Дәріс №28. Қоршаған ортаны қорғауда микроорганизмдерді қолдану
Жоспар :
-
Көңді микробиологилық өңдеу
Ауылшаруашылық өндірісін концентрлеу және специализациялауда ірі мал шаруашылық комплекстер түзіледі, сөйтіп көңді рационалды қолдану прблемасы туындайды. Көңнің көп мөлшерін органикалық тыңайтқыш ретінде далаға шығару қиын жұмыс. Ірі мал шаруашылық комплекстерде көңді қолдану және өңдеу мәселесі қоршаған ортаны ластанудан қорғау мәселесімен байланысты. Сонымен қатар көңде жануар организмі қолданбаған көптеген қоректік заттар және микробты биомасса болады. Ірі қара мал өз организмінен 20% өңделмеген қоректік заттарды бөледі.
Жануарлардың асқорыту жолынан түзілген бактериалды биомасса азықтың ыдырау процесстеріне қатысады, 50-60% протеині болады. Осының барлығы организмнен бөлініп көңде жинақталады. АҚШта жылына 1.7млрд тонна көң түзіледі. Осының үштен бір бөлігін ақуыз құрайды, бұл жыл сайынғы соя тұқымдарының өнімділігі беретін ақуыз мөлшеріне сәйкес келеді.
Көптеген үмкін болатын сұлбалардың арасынан көңді пайдаға асыру кезінде микробиологиялық процесстерді қолдануды атап өтуге болады. Сонымен қатар алдын ала қышқылдық гидролизді және азықтық дрожжыларды кезекті өсіру әдісін де қолдануға болады. Осындай жолмен шошқа көңін өңдегенде 10000 бастан жылына 800 тонна дрожжы береді. Дрожжыдан кейінгі барда бөлігі азықтық мақсаттарда қолданады.
Көптеген варианттардың бірі сумен араласқан көңнің анаэробты, термофильді жағдайларда метанды ашу процессі. Процесс жабық резервуарларда, яғни метанды танктерде жүзеге асады. Метан газ бөлінеді, ол қыздыру мақсатында пайдаланылады. Бактериалды биомассаны центрифугирлеу немесе тұндыру арқылы бөліп алады және құрғатады. Суды рециркулирлейді немесе даланы суаруға қолданады. Американдық коорпорациялардың бірі ірі қара малдың көңін микробиологиялық процесстерді қолдану арқылы өңдеу технологиясын ұсынады, нәтижесінде азықтық бағыттағы екі өнім алынады: оның бірі құрамында көптеген жасұнық және 8% дейін ақуыз болады да балауса силлос иісі бар ағаш үгінділерін еске салады. Екінші өнім жұқа дисперлі ұнтақ, құрамында 25-j-35% ақуызы бар. Көңді өңдеудің осы технологиялық процессі резервуарларда сұйық көңнің жинақталуымен аяқталады және онда 3-4 тәулік ұсталынады. Микробиологиялық процесстердің нәтижесінде азоттық қосылыстар пайдаланылады. Ары қарай сумен араластырылады және талшықты қоспаларды бөлу арқылы химиялық өңдеу жүреді. Сұйықтықтан ақуызға бай микробты биомассаны бөліп алады, ары қарай оны құрғатады және ақуызды консентрат алады, ал талшықты қоспалар силлостауға ұшырайды.
Лабораториялық сабақ
№1 тақырып. «Микроорганизмдер биотехнологиясы» лабораториясындағы құрал-жабдықтар мен аппараттар.
Сабақ мақсаты: «Микроорганизмдер биотехнологиясы» лабораториясындағы құрал-жабдықтар мен аппараттардың жұмыс істеу принципін оқып үйрену.
№ 2 тақырып. Лабораторияда жұмыс істеу ережесі.
Сабақ мақсаты: Лабораторияда жұмыс істеу ережесімен танысу.
№ 3 тақырып. Электронды микроскоп. Ыдыстарды, инструменттерді және құрал жадықтарды дайндау және стерилдеу.
Сабақ мақсаты: Электронды микроскоптың құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысу. Автоклавта стерилдеу.
№ 4 тақырып. Қоректік орта және оны дайындау техникасы.
Сабақ мақсаты: Қоректік ортаның негізгі түрлерімен танысу. Дайындау техникасын үйрену.
№ 5 тақырып. Продуценттерді егу және культивирлеу әдістері.
Сабақ мақсаты: Продуценттерді егу және культивирлеу әдістерімен танысу.
№ 6 тақырып: Микроорганизм өсуін оқу және оған рН және культивирлеу температурасының әсері.
Сабақ мақсаты: Микроорганизм өсуін оқу және оған рН және культивирлеу температурасының әсерін оқып үйрену.
№ 7 тақырып: Бактериялардың таза культураларының бөлінуі.
Сабақ мақсаты: Бактериялардың таза культураларының бөліну әдістерімен танысу.
№ 8 тақырып: Микроорганизмдердің сандық есебі.
Сабақ мақсаты: Микроорганизмдердің сандық есебін есептегіш қондырғылардың көмегімен есептеуді жүргізуді үйрену.
№ 9 тақырып. Культуралды сұйықтықта микробты биомассаны бөліп алу.
Сабақ мақсаты: Культуралды сұйықтықта микробты биомассаны бөліп алу әдістерін үйрену.
№ 10 тақырып. Микроорганизмдердің ферментативті белсенділігін оқу.
Сабақ мақсаты: Микроорганизмдердің ферментативті белсенділігін оқып үйрену.
№ 11тақырып. Нан пісіруге арналған дрожжыларды зерттеу.
Сабақ мақсаты: Нан пісіруге арналған дрожжылардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін оқып үйену.
№ 13 тақырып. Микробты массадан аминқышқылдарды алу әдістері.
Сабақ мақсаты: Микробты массадан аминқышқылдарды алу әдістерін оқып үйрену.
№ 14 тақырып. Микробты массадан ферменттерді, витаминдерді және липидтерді экстрагирлеуәдістері.
Сабақ мақсаты: Микробты массадан ферменттерді, витаминдерді және липидтерді экстрагирлеуәдістерін оқып үйрену.
№ 15 тақырып. Тағам өнекәсібінде қолданылатын бактериалды препараттар (ашытқылар, бифидумбактериялар, лактобактериялар).
Сабақ мақсаты: Тағам өнекәсібінде қолданылатын бактериалды препараттарды алу биотехнологиясын оқып үйрену.
№ 16 тақырып.. Сүтқышқылды өнімдер микрофлорасы
Сабақ мақсаты: Сүтқышқылды өнімдер микрофлорасын оқып үйрену.
№ 17 тақырып.. Дәрілік және профилактикалық биологиялық препараттар
Сабақ мақсаты: Дәрілік және профилактикалық биологиялық препараттарды алу биотехнологиясын оқып үйрену.
Студенттерге арналған өзіндік жұмыстар:
-
Микроорганизмдердің табиғаттағы маңызы.
-
Жасушалардың мөлшері мен формасы.
-
Микроорганизмдер жасушаларының құрылымы.
-
Жасушалардың химиялық құрамы.
-
Өмір сүру процесстерінде судың маңызы.
-
Ферменттер мен коферменттер.
-
D- сорбиттің L-сорбозаға трансформациясы.
-
Бактериалды биопрепараттар.Сипаттамасы.
-
Ауыл шаруашылығындағы бактериалды препараттар.
-
Медицинадағы бактериалды биопрепараттар.
Достарыңызбен бөлісу: |