Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары
Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі екі жолын көрсетуге болады:
1.шетелдерден сатып алынатын өнімдерді алмастыруларды Қазақстанда табу
2.зерттеуші өсімдіктерден тек басқа өсімдіктер құрамында белгілі жаңа заттарды ашу
Бірінщі жағдайда ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдері лабараторияға байланысты, өйткені ол анатикалық химияны қолданып шетелдерден алынатын өнімдердің құрамын анықтау және оларды алмастыратын заттарды Қазақстанда өсетін өсімдіктерденде табуға болады. Бұл бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, мысалы, КСРО да, оның ішінде Қазақстанда көксағызды және илік затты өсімдіктердің кеңінен зерттелуін айтуға болады. Өйткені Ұлы Отан соғысы кезінде шетелдер КСРО ға көксағыз және илік заттары бар өнімдерді сатудан бас тартты. Соған байланысты оларды алмастыратын заттарды тезарада өзімізден табу қажет болады. Қазақстанда көксағызы бар өсімдік Scorzonera asterakeae тұқымдасынан табылды.
Илік заттарды іздеу де өз нәтжесән берді, табиғи флорадағы өсімдіктер ішінен қажетті өсімдіктер түрлері табылды. Олар туралы арнайы илік заттарға арналған тарауда айтылады.
Екінші жағдайда медицина және ауыл шаруашылығына қажеттілігін ескере отырып, флораға инвертаризация жасалып, керекті белсенді заттар ізделді. Бұған жатқызуға болады, мысалы: 1) этноботаникалық мәліметтерге анализ жасауды жатқызуға болады. Яғни, жергілікті халық кейбір ауруларды емдеу үшін пайдаланатыны туралы мәліметтерді жинап, анализ жасау. 2) ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерге жақын өсімдіктер түрлерін зерттеу. Өйткені ол өсімдіктерге сондай биологиялық белсенді заттарды синтездеуі мүмкін.
Кез- елген жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеу мынадай мәліметтерді қамту керек.
1.ең алдымен дәрілік өсімдік туралы және оның қасиеттері туралы мәліметтер жиналады, мысалы әртүрлі әдебиеттерден оның таксономиясы анықталады
2.өсімдік түрінің немесе оған жақын түрлердің химиялық құрамы, фармакологиясы туралы мәліметтер жиналады.
3.Өсімдік түрінің экология фитоценологиялық ерекшеліктері туралы, географиясы туралы мәліметтер жиналады.
4.Табиғатта өсімдік немесе оның жеке мүшелерінің үлгілері алынып олардың құрамындағы шипалық қасиеті бар заттарға химиялық анализ жасалады
5.Фармакологиялық сынақтан өткізіліп, препарат өндірудің технологиясы жасалады.
6.Табиғаттағы фитоценоздарда қадетті өсімдіктің доминант екендігі анықтап, фитоценоздарға және өсімдік популяцияларының жастық құрамына сипаттама беріледі. Экологиялық және фитоценотикалық оптимумдары анықталады.
7.Биологиялық және өндірістік қорлары анықталады.
8.Табиғаттағы қоры тиісті категорияға жатқызылады. Негізгі 3 категория бар: 1) Зерттелуші түрдің жер бетін жабу процесі 20% болса сор3, 2) 5-14% болса сор2, 3) 1-14% болса сор1 .
9.Өте жиі медецинада немесе ауыл шаруашылығында пайдалануға перспективалы кейбір өсімдік түрлері табиғатта қалың болып өспейді, яғни әр жерде біреуі жинауға қолайсыз жерлерде өседі. Мұндай жағдайларда ол өсімдіктерді екпе жағдайда айналысу керек. Бірнеше жыл осы өсімдіктің өсу және даму ерекшеліктерін зерттегеннен кейін, оның шикізаиының және тұқымының химиялық құрамы табиғи фитоценоздарда және екпе жағдайларда салыстырмалы зерттеліп, оның таза жағдайда бейімделушілік мүмкіншіліктері анықталады. Тек содан кейін оң мәлімет алынса, өндірістік плантациялар жасауға көшуге болады. Сонымен, өндірістік плантациялар жасау- көпжылдық еңбек сіңіруді қажет ететін процес
Достарыңызбен бөлісу: |