Дәріс 1 Операциялық жүйелердің (ОЖ) концептуальды негіздері. Тарихы. Қызметі. Жүйелік шақырулар. Операциялық жүйелер құрылымы



Pdf көрінісі
бет3/56
Дата04.12.2023
өлшемі1.8 Mb.
#485405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
толық лекция

1.2. ОЖ не үшін арналған. 
1.2.1. ОЖ виртуалды машина ретінде. 
ОЖ қолданушы үшін жеңіл бағдарламалауға болатын және шын машинаны құрайтын 
аппаратурамен тікелей жұмыс істегенге қарағанда әлдеқайда жеңіл болып келген вертуалды 
машина болып табылады. Мысалы дискетадан информацияны оқу немесе оған жазу үшін 
мыналарды істеу керек: 

Дискетаны айналдыру двигателін іске қосу 

Басша (головка) қозғалысының қадамдық двигателін басқару 

Дискетаның бар жоқтығын анықтайтын индикаторға қарап отыру 

Дискде блоктың нөмірін таңдау 

Жолшаны (дорожка) таңдау 

Жолшадағы сектор нөмірін таңдау және т.б. 
Осы жұмыстардың барлығын ОЖ өз қолына алады. 
1.2.2. ОЖ-ресурстарды басқару жүйесі ретінде. 
Бірнеше бағдарлама бір ресурспен (процессор, жады) жұмыс істеу үшін ресурстарды басқару 
жүйесі керек. 
Ресурстарды бөлу (тарату) түрлері: 

Уақыттық бағдарламалар, оны (яғни уақытты) кезекпен қолданады, мысалы, жүйе 
процессорды осылай басқарады 

Кеңістіктік- бағдарлама ресурстың қандай да бір бөлігін алады, мысалы, осылайша 
жүйе тез жады (оперативная память) және қатты дискіні басқарады. 
1.3. Қолданбалы бағдарламалау интерфейісі. 
АРІ (Application Programming Interface) қолданбалы бағдарламалау интерфейісі. 
ОЖ мен бағдарламалар арасындағы интерфейс жүйелік шақырулар жинағымен анықталады. 
Мысалы егер қолданушы процесіне файлдан берілгендерді оқу қажет болса, ол жүйелік шақыру 
командасын орындау керек, яғни ядро режиміне ауысу үзілісін орындап, содан кейін ОЖ-нің 
файлдан берілгендерді оқуға арналған функциясын іске қосу керек. 
POSIX стандартының барынша жиі қолданылатын жүйелік шақыруларын қарастырайық. 
POSIX-те 100-ден артық жүйелік шықырулар бар. 
Fork-жаңа процесті жасау 
Exit-процестің аяқталуы 
Open- файлды ашады 
Close-файлды жабады 
Read-файлда берілгендерді буфеге оқып алады 
Write-берілгендерді буферден файлға жазады 
Stat-файлдың жай-күйі жайлы ақпарат алады 
Mkdir-жаңы каталог жасайды 
Rmdir-каталогты өшіреді 
Link-сілтеме (ссылка) жасайды 
unlink-сілтемені өшіреді 
Mount-файл жүйесін маунттайды 
Umount-файл жүйесін кері маунттайды (немесе маунсыздайды) 
Chdir-жұмыс каталогын өзгертеді 
UNIX-те шақырулар жүйелік шақыруларды қолданатын библиотекалық процедураларға 
дәлме-дәл сәйкес келеді. 


Windows-қа арналған қолданбалы бағдарламалау интерфейсін қарастырамыз- Win32 API. 
Win32 API жүйелік шақырулардан бөлек болады. Бұл бағдарламаларды қайта жазып жатпай-ақ 
әртүрлі версияларда жүйелік шақыруларды өзгертуге мүмкіншілік береді. 
Сондықтан, шақыру жүйелік пе (ядрода орындалады) әлде ол қолданушы аясында өңделіп 
жатыр ма түсініксіз болып табылады. 
Win32 API-де 1000-нан артық шақырулар бар. Ондай көп болуының себебі:UNIX-те 
қолданушының графикалық интерфейсі қолданушылық режимді іске қосылады, ал Winndows-та 
ядрода орнатылған. Сондықтан, Win32 API-де терезелер, мәтін, шрифт, т.б.-ларды басқаруға 
арналған көптеген шақырулар бар. 
Win32 API-дің POSIX стандартының шақыруларына ұқсас шақыруларын қарастырайық: 
CreatProcess(fork)- жаңа процесті жасау 
ExitProcess(exit)-процестің аяқталуы 
CreatProcess(open)-файлды ашады 
CloseHandle(close)-файлды жабады 
ReadFile(read)- файлда берілгендерді буфеге оқып алады 
WriteFile(write)- берілгендерді буферден файлға жазады 
CreatDirectory(mkdir)-жаңа каталог жасайды 
RemoveDirectory(rmdir)-каталогда өшіреді 
SetCurrentDirectory(chdir)-жұмыс каталогын өшіреді 
Win32 API интерфейсі бағдарламалардың Windows- тың барлық дерлік версияларында 
орындалуына мүмкіншілік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет