Әрбір уақыт мезетінде тек бір ғана процесс ағымда болады.
Оң жақта әрқайсыснда өз санауышы бар (командалар санауышы) параллель жұмыс істейтін
процестер көрсетілген. Әрине, шын мәнінде оған ағымдағы процестің командаларының логикалық
санауышы жүктелетін бір-ақ командалардың физикалық санауышы бар.
Ағымдағы процеске
берілген уақыт біте берген кезде командалардың
физикалық санауышы жадыда,
процестің
командаларының логикалық санауышында сақталады.
Процесті жасау.
Процестің тууына әкелетін үш негізігі оқиғалар (fork немесе CreatProcess шақыруы)
Жүйенің жүктелуі
Жұмыс істеп тұрған процесс процесті тудыру үшін жүйелік шақыруды орындайды.
Қолданушының процесті тудыруға сұранысы.
Барлық жағдайда ағымдағы істеп тұрған процесс жаңа процесті тудыруға арналған жүйелік
шақыруды жібереді. UNIX жүйесінде әрбір процеске процестің идентификаторы меншіктеледі
(PID-Process IDetifier)
Процестің аяқталуы.
Процестің тоқталуына әкелетін төрт оқиға (exit немесе ExitProcess шақыруы):
Жоспарланғана аяқталу (орындалудың аяқталуы)
Белгілі қате бойынша жоспарлы түрде шығу (мысалы, файлдың жоқтығы)
Түзетілмейтін қате кеселінен шығу (бағдарламадағы қате)
Басқа процестің жоюы.
Осылайша тоқтатылған процесс әдетте жады бейнесі (core image) деп аталатын өзіндік адрес
кеңістігі және процестер кестесінің компонентерінен (компонентердің құрамына оның регистрлері
де кіреді) тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: