есеп енгізу-шығару операциясын орындап жатқанда процессор бұрыңғыдай бос тұрмайды, келесі
есепті орындауға көше береді. Бұл үшін компьютер жадын (память) бөлу жүйесін ойлап тапты.
Осы жүйеге сәйкес, әрбір орындалатын есеп бөлім деп аталатын оперативтікжадыдағы өзіне
арналған бір бөлікке жүктелетін болды.
СПУЛИНГ(spooling) Ол кезде есептер перфокарталардан соңғыларын есептеу орталығында
пайда болу темпінде оқылды. Одан кейін кезектегі есеп орындалып болғанан кейін, дискідегі жаңа
босаған бөлімге жүктелетін болған.
Уақыттың бөліну жүйелері-көпесептіліктің бұл нұсқасында
әрбір қолданушыда өзінің
сұхбаттасу терминалы болады. Бұл әрбір бағдарламалаушы өз бағдарламасын нақтылы уақыт
режимінде орындалуын дайындай алу үшін жасалған. Былайша айтқанда,
бұл көпқолданушылар
жүйесі болды. Бұдан келіп есептерді, компьютерді қатар орындалып жатқан тапсырмаларды бір-
бірінен қорғау мәселелері пайда бола бастады. Осы уақытта жүздеген қолданушылардың
жұмысын қамтамасыз ететін MULTICS көпқолданушылар жүйесі ойланып табылды.
Сондай-ақ осы уақытта мини-компьютерлер (біріншісі 1961ж. шықты) жылдам қарқынмен
пайда болып, дами бастады. Оларға MULTICS жүйесі қойылды. Кейінен бұл жүйе UNIX жүйесі
болып дамыды.
UNIX-пен үйлесетін басқа көп түрлері пайда болды. Олардың негізгілері SystemV және BSD
болы. Кез келген UNIX жүйеде істелетін бағдарламаларды жазу мүмкін болу үшін POSIX
стандарты ойлап табылды. POSIX стандарты UNIX жүйелерде істей алатын жүйелік шақырудың
минималды интерфейісін анықтайды.
1974 жылы Intel 8080 орталық процессоры шығып, оған CP/M операциялық жүйесі жасалып
шығарылды. Ол операциялық жүйе 1977 жылы басқа процессорларға
ыңғайланып жасалды,
мысалы Zilog Z80.
80-жылдардың басында MS-DOS жүйесі ойлап табылып, миникомпьютерлер үшін ол негізгі
болды.80-жылдары теориясы сонау 60-шы жылдары ойлап табылған қолданушының графикалық
интерфейісін (GUI-Graphical User Interface) жүзеге асыру мүмкіншілігі туды. Бірінші болып GUI-ді
Macintosh корпорациясы жүзеге асырды.
1985 жылдан бастап Windows жүйесі шыға бастады.Ол жүйе 1995 жылы Windows 95 жүйесі
шықанға шейін MS-DOS үшін графикалық қабықша болды.
Сол кезде DOS-тың жадыға деген шектеулері және файлдық жүйесінің мүмкіншіліктерінің
шектеуліктері пайда бола бастаған компьютерлердің есептеу мүмкіншіліктерін толықтай
қолдануға мүмкіншілік беремейтіні анық болды. Сондықтын IBM және Microsoft бірігіп OS/2
операциялық жүйесін шығаруды қолға алды. Бұл операциялық жүйе көпесептілікті,
виртуалды
жады, қолданушының графикалық интерфейісін DOS бағдараламаларды орындауға арналған
вертуалды машинаны қолдап жұмыс істей алатын болу керек болды. Бірінші версиясы 1987 жылы
шықты. Одан кейін Microsoft OS/2 жүйесін қойып, Windows NT жүйесін ойлап табуға кірісті.
Бірінші версиясы 1993 жылы шықты.
80 жылдардың ортасында немесе таратылған операциялық жүйелердің басқаруымен жұмыс
істейтін дербес компьютерлердің желілері жоғарғы қарқынмен дами бастады. Желілік
операциялық жүйенің бірпроцессорлы компьютердің операциялық жүйесінен
айырмашылығы
жоқ. Оның құрамында міндетті түрде байланыс жүйесі интерфейісі құрылғысына арналған
бағдарламалық жабдық (желі (сеть) адаптерінің драйвері), сондай-ақ байланыс жүйесіндегі басқа
компьютерлерге алыстан кіруге мүмкіншілік беретін жабдықтар және алыстағы файлдармен
(басқа компьютердегі файлдар) жұмыс істеуге мүмкіншілік беретін жабдықтар кіреді.
Таратылатын операциялық жүйе. Керісінше қолданушылар үшін қарапайым жүйе
болып
табылады да, ол жүйеде қолданушы оның бағдарламалары қай жерде жұмыс істеп жатқаны немесе
файлдардың қай жерде орналасқаны (яғни қай компьютерде) жайлы алаңдауға міндетті емес, оның
барлығын операциялық жүйе автоматты түрде орандауға тиіс.
1987 жылы MINIX операциялық жүйесі (LINUX-тің прототипі) шықты. Ол микроядр
схемасында жасалған еді. 1991 жылы LINUX шықты, микроядролық
MINIX-ке қарағанда ол
монолитті болды.