Дәріс №1. Кіріспе. Академиялық жазу ғылымдағы әрекет және қарым-қатынас тәсілі ретінде. Оқыту әдістері/дәріс түрі



бет3/3
Дата03.03.2023
өлшемі48.18 Kb.
#470324
түріПрезентация
1   2   3
1-дәріс

Күрделі – Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формалды – академиялық жазылым барысында әртүрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты – академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысу керек. Мысалы, «көптеген адамдар» дегеннің орнына «30 мың адам» деп нақты көрстеу керек.
Объективті – академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті ұстанбауы тиіс. Яғни, бір жақты немесе қандай да бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Сонымен қатар, академиялық мәтінді оқу барысында автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген сөздер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал. Мысал келтіретін болсақ, «Менің ойымша, бұл жақсы жазылған еңбек» деп көрсеткен дұрыс емес. Оның орнына «Жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деген орынды болады. Оқырманға «сіз», «сен», сілтеу есімдіктерін қолданбаған дұрыс.
Шектеулі – академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан, жоғары оқу орындарында жазба жұмысы тапсырма ретінде берілгенде, тақырыбы мен қамтылатын зерттеу нысанасына қарай, оқытушы оның көлемін белгілеп береді. Белгіленген көлем студент үшін тақырып жөніндегі оның толық мәлімет беріп, артық ақпарат жазбауына мүмкіндік береді.
Жауапкершілік – автор қашан да өз жұмысы үшін жауапты. Яғни, мәтінде түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, плагиатқа жол бермеуі керек. Біреудің пікіріне не сөзіне сілтеме жасамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын қаперден шығармауы тиіс академиялық жазылымның 4 ерекшелігін атап көрсететін болсақ:
1. Объективті түрде жазылуы;
2. Ғылыми стильде жазылуы;
3. Жүйелі құрылыммен жазылуы;
4. Сілтемелерді жиі қолдану;
Академиялық мәтін ешқашан субъективті болмауы тиіс. Мысалы, « менің ойымша, басқа жазылымдарға қарағанда, академиялық жазылымның төрт айырмашылығы бар» деген сөйлемді объективті түрде былай беруге болады. «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан төрт айырмашылығы бар екенін байқауға болады».
Жалпы, студенттер субъективті ой-пікірін дәрісте, оқылым арқылы қандай да бір ойды тұжырымдауда, практикалық сабақтардағы талқылауды ашық айта алады және оның маңызы өте зор. Себебі, студенттің өз ойын ашық айтып, дәлел-дәйектермен жеткізуі объективті ойының қалыптасуына негіз болады. Академиялық жазылымда сөйлем құрылымы да ерекше болады. Ол ғылыми стильге тән белгілерді басшылыққа алады. Ал әдеби жанрда және публистикалық бағытта, тіпті қарапайым хатта кез келген формадағы сөйлем түрін қолдануға боладыМәселен, «Түн. Айнала тастай қараңғы». Мұндай сөйлемдер оқырманға эмоциялық әсер сыйлап, көркемдік қызмет атқарады. Ал академиялық сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп нақты ақпарат беруді көздейді. Сондықтан, академиялық құрлыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті, дәлді етіп анық жеткізу. Бұл ғылыми стильге тән ерекшелік болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Оспанов Е.Т.Академиялық жазылым: жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы – 2018. – 121б.
2. Короткина И. Академическое письмо: учебно-методическое пособие для руководителей школ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет