Дәріс №1. Ірі қара малдарының гигиенасы (2 сағ)



бет4/8
Дата09.06.2016
өлшемі493 Kb.
#124651
1   2   3   4   5   6   7   8

Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.

Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.

Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып серуендетеді.

Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап, шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп секцияларға бөледі.

Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға – 15 м², аналық шошқаларға – 10, енесінен айырған торайларға – 0,8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға – 1,2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.

Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.



Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.

Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда, аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар, жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді болады.


3. Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік топтағы шошқаларды жеке қораларда ұстайды. Ол үшін әр шаруашылықта қабан шошқаларға арналған қоралар (ұрықтандыру пункті немесе онсыз), қысыр және ұрықтандырылған аналық қоралары, буаз және торайлы шошқаларға, енесінен айырған торайлар мен жас шошқаларға, бордақы шошқаларға және басқа шаруашылықтан алынған малдарға арналған карантин-қоралары қаралады.

Аталық шошқаларға (қабандарға) арналған қоралар көбінесе ірі шаруашылықтарда комплекстерде қаралады, ал кішігірім фермаларда, көбінесе аналық шошқалардың қораларында жекелеме станоктарда қабандарды да ұстайды. Қабан шошқаларға арналған қорада қосымша ұрықтандыру пункті (манеж, лаборатория), қабандарға санитарлық-тазалау жұмыстарын жүргізетін бөлме, ұрықтанған аналық шошқаларды уақытша ұстаға арналған орын, жабдықтарды және төсеніштерді сақтайтын бөлмелер қаралады.

Қабандардың қораларында станоктарды екі қатарлы орналастырып, ұзын қабырғалармен аралығына ені 1 м жол тастап, ал ортадан азық таратып, көң тазартатын ені 1,4 м кем емес, жол қалдырады. Негізгі қабандарды жекелеп, жас өнімдіктерін шағын (3-4) топпен станоктарда ұстап, олардың едендерінің ауданын әр басқа шаққанда жеке ұстағанда – 7, топтап ұстағанда – 2,5 м² қаралады. Қабандарға арналған қоралар жарық болуы керек. Қараңғыда аталық шошқалардың ұрығының сапасы төмендейді.

Қабан шошқалардың станоктары азық науаларымен және су құбырларымен (табақша немесе емшекті автопоилкалар) жабдықталады. Азық науасының әр басқа шаққандағы ұзындығы (фронт) 45-50 см. Құрғақ азықтардың науасының ені (үстінен және түбінен) 50 см, алдыңғы бетінің биіктігі – 25 см. Станоктың едені жылыланған болуы керек.

Қабандардың негізгі аурулараның себебі оларды қыс және күз айларында суық, сызды едендерде ұстау, моционның жетіспеушілігі және жазда жаймау екендігі тәжірибеде де дәлелденген. Суық кездерде қабандар тұратын станоктардың едендерінің жылылығы 15-18 ºС болуы керек. Егер қабан шошқаларды жылы едендерде ұстаса, олардағы кейбір аурулар (бұлшық еттерінің дірілі, жұмсақ табандары, аяқ тұяқтарының жарылуы т.б.) кездеспейді.



Буаз және қысыр мегежіндердің қораларын жекелеме және топтап ұстауға арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған станоктардың екі жанындағы қабырғаларының 1/3 бөлігі тұтас, ал қалған жағы төркөзді болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктың тұтас қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды топтап ұстуға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3,5 м артық болмай, әр станокта 10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа 1,8-2 м² еден ауданы есептеледі.

Стакандарда жеке немесе топтап көректендіруге арналған азық науалары орнатылады. Әр станокта төркөзді деннің турасына су құбыры қойылады. Көбінесе шошқалар станокта төсенішсіз ұсталатын болғандықтан еден керамзитті-бетонды материалдан жасалады.

Комплекстерде буаз шошқалары туатын цехқа ауыстырғанша шағын топ пен (5-6 бастан көп емес) ұстап, торайлардан 3-5 күн бұрын жеке станоктарға орналастырады.

Буаз шошқаларды ұстаған кезде олардың 110-113 күндері өте қауіпті екенін естен шығармау керекте, осы кездерде олар толық құнарлы затты, витаминді және макро-микро элементті рационмен қамтамасыз етілуі қажет. Қысыр және жеңіл буаз аналық шошқаларды ұстаған кезде қораның микроклиматы қалыпты болуы керек. Ұзақ уақыт қысыр шошқалардың жоғарғы температурада, әсіресе жаз айларында жас аналықтардың, болуы жыныстық күйтінің келуін тежейді. Аналық шошқалардың оптималды температуралы режимде ұстап, серуендетіп, қалыпты азықтандырып отырса, олардың жыныстық күйті тез келеді.


4.Аналық шошқа қоралары
Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін ұстайды.

Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайцлардан бөлек ұстап, ал торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын зонасы болуы керек. Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір-біріне қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал тек көң жолы жағының қабырғасы торкөзді бөлігі торайлардың енесіне қатысуына бөгетсіз болып, астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін және эритемді шамдарды іліп орнатады.

Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы каналға (арық) түсіп, одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің көмегімен тазаланып шығарылады.

Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде «Лузинский», ал екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60 (СОИ-1), СОИЛ-2 типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.

Станоктардың еденінің ауданы енелерінен торайларын айыратын мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде айырса станок ауданы – 6-7 м², ал 30-35 тәулігінде болса – 5-5,5 м² алынады. Бұл станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1, СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (боксқа) бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып, екі шетінде торайлар жатып дем алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша немесе емшекті су құбыры ПАС-2А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің үстіне инфрақызыл шам ілінеді де, ал торайлар мен аналықтарды сәулелендіру үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.

Станок ССИ-2 типті (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір, торайлардың дем алып, азықтануына – 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы – 317 см, ені – 200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы – 180 см, ені – 60 см.



Енесінен айырған торайларға арналған қоралар – тұқымдық және өнімдік фермаларда, оларды 25-30 бастан топтап ұстауға арналып салынады. Кейбір фермаларда енесінен айырған торайларды ұялы түрде ұстайды (бір ұядағы торайларды жеке станокта). Енесінен айырған торайларды ірі топпен ұстаған кездерде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен айырған торайларды үш ұядан артық қоспай, яғни 15-25 бастан артық бір станокқа топтамау қажет. Шағын фермаларда 0,35 м², тұқымдықтарда – 0,4 м² әр басқа есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа ұзындығын 20 см есептеп алады.

Енесінен айырған торайларға арналған қоралар жылы, құрғақ жарық және жақсы желдетілген болуы керек. Неғұрлым өсіруге қойылған шошқалар жас болса, жаңа орынға олардың организмдері бейімделу үшін, солғұрлым ұстау жағдайы жақсы болуы керек. Жас торайлардың өсу жылдамдығы көбінесе қора ауасындағы оттегінің мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан жас торайлардың секцияларына таза ауаны механикалық тәсілмен жеткізіп, қамтамасыз етіп, жыл мезгіліне байланысты суық кездерде жылытып, таза, жаңа ауа жоғарғы жаққа, ал ескі, ластанған ауа төменнен алмастырылады.



Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру - мал қораларының сиымдылығын арттырып, қорадан таратылатын жылудың мөлшерін азайтып, соның нәтижесінде қораны жылытуға кететін шығынды кемітіп, құрлыс материалдарын үнемдеп, вентиляция, канализация, электр жүйелерінің жүргізу жолдарын қысқартып және ауыр технологиялық процесстерді (азық тарату, көң шығару, ауа алмастыру, жарықтандыру т.б.) механикаландырып және автоматизациялауға қолайлы жағдай жасалады.

Клеткалы – батареяларда торайларды өсіріп-жетілдіру екі сатыда жүргізіледі: біріншісі торайларды 4-10 күндіктен 30-35 тәуліктік жасына дейін, екіншісі – 30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.

Торайларды өсірудің бірінші сатысында, көбінесе үш қабатты клеткалы батареяларды пайдаланады. Клетканың қаңқасын тат баспай-

тын металдан жасап, клеткалардың өзін цинктелген сымдардан торкөзді қылып дайындайды. Клеткалардың размерлері орналасатын торайлардың жасы мен санына байланысты болады. Өте ерте енесінен айырып алынған торайларды жекелеме клеткаларда ұстайды да, оның размері 0,25м×0,60м болады. Топтап ұстау үшін, размерлері үлкендеу клеткалар 1,2 м-1,5 м×0,6 м×0,8 м және биіктігі 0,4-0,6 м пайдаланылып, оның әр торайға жасына байланыстырып еденнің ауданын 0,1 м² дан 1,2 м² дейін есептеледі. Клетканың алдыңғы қабырғасын еңіс жасап, оған металды азық науасын бекітеді. Бұл қабырғаны көбінесе қосымша есік есебінде пайдаланады. Көректену кезінде торайлар қатты мазасызданбау үшін, алдыңғы қабырғасының ішкі жағына торайдың санына байланыстырып, азық науасын бөліп тұратын темір таяқшалар бекітіліп қойылады.

Клеткалары батареялардың едені екі қабатты метал сеткаларынан жасалып, оларды жылжыту арқылы, оның тор көздерінің размерлері 10×10 мм немесе12×12 мм болатындай орналастырады.

Әр қабатты клеткалардың астына металды немесе полимерлі материалдардан еңісті төсеніш төселеді де, оның үстіне түскен шошқа нәжісі сырғып, көң каналына түсіп, одан сумен жуып немесе қырғыш құрылымымен шығарылады.



Торайларды екінші сатылы өсіріп-жетілдіру мерзімінде берік бір немесе екі қабатты металдан жасалған клеткалы батареяларын пайдаланады. Олардың еденедерінің ауданы, торайлардың өсуіне байланыстырып, 0,27-0,28-0,30 немесе 0,37-0,38 м² есептеледі. Клетканың размері 1,2×1,6 м немесе 1,3×1,3 м, биіктігі – 0,6 м. Клетканың еденін метал сырықтардан (планка) саңылауын 5×15 немесе 30 мм және аралығындағы саңылау 10-15 мм жасалады. Бірінші қабаттың едені жерден 0,38 немесе 0,6-0,7 м жоғары орналасады. Шошқалардың қыйы тор едендерінің арасынан арықтарға түсіп, ол жерден көң жинағыш құрылымының көмегімен тазаланады.

Торайларды суару үшін клеткадағы азық науаларына қарама-қарсы жақтан емшекті суарғыштар орнатады, оларды еденнен 5-10 см жоғары бекітеді.

Азық науаларын алдыңғы қабырғалардың ұзын бойына орнатып, салмағы 25-30 кг торайлардың әр қайсысына 18-22 см орыннан есептейді.

Торайларды клеткалы батареяларда ұстап өсіру кезінде ондағы микроклиматтың нормативке сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді. Бірінші сатыдағы торайларды өсіру кезінде ауаның температурасы 26-28 ºС болуы керекте, олардың өсуіне байланыстырып, төмендетіп отырады. Мысалы, торайдың тірі салмағы 18-20кг болса, ауа температурасы 22-24ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 60 % жоғары болмауы керек. Қорадағы микроклиматтың көрсеткіштерін қалыпты мөлшерде ұстап тұру үшін ауаны сорып кіргізіп-шығарып тұратын механикалық желдеткіш орнатылады. Таза ауа жоғарғы зонадан кіріп, ал ішкі ластанған ауа төменнен (60 %-дай) көңнің арық жолдарынан шығарылуы керек. Қора ауасының қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/сек жоғары болмауы керек.

Ғылими зерттеулердің нәтижесінде ерте 5-10 күндік жасында енесінен айырып, клеткалы батаряларда ұстап, дұрыс жағдай жасалса, олардың екі айлығында тірі салмағы – 21 кг жетіп, ал торайларды 3-5 апталығында енесінен айырғанда осы салмаққа тек 66-68 тәуліктік жастарында ғана толатындығы дәлелденген. Мұнымен қоса олардың сақталу пайызы жоғары болады.

Сондықтан, торайларды ерте енелерінен айырып, өсіріп жетілдіру, тек өте жоғарғы санитарлық-гигиеналық талаптарға ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген жағдайда ғана мол өнім алынып, тиімді болады.



Өнімдік жас шошқаларға арналған қораларды, фермалардың қуаттылығына байланысты сиымдылығын, белгілеп ішіне екі, төрт қатарлы станоктар орналастырады да, малдарды топтап ұстайды. Бір станокта 10-30 басқа дейін топтап орналастырады. Өнімдік фермаларда станоктың әр басқа шаққанда ауданы 0,7-0,8 м², ал тұқымдық малдарға – 1 м² дейін есептеледі. Станоктардың тереңдігі (ені) және ұзындығы 3,5 м болады. Азық науалары әр басқа шақанда 0,3 м келеді. Ір станоктың ішіне су құбырын орнатады.

Шошқа қорасының ауа температурасы 16-18ºС болуы керек. Ауа температурасы жоғары болса (30-35º) ұрғашы жас шошқалардың жыныс күйті шағылысуға уақытында келмей тежеледі.

Өнімдік жас шошқаларды өсіргенде табиғи жағдайға ұқсастырып күтіп-бағып қана келешекте мол өнім алуға болады. Сондықтан оларды күнделікті серуендетіп отыру қажет.

Бордақылайтын шошқаларға арналған қораларда да топтап ұстайтын станоктармен 2-4 қатарлы қылып жабдықталады (сурет 6). Әр станоктың сиымдылығы 25-30 басқа дейін болады. Азық науаларының ұзындығы әр басқа шаққанда 30-32 см кем келмеуі керек. Бірақ, бордақы малдарын станокта 12-15 бастан артық топтамаған жағдайда, олар бір-бірін жиі мазаламай, жақсы дем алып, қоң жинап, сақталу пайызы жоғарлайды және малдардың ауруы азайып, лажсыз сою кемиді.

Станоктардың қабырғаларының биіктігі 1,1 м кем болмай, екі тіркелес станоктардың бөлігі тұтас, ал азықтанатын бөлігінде, көң түсетін арықтың үстіндегі қабырға тор көзді болып 10-12 см саңылау размері жасалады. Бордақылаудағы жас шошқалар үшін станоктың ауданы бір басқа 0,5, ересектерге 0,7-0,8 шаршы метр есептеледі. Станоктың ені мен ұзындығы 3,5 м артық болмайды.

Бордақыда тұрған шошқалардың қораларының ауасының температурасын малдардың өсуіне байланыстырып қалыптап отырады.

Бордақыдағы малдардың ауа температурасының тәуліктік тосын ауытқуына жол бермеу керек. Ондай температураның ауытқуы кезінде бордақыдағы шошқалар оған тек қосымша азық пайдалану арқылы ғана бейімделеді. Төменгі температура кезінде шошқалар бейімделіп үлгере алмай, салмағын төмендетеді. Ауа температурасы 10ºС төмендегенде шошқаның әр киллограмм қосқан салмағына азық шығыны 20-30 % артады. Шошқаларды бордақылайтын қораларда әр центнер салмағына шаққанда алмастыратын ауаның сағат сайынғы мөлшері қыс айларында – 35-45 куб.м., ал жазда – 60 куб.м. болуы керек. Сондықтан жазғы айларда қорада бордақылайтын шошқалар тығыз орналасқан кездерде ауа температурасы 28-30ºС көтеріліп, дұрыс ауа алмастырылмаған жағдайда, малдардың жылу алмасу жүйесінің жұмысы бұзылып, тыныс алу, ас қорыту органдарының аурулары пайда болып, соның нәтижесінде малдардың өсуі тежеліп, салмағы төмендейді. Бордақыдағы шошқалардың организмдерінде зат алмасу процесстерінің жүруі жоғары болады да, қораның ауасына жылу көп бөлініп, температурасын жоғарлатып жібермеу үшін қораның ауа алмастыруын арттыру қажет. Ол үшін көбінесе есік терезелерді ашып, өтпе жел (свозняк) туғызбай желдету жүйесінің жұмысын механикалық түрде арттырып, қорадағы ауа қозғалысының жылдамдығын жаз айларында 1 м/сек, одан да жоғарлатады.

Бордақылау аяқталғаннан соң, қораны шошқаларды шығарып, тазалап және дезинфекциялаудан өткізеді де, 5-7 тәулікке, қора бөлшектерінің беттеріне дезинфекциялау ертінділерін толықтай сіңіп, микроорганизмдерді залалсыздандыру үшін, қораға мал қамамайды. Содан кейін келесі партия бордақылау шошқаларын кіргізбес бұрын қораның микроклиматын қалыпқа келтіріп алады. Бордақылау малдарын қабылдауға қораны дайындағаннан кейін бір тәулік ішінде станоктарды толтырып, өте ұсақ шошқаларды бөлек күтімге алу үшін жеке станокқа қамайды да, алғашқы 2-3 күн қосымша құрама азықтармен құрғақ сүт, балық майын және антибиотиктер береді.

Азықтандыру кезінде малдардың азық жеуін қадағалайды. Азықтан бас тартып, жемеген шошқаларды мал дәргерлік қараудан өткізіп шараларын жүргізеді.



Еркін серуендетіп ұстауға арналған қоралар, көбінесе ауа райы қолайлы, жылы аймақтарда салынады. Бұл тәсілмен әртүрлі жастағы мен жынысты шошқалар, әсіресе аналық мегежіндер ұсталады. Шошқаларды еркін серуендету тәсілімен ұстау үшін арнайы қоралар салынады да, серуен алаңына қараған ұзын қабырғаларынан, шошқалардың еркін кіріп – шығып жүруі үшін арнайы тесіктер (лаз) қалдырады. Әрбір тесікке шаққандағы келетін малдар саны: енесінен айырған торайлар мен жас шошқалар – 30 , үлкен шошқалар (мегежіндер) – 20, ересек бордақы бағытындағы шошқалар – 30 -50 бастан есептеп қаралады. Қалдырылатын тесіктердің размерлері (ені × биіктігі, м): енесінен айырған торайларға – 0,3 × 0,4 м, өнімдік және еттік жас шошқаларға – 0,5 × 0,8 м, ірі үлкен шошқаларға – 0,6 × 0,9 м қаралып жасалады. Тесіктердің табалдырығы болмай, еден мен бірдей жасап шошқалар жүретін жол-пандус салады. Тесіктерді топсада айналып тұратын (мал сүйкенгенде ашылатын) есіктермен қамтамасыз етеді. Сыртқы ауаның орташа температурасы минус 25ºС төмен аймақтарда тесіктер алдына қалқандар (тамбурлар) жасалады.

Шошқа қораларының ық жағынан серуен алаңдары қаралып, оның едендері қатты материалдардан бетонданған болуы керек. Серуен алаңының едені 3-4 см әр 1 метрге су ағар бір жағына құлама болуы керек. Серуен алаңын қоршап, әр шошқалар тобы бірігіп, қосылып кетпес үшін бірнеше бөліктерге (секцияларға) бөледі. Оңтүстік аймақтарда серуен алаңында күннен қорғайтын көлеңке – күрке жасалады. Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда енесінен айырған торайлар үшін 0,8 м², өнімдік және еттік жас шошқаларға – 1,2 м², буаз мегежіндерге – 2,0-2,5 м² қаралады.

Шошқа қораларының ішінен әлсіз және жұқпайтын аурулармен ауырған малдарды ұстау үшін ауданы 2-3 % (барлық ауданынан есептегенде) санитарлық станоктар қаралады. Онда тұрған малдарға жеке күтім жасап, дәрігерлік көмек көрсетіп отырады.

Қораның көлемі (кубатурасы) ондағы орналасқан малдардың жасы, салмағы және бағытына байланысты болып, қабандар мен мегежіндерге 10-25 м³, өнімдік және еттік жас шошқаларға – 2-6 м³ болады. Малдарды жеткілікті таза ауамен қамтамасыз ету үшін шошқа қораларына табиғи немесе механикалық ауа алмастыру жүйелері қаралып, қыста ауаны жылтып кіргізетін электр колориферлерін орнатады.


5.Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады.

Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады.Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы ауа температурасының төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын арттырады да, организмнің температурасының төмендеуіне апарып соғып, көректенуден бас тартып, өлімге ұшырайды.

Шошқа шаруашылықтарының тәжірибесінде қора ауасын қалыпты температурада ұстау үшін аралас жылыту жүйелерін пайдалануды тиімді деп санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты арқылы және жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың іліп қойып жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы – 1,0-1,5 м², ал ол жердің үстінің температурасы 30ºС болып, біртіндеп төмендетіп, енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.

Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері малдарда жылу күйзелісін (стресс) тудырады, әсіресе семіз шошқаларда ондай жоғарғы температурада шағылыстан өткен мегежіндердің жатырындағы ұрықтардың алғашқы күндері сақталуын төмендетеді. Ауаның жоғарғы температурасы (27-35ºС) шағылысу кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің эмбриондарының дамуын тежеп, туғанда торай санын азайтады. Шошқа қораларының ауасының температурасы жазғы ыстық күндерінің орташа температурасынан 5ºС артық болмауға керек. Шошқаларды жылытылмайтын қораларда ұстау, ауа райына байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада – 44 %, АҚШ – 25 %, Данияда – 10 %). Шошқа қорасының аусының 16ºС дан 5ºС төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы малдың салмағы 2 % кемитіндігі дәлелденген.

Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының 70 % дан 95 % өзгеруі, шошқалардың шығынын 0,05 %дан 17,5 % дейін жоғарлатады.

Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура мен біріккенде, мал организмін суыққа ұрындырып резисттенттілігін төмендетеді де, әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыртады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, әсіресе шошқаларды қорада сулы азықтармен көректендіргенде және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.

Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора ауасындағы зиянды газдардың, шаң-тозаңдар мен микроорганизмдердің концентрациялары жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері қалыптан жоғары 33-36 мг/м³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы 7,7-10,2 % төмендейді (кесте 16).

Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі, олардың организміндегі зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін жоғарлатып, соның нәтижесінде малдың өнімділігі жақсарып, туған төлдің ширақ және сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды.

Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз шамада болуы жас торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға ұшырау межесін – 24-28 % көтеріп, ал өлімін – 9-10 % жоғарлататындығы дәлелденген. Бордақылайтын шошқаларды төменгі жарықтандыру мөлшеріне ауыстыруды, оларды семіртуге қоярдың алдында 70-80 күн бұрын бастаған жөн. Ол кезде жарықтандырудың шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық мөлшерімен салыстырғанда екі есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-сағат, майландырғанда – 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы мен өнімі қораның микроклиматының барлық көрсеткіштерінің әсеріне байланысты болады. Микроклимат көрсеткіштері малдардың физиологиясына сай келмесе, оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың өсіп-жетілуін (9-28 %) кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға шалдығуы 1,5-2 есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық көрсеткіштері бойынша тиімсіз болып шығады.
Дәріс 5. Ауыл шаруашылығы құстарының гигиенасы (2 сағ)

Қаралатын сұрақтар:

1. Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері

2. Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим

3. Құс қораларының микроклиматы

4. Балапандардың гигиенасы


Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің де зор маңызы бар. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, оны мен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға (күтіп-бағуға, азықтандыруға т.б.) сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптен орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитарлық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет