Тәжірибелік сабақ №28. Терісі бағалы аңдардың төлдерін өсіру гигиенасы
Ауыл шаруашылық малдарына қарағанда, аңдардың өсіп-жетілуі белгілі бір биологиялық мезгілді циклдермен өтеді де, олардың шектелген уақыттың ішінде түлеуі туып, мезгілдік жыныстық жетілуі келіп, организмдегі зат алмасу процесстері өзгеріске ұшырайды (жазғы мезгілдерде зат алмасу процесстері қарқынды жүріп, күзде төмендейді, ал қысқа қарай елеулі азайып, көктемде қайта көтеріледі).
Нутриларда мұндай мезгілді биологиялық цикл болмайды. Олар жыл бойына шағылысып өсіп жетіледі де, белгілі бір түлеу уақыты болмайды (кесте 28).
Кесте 28. Бағалы терілі аңдардың биологиялық цикілдері
Уақытты (мезгілдері)
|
Буаздықтың ұзақтығы, тәулік
|
Енесінен айырғандағы жасы, тәулік
|
Шағылыс
|
Күшіктеу
|
Норкалар:
Ақапанның екінші жартысы – сәуірдің аяғы – мамыр - наурыз
|
37-80
|
35-45
|
Түлкілер:
Қантардың 2-ші жартысы, ақпан - наурыз
|
Наурыз, сәуір, мамырдың 2-ші жартысы
|
50-55
|
40-45
|
Песецтер:
Ақпанның 2-ші жартысы, наурыз, сәуір
|
Сәуірдің аяғы, мамыр, маусым
|
50-55
|
40-45
|
Бұлғындар:
Маусымның 2-ші жартысы, тамыздың басы
|
Наурыздың аяғы, сәуір
|
270-300
|
45-50
|
Нутрилер:
I-рет: тамыз-қараша
II-рет: наурыз-мамыр
|
Қаңтар-наурыз
Шілде-қыркүйек
|
127-137
127-137
|
40-60
40-60
|
Түлкілер мен песецтер және норкаларда шағылыс мерзімі қыстың аяғы-көктемнің басына келеді. Ересек аңдарда, басқа жыл мезгілдерінде, жыныс органдарының размерлері кішірейіп, жыныстық жетілуі жетпеген малдардікіндей болады.
Алғашқы жыныстық өсіп-жетілу мерзіі норкаларда – 9, песецтер мен түлкілерде – 9-11, нутриларда -3-4 айлық жастарында пайда болады. Песецтер мен түлкілерде жыныстық күйті жылына бірақ рет келеді де, көбінесе қаңтардың 20-да, 2-5 күнге ғана созылады. Ал норкалармен бұлғындарда жыныстық күйті бірнеше рет қайталап, әр 7-10 күнде қайта күйлейді де, норкаларда наурыз сәуірге дейін, бұлғындарда маусымның ортасынан тамыздың екінші жартысына дейін күйті қайталап келіп отырады.
Биологиялық цикіліне байланысты аңдардың шағылысуы мен күшіктеуі белгілі бір жыл мезгілінде жүргізіледі.
Аңдардың күшіктер алдындағы дайындық кезінде үйшіктерін дезинфекциялаудан өткізіп, жылылап, құрғатып жаңа төсеніш материал салады. Норкалардың клеткаларында, күшіктері сетканың тесігінен жерге түсіп қалмау үшін, шит төсеніш қойылады. Күшіктеу кездерінде аналықтарды бақылау үшін тәжірибелі адамдардан кезекшілер белгіленеді.
Аңдарды шағылысқа дайындаудың негізгі міндеті, оларды толық құнарлы азықтармен көректендіру болып саналады. Көптеген аналықтар күшіктерін емізіп, айырған кездерде өте жүдеп арықтайды да, оларға жоғарғы құнарлы рацион керек болады. Олардың күйі қалыпқа жеткен кезде, шағылысқа дайындау алдындағы рационға көшіреді.
Аңдардың шағылысқа дайындығын, олардың түлеуінің барысы көрсетеді. Егер жазғы жүнінің түлеуі тежеліп немесе қысқы жүні уақытында шықпаса, онда организмдегі процесстердің бұзылып, өсіп-даму үшін қабілетінің төмендеуіне апарып соғады. Аңдардың дұрыс шағылыстан өтіп, ұрықтың аналық жатырында өсіп-дамуы үшін құнарлы, сапалы азық және олардың денесінде жарақаттанудың болмауы үшін оптималды жағдайда ұстау қажет болады. Мұндай талаптардың орындалмауы олардың іш тастап және қалыпты күшіктеуіне әсерін тигізеді. Аңдардың буаз және туғаннан кейінгі мезгілдерінде, олардың арасында анемия болмау үшін балықтарды (треска, минтай т.б.), сол сыяқты авитаминоз В (шабақ балықтардың түрлері – салака, корюшка, майшабақ т.б.) ауруынан сақтандыру үшін рационға еңгізбейді.
Норкалардың орта күшіктері – 6 (1-17), түлкілердікі – 5-6, кейде – 15, песецтердікі – 10-20, нутрилердікі5-6, кейде – 15 бас болады. Күшіктерінің туғандағы салмақтары: норкаларды - 5-15 г, түлкілерде 50-100, песецтерде – 80- 110, нутрилерде – 150-250 болады. Нутрилардікінен басқа аңдардың күшіктері әлсіз, көзі жұмулы, естімейтін, тіссіз, сирек жүнді болып туады. Ал нутрилердің күшігі ширақ, 1-2 тәуліктен соң суға жүзіп, азық жей бастайды. Аңдардың бауырында қалдыратын күшіктердің қалыпты мөлшері: норкаларда – 7-8, түлкілерді – 6-7, песецтерде – 12-14, нутриларда – 5-14 бас болуы керек. Қалған күшіктерді басқа бауырында 5 бастан кем күшігі бар аналықтарға салып телиді.
Күшіктерді туғаннан кейін алғашқы рет бірден тексереді де, әлсіздерін және ауруларын іріктейді. Ол үшін мынандай көрсеткіштеріне сүйенеді: жалпы көңіл күйі, ішінің тартылуы, жүзу қорғанысы (аяғының жанына тартылуы), жиі есінеуі, температурасының төмендеуі т.б. Әлсіз күшіктерді жеке жәшіке салып жылылайды, электр шамдарының көмегімен және мақта төсеп, температурасын 30-35С жеткізеді.
Күшіктердің әлсіз болуы көбінесе аналықтардың буаз кезінде рациондарында витамин А және С жетіспеушілігі болып есептеледі. Ондай жағдайларда түлкілер мен песецтердің күшіктері тек әлсіз болып қана қоймай табандары ісіп, қызарып кетеді.
Кей кездерде жақсы өсіп-дамыған күшіктерде де, енесінің желінінің маңайындағы жүндердің қалың өскендігінен емшегін тауып еме алмай (әсіресе түлкілер мен песецтерде) жүдеп, әлсірегендері кездеседі. Сол сияқты, аналықтардың сүті аз немесе керісінше өте көп болып емшегін қатты керіп, күшіктердің аузына симай, ашығып әлсірейді. Күшіктердің жүдеп ауырып өліп қалмауы үшін аналығының желімінің айналасындағы жүнін қысқартып, емшегіндегі артық сүтті сауып, жұмсартып, немесе басқа ыдысқа сауып алып күшікті еміздік пен көректендіреді.
Кей кезде аналықтардың күшіктерін тістеп тасымалдауы кездеседі, әсіресе бөтен адамдардың қатысуы мен мазасыздануы, судың немесе қардың жетіспеуі, артық емшектегі сүттің жиналуы т.б. себептерден болады.
Күшіктердің алғашқы үш-төрт аптадағы өсіп-дамуы, әсіресе аналықтың сүттілігіне байланысты болады. Ал 20-25 тәуліктік жасынан бастап күшіктерді тартылған ет, сұйылтқан сүт т.б. беріп, азықтандыра бастайды.
Түлкілер мен песецтердің күшіктерін 20-25 күндік жасынан бастап ішек-қарындарын (гельминттерден) тазарту үшін дегельминтизациялайды. Ол үшін оларға 0,1 мл құрамында тетрахлорэтилені бар капсула береді.
Туғаннан кейін 20 күннен 40 күн аралығында аналық аңдардың да және олардың күшіктерінің де ең ауыр мезгілдері болып саналады. Өйткені осы уақыттарда күшіктер тез өсіп, көрегі жетпегенде салмағын төмендетеді. Сондықтан аналықтардың жүдеп, азып кетпеуі үшін белгілі уақытында күшіктерді бөліп алады. Түлкілер мен песецтердің күшіктерін бірден енесінен айырады. Норкалардың әлсіз, жүдеген аналықтарының бауырында 2-3 күшіктерді қалдырып қояды. Өйпей барлық күшіктерін бірден бөліп алса, аналық азық жеуден бас тартып, өлім жітімге ұшырайды.
Барлық аңдардың бөлінген күшіктеріне қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін үйшіктердің іші кебу және қыста жылы, ал жазда қалыпты желдетілулері керек. Мысалы, норкалардың күшіктері төменгі температураға өте төзімсіз келеді де 22С температураның өзі қауіпті болып саналады.
Кейбір аңдардың түрлері клеткада ұстап өсіргенде, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, жарыққа қатыстары әртүрлі болады. Мысалы норкалардың жартылайы жарық сүйгіштер қатарына жатып, ең қарқындылығы таңертең ерте және кеш соңында туатын болса, песецтер арктикалық аймақта өсіп, ал түлкілер – оңтүстікте өмір сүргенге бейімделген. Бұлғындар тоғаймен қорғалмаған ашық жерлерде жүргенді жаратпайды да, аса жарықтанған аймақтарда жүрмейді. Бірақ барлық клеткаларда тұрған аңдардың елеулі өмірінің бөлігін жарықта өткізгенді ұнатады. Сондықтан, көптеген аң фермаларында күшіктеуін жоғарлатып, өнімін арттыру үшін жасанды түрде жарықтану мезгілін ұзартады. Әрбір 4-5 клеткаға 100-200 вт электр шамдарын қою арқылы.
Аңдардың бағалауын арттыратын ең басты көрсеткіші олардың жүндерінің түсі, түктерінің жағдайы және терілерінің өлшемдері болып саналады. Аңдардың ішінде ең көп тараған түлкілердің жүндерінің қырқылып қалуы, песецтердің жүндерінің ұйпалақтануы, норкалардың жүндерінің сиректенуі т.б. кемістіктері болып саналады. Норкалардың бауыр жүндерінің сулануынан (зәр мен) жүні түсіп, сиреп қалады. Ондай кемістікке көбінесе қуық жолына микробтардың түсуі, зәр шығару жолдарында тас түйірлерінің түзілуі, қан азаюы, қышқылдар мен улануы т.б. әсер етеді. Сол сияқты анемиядан басқа норкалардың арасында, қысыр қалуын арттырып, жас күшіктердің өсуін тежеп және шығынын жоғарлататын алеут ауруы болады.
Жаз айларында аңдарды, көбінесе бүргелер зақымдайды. Олар әсіресе жас күшіктерді жүдетіп, ал үлкен аңдар мазасызданып, жиі қасынып, жүндерін түсіріп, сапасын төмендетеді.
Күннің ыстық мезгілдерінде, бұлғынның күшіктерінде баздану кездесіп, олардың бауыры және артқы аяқтарының ішкі жақтарының терілері күлдіреп, талаурайды. Бұлғындардың үйшіктерінің желдетуін қалыпты келтіру арқылы, олардың күшіктерінің баздану ауруына ұшырауын төмендетеді. Ол үшін үйшіктердің ағаш қақпақтарын (төбесін) тәулік бойы, мамыр айының екінші жартысынан бастап ылғый ашық ұстау қажет. Ауа райы тұрақты жылығаннан соң үйшіктің, сеткасын қалдырып түбін де (еденін) алып тастау керек.
Әр аң фермаларында жұқпалы және жұқпайтын аурулардың шықпауы үшін, егер шыққан күнде тез арада шектеп, жою мақсатында ветеринариялық-санитарлық объектілері болуы керек. Олар карантин пунктері (негізгі табынның 10 %), изолятор (ауру малдар үшін), өтелдейтін пукт немесе өлексе жағатын пештер, сою орны, дезо өткелдер, ветсаноткел т.б.
Тәжірибелік сабақ №29
Тәжірибелік сабақ №30
Өткен тақырыптар бойынша қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |