Дәріс №1. Кіріспе. Академиялық жазу ғылымдағы әрекет және қарым-қатынас тәсілі ретінде. Оқыту әдістері/дәріс түрі


Ғылыми жоба жазу барысы шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлінеді



бет2/3
Дата03.03.2023
өлшемі48.18 Kb.
#470324
түріПрезентация
1   2   3
1-дәріс

Ғылыми жоба жазу барысы шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
1) алдын ала кезең;
2) жұмысты жазу мен ресімдеу;
3) жобаны қорғау.
Бұл кезеңдер теориялық және практикалық материалдың мазмұны мен баяндау логикасын анықтайды.
ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, кәсіби оқылымды, академиялық жазу мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту.
«Академиялық жазу» пәні педагогика және психология, дефектология салаларындағы болашақ мамандарды даярлаудың теориялық және ғылыми-зерттеу негізін құрайды. Пәннің қолданбалы сипаты мамандық бойынша ғылыми мәтіндер (курс және диплом жұмысы, ғылыми жоба және т.б.) құрастырумен байланысты.
Академиялық оқылым мен жазылым дағдыларын дамыту (ғылыми-кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу);
Студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен арттыру;
Ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру;
Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлеуметке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді.
Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлеуметке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді.
Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық, төмендегідей іргелі ұғымдар оппозициясында қарауға болады.
Жазу термині қазіргі тіл білімінде мынадай мағыналарда
жұмсалады:

  • жазба мәтін құрау

  • (хат жазу, арыз жазу, ойды жазу арқылы сыртқа шығару);

  • белгілі бір тілдің жазба тілінде қызмет ететін графикалық жүйе (мысалы, араб жазуы);

  • әліпби; орфография; жазба тілжүйесі

  • (қоғамдық таңба, тілді реализациялайтын жүйе);

  • жазылған дүниенің сыртқы формасы, қолтаңба (менің жазуым жаман деген мағынада);

  • Музыкалық туындыны таңбалау (балет, опера жазу)

  • шығармашылықты жүзеге асыру (әңгіме жазу, өлең жазу, диссертациялық еңбек жазу);

Әр пән бойынша студенттер, ғалымдар мен зерттеушілер идеяларды жеткізуге,
дәлелдер жасауға және ғылыми сұхбатқа қатысуға академиялық жазбаларды пайдаланады.
Әр пән бойынша студенттер, ғалымдар мен зерттеушілер идеяларды жеткізуге,
дәлелдер жасауға және ғылыми сұхбатқа қатысуға академиялық жазбаларды пайдаланады.
Академиялық жазба нақты дәлелдермен, нақты сөзді таңдауымен, логикалық ұйымдастыруымен және жеке тұлғалық үнімен сипатталады.
Кейде ұзақ уақытқа созылған немесе қол жетімсіз күшті академиялық жазуды ойлауға тура келеді, алайда керісінше:

  • ол ақпараттандырады, талдайды;

  • оқырманға ғылыми диалогта сыни түрде қатысуға мүмкіндік береді.

Академиялық жазылым пәнінің мақсаты - академиялық жазылым талаптарына сәйкес 
студенттердің қазақ тіліндегі жазылым деңгейін көтеру. 
Академиялық жазылымның ерекшелігі ғылыми стиль талаптарын сақтау. 
Академиялық мәтін тілі, ондағы тілдік бірліктерді қолданудың жолдарының сақталуы. 
Академиялық мәтінге қажетті элементтер: (титул парағы, мазмұны, мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі) болуы шарт.
Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мыналарды меңгереді:
Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау);

  • Конспекті жасау ережелерін (тұтас мәтінді көшіру орынына қажетті ақпаратты жазып алу); 

  • Өзін-өзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімді 

  • пайдалану мен жоспарлау);

  • Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу;

  • Соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету. 

Кез келген оқырман өзінің таңдауына байланысты түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Ал ол мәтіндер шартты түрде академиялық немесе академиялық емес деп екі топқа бөлуге болады. Бірінші түріне -реферат, баяндама, ғылыми мақала, оқулық, ғылыми пікір, автореферат, диссертация, ғылыми жобаларды жатқызуға болады. Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әртүрлі болып келеді.
Оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мәселен физика немесе химия саласы бойынша жазылатын ғылыми мәтіндер тақырыптарына байланысты термин сөздер мен күрделі формулаларды қолдана отырып, түрлі тәжірбиелік сынақтарды түсіндіру не талдау үшін жазылады, ал әлеуметтік сала бойынша жазылатын жұмыстар түрлі саяси әлеуметтік құбылыстарды түсіндіру үшін жазылады. Мұндай мәтіндер көбінесе осы саланың мамандарына ғана түсінікті болуы мүмкін. Дегенмен олардың бәріне ортақ бір мақсат бар. Ол зерттеу жұмысының нәтижесімен басқа адамдарды таныстыру, сондықтанда академиялық мәтіннің тілі түсінікті, құрылымы жүйелі болуы қажет. Мәселен, экономика саласы бойынша жазылған оқу құралының негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырманға жеткізіу. Сондықтан академиялық мәтінде автор ғылыми мәтіннің негізгі талаптарын сақтай отырып, оқырманға түсінікті тілде байяндайды.
Академиялық мәтіннің құрылымы күрделі болады. Ол әдетте ғылыми мәлімет беруді көздейді. Сондықтан ақпарат түсінікті әрі мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. академиялық мәтіндердің білім мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазу, гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, параграф және оның құрылымы, қорытынды бөлімді жазу,плагиаттық және одан сақтану жолдарын көрсетеді.
Академиялық мәтін – белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің негізгі ерекшеліктері болады. Олар: күрделі, формалды, нақты, объективті, шекетулі және жауапкершілікті. Бірақ мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет