінде, яғни өну жоқ кездерінде температура 15-30С аралығында болады. Аралардың ұяларындағы қалыпты температура, олардың пайдаланған оттегісінен бөлінген энергиясы мен теңестіріліп тұрады. Жазғы мезгілдерде, сыртқы ауа температурасы 23-38С болып тұрғанда, ұя аралары ең аз мөлшерде энергия шығындайды. Ең аз мөлшерде энергияның шығындалуы, сыртқы ортаның температурасы 4-6С аралығында болады.
Ұядағы салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері сыртқы ауаның температурасы мен ондағы су буының шамасына, сол сияқты аралардың жағдайы және қарқынына байланысты болады. Сыртқы ортаның ауа температурасы жоғары болғанда ұядағы ылғалдылықта жоғарлайды да 20% дан 100 % дейін көтеріледі. Ең тұрақты салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері ұяның ортасында болады да, 72-78 % шамада тұрады, ал ұшып шығатын өңешінде (летка) ылғалдылық – 63 % болады.
Жыл мезгілдеріне байланысты ұяларда ауаның құрамы да біркелкі болмайды. Араның өсіп-өнуі басталған көктем-жазғы мезгілдерде, олардың ұяларында ең жоғарғы мөлшерде оттегі және ең аз көмірқышқылы газының концентрациясы болады. Осы кезде ұяның ортасында көмір қышқыл газының мөлшері – 0,1 % дан 1 % дейін болса, ал шеткі жақтарында – 0,05 % дан 1 % дейін өзгермейді. Тек мерзімнің аяғында ғана оның концентрациясы ұя ортасында 2 % дейін, ал қыста 3 - 4 % көбейеді.
Ұяның ауасындағы газдың концентрациясы оның желдетуіне байланысты болады. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері – 0,3 % болғанда 6-7 ара желдетеді, ал 8 % болса желдететін аралардың саны 20 есеге дейін көбейеді. Көмірқышқыл газының мөлшері 1,4 % болғанда ұяны желдету тежеледі. Қыс айларында көмірқышқыл газының концентрациясы 4 % көтерілгенде аралар ұяны қарқынды желдете бастайды. Көмірқышқылы газының мөлшері өте жоғары болғанда (4 % көп) аралардың физиологиялық жағдайы нашарлап, көктемдегі өсіп-өнуіне зиянды әсерін тигізеді.
5.Аралардың қыс мерзіміндегі гигиенасы
Ауа райы суытып, тұрақтаған кезде араларды қыстаққа (зимовка) көшіреді. Араларға қыстақтық қораны, ауа райы суық жерлерде ара ұяларын 5-7 ай бойы қыстату үшін салады. Қыстаққа қатты жел өтінен жасырын, сәл атмосфералық жауын-қар сулары жиналмайтындай, су ағары бар дөңестеу, жер асты сулары төмен орналасқан (2 м жақын емес) құрғақ участок таңдалады. Қыстаққа кеміргіштер кіре алмайтын, күндізгі жарық түсіп және әртүрлі шулар мазаларын алмайтын болуы керек.
Қыстамаға дұрыс дайындалған аралар ұялары аса елеулі күтімді қажет етпейді де, қыстың алғашқы 1-2 айларында ғана қатысып, ондағы температураны, ылғалдылықтың құралы психрометрдің көмегі мен, тексеріп, желдету арқылы микроклиматын қалыпқа келтіреді. Қыстың екінші жартысынан бастап ұяларда аралардың өнуі басталып, балдың шығыны екі есе артады да, ол кездер өте жауапты болып саналады.
Қыстақта температура мен ылғалдық тұрақты болуға тиіс. Аралар ортаның температурасы мен ылғалдықтарының жиі-жиі ауытқуларына сезімтал келеді. Сондықтан қыстақтың ішкі ауа температурасы бір қалыпты 0-2С болып, минус 2С дан плюс 4С дейін ауытқуы рұқсат етіледі. Жоғары температура кезінде аралар мазасызданып, олардың қыстауына зиянды әсерін тигізеді. Ондай температураның ауытқуы кездерінде, аралардың азықтануы жоғарлап, артық шығын болып, және олардың ішек-қарындары азық массасына толып, іші өту ауруына апарып соғады.
Салыстырмалы ылғалдылық қыстама қорасының ауасында 75-85 % аралығында болуы керек. Жоғарғы ылғалдық болғанда ұядағы бал ауа буын бойына сіңіріп алып, ашып кетеді. Аралардың сұйыған балды жегеннен соң іші өтіп, әлсірейді. Ұялар дым тартып, қабырғаларының, төбелерінің ішкі беттеріне су буы жиналып, олардың көгеріп кетуіне апарып соғады.
Қыстамадағы араларға төменгі ылғалдықта зиянды әсер етіп, олар шуылдап өңештен шығып, қыстақтың едендерінің үстінде топталып өліп қалады. Сол сияқты төменгі ылғалдықта ара ұяларындағы бал тез кристалданады да, аралар өте қатты шөлдейді.
Қыстақтағы ауаның ылғалдығын жоғарлату үшін, шағын 20-40 ара ұяларынан артық болмаса, жоғарыға 8-10 суланған мешоктар (қап) іліп қояды. Ірі қыстамаларда жүретін жолдардың бойына мұз кесектерін қойып қояды. Кристалданған балдары бар ара ұяларында, олар қатты гуілдесе (шуласа) ұшатың өңешінің жоғарғы жағына су толтырылған шөлмек іліп, оның мойнын білте арқылы ұшу өңешімен жалғастырып қояды.
Қыстаманың ауасының температурасы мен ылғалдылығын қалыптау үшін, ондағы желдету жүйесінің жұмысын жақсарту қажет. Неғұрлым қыстамада аралдардың ұялары көп болса, солғұрлым онда желдету құбырларының размерлері үлкен немесе тесіктері болуы керек. Ауа кіргізетін және шығаратын желдету құбырларының мөлшерін анықтау үшін, әрбір ара семьясына 6-8 см2 құбырдың көлденең беттерінің ауданын есептеп алу қажет. Әр кұбырдың көлденең кесінді бетінің ауданы 20 см * 30 см (600 см2) артық болмайды.
Қыстамаға желдету құбырларының аудандарының мөлшері үлкен қажет болса, онда оған бірнеше кіші размерлі құбырлар орнатады. Егер өте қарқынды желдету болса, қыстамадағы ауа қозғалысының жылдамдығын, құбырларда қаралған тартпа арқылы (ашып-жауып) қалыптайды.
Суық қыстамада, ауа температурасы сыртқы атмосферадағыдай төмен болса, кейбір ара семьялары қатты қыстарда 20 кг одан көп бал жеп, басқа бос қуыстарға (балы жоқ) кіріп аштан өліп қалады.
Қыстама кезіндегі араларға ең жақсы азық болып қант пен балдың қосындысы: 80 % ұнтақ қант және 45С температурада қыздырылған (кристалсыз) балдың – 20 % алынады. Азықтың дайын болғандығын органолептикалық тәсіл мен анықтайды. Егер бетінде жабысқақ түйірлер қалқып жүрмесе, онда қоспаның дайын болғандығын білдіреді.
Ара қыстағына кіргенде қолға қызыл сәулелі шам ұстайды, себебі оған аралардың реакциясы төмен болады және аралардың ызыңын есту үшін резинка түтікше алып, ұядан өлген араларды жиып алатын сым көсеу, үсігендерді жекелеп (семья бойынша) салу үшін қағаз немесе целлофан пакетиктер керек болады.
Аралар ұясын тыңдаудың алдында, үсіген аралдарды басып кетпеу үшін, сақтықпен сыпырып алады. Ұяны тындаған кезде, резина түтікшенің бір басын ұшу өңешіне жіберіп, екінші жағын құлаққа жақындатады. аралардың біркелкі, ағаш жапырақтарының сылдыры сияқты, шуылы семьяның жағдайының дұрыстығын білдіреді. Егер аралар мазасызданып шуылдаса, ол желдетудің нашарлығын көрсетеді. Азық қоры таусылуға айналған семьяда, аралар қатты мазасызданып, шуылы біркелкі болмай, ал кейбір аралар түтікшеден жақсы етілетін «қауіп хабарын» жібереді. Аралардың аштан өлер алдында семьядан біркелкі емес әр дыбысты және өте әлсіз шулар шығады да, ал ұшу өнешінің маңайынан іш өткеннің белгісі көрінеді.
Аралар сол сияқты варроа кенелері мен немесе басқа зиянды жәндіктер мен зақымдалғанда да, және ауа өте құрғап кеткенде де, шуылдайды. Аралар ұяларын қыстақтан шығарғаннан кейін, қораны мұқият тазалап, кептіріп және жаңа сөндірілген хлорлы әкінің 10-20 % ертіндісімен ақтайды.
Аралардың қыстақтарын, жаз айларында қойма т.б. мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді.
Аралар омартасындағы ветеринариялық-санитарлық режим
Шаруашылыққа немесе омартаға ескі пайдаланған ұялар, бал шығаратын аппараттар, әртүрлі саймандар, бал салатын ыдыстар т.б. түскенде міндетті түрде дезинфекцялаудан өткізіледі. Омартада ұялардың артық қоры (10-15 %) болуы керек. Аралардың семьяларын бүтін, боялған, номерлеген және жер бетінен 30 см биіктікте аяқтарға отырғызылған ұяларда ұстайды. Омартада қол жуғыш, қақпақты шелек, дәрі-дәрмек, жәшік, сабын, қол орамал және бір жұмысшыға екіден халаттар болуы керек.
Әрбір жаңадан келген аралардың партиясын, басқа омартадан 5-7 км жақын емес жекелеген омартаға орналастырады. Оны малдәрігерлік бақылауда 30 күн ұстап, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының бар жоғын тексереді. Егер лабораториялық зерттеудің нәтижелері аурулардың жоқтығын бекітсе, семьяларды негізгі омартаға орналастырады. Көктемде арашы адам әр ұядағы аралардың ұшу қарқынына көңіл аударады. Омартаның жұқпалы аурулардан амандығын анықтау үшін, әрбір ара семьясынан 10 % есебінен (50-ден кем емес) тірі араларды бөліп алып (немесе сондай мөлшерде өлгендерден) лабораторияға жібереді. Бал жинау аяқталғаннан соң, көктем және күзде аралар семьяларын тексереді. Қарап тексеру кезінде ұялардың ұшу өнештеріндегі өлген аралардың санына көңіл бөледі. Аралардың 5-10 бастарының өлуі табиғи болуы мүмкін, ал өлгендер саны көп болса, ұяларды қараудан өткізеді. Ұялардың алдыңғы алаңдарында жорғалаған аралар, олардың личинкалары, өлекселері және ұшып қонатын тақтайларында, қабырғаларында ара нәжістерінің жұғындылары болса семьяларды мұқият тексеруден өткізеді.
Ұяларды бұзып тексеру кезінде, оның ішінің ылғал-сыздығы, рамкаларының, балауыздардың (сетка) беттерінде көгергендік, саңырау құлақтардың өсуі, басқа буын аяқтылардың, құрт-құмырска, шыбын-шіркейлердің барлығын қарайды. Себебі, көбі олардың жұқпалы аурулардың қоздырғыштары және таратушылары болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |