Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы



бет12/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
5.Лекциялық кешен

Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы
Акад. Н.П.Павловтың, проф. В.П.Михайлованың және профессор М.К.Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері
Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып,қорғап және сақтаудың негізгі жылдары.
Қазақстан ботаниктері ресурстанушыларының алдында тұрған міндеттер
1)Академик Николай Васильевич Павлов Қазақстандағы ботаниктер мектебінің негізін қалаған және ұйымдастырған.Қазақ Ғылым академиясының Ботаника инстутының бірінші директоры. Акад. Павлов 1893 жылы 23 мамырда Санкт Петербургте қызметкердің жанұясында өмірге келген. 1917 жылы Мәскеуде ауыл шаруашылық академиясын бітірді.
Студент кезінен бастап Павлов ботаникаға қызығып, бірнеше экспедициялардың жұмысына қатысты. Ол экспедициялар Кавказда, Камчаткада, Байкалда, Қазақстанда болды. 1923 жылы Акад. В.Камаровтың ұсынысымен Н.В. Павлов ботаник ретінде А.К. Козлов басшылық жасаған Монғолия экспедициясының мүшесі ретінде жұмыс жасады. Монғолияға барған экспедицияның жұмыстарының нәтижесі 1929 ж “Введение в растстельный покров Хангайской Горной страны“ деген және 1928 ж “ ПО Монголии” деген атпен кітаптар жазылып баспадан шықты. Мәскеу университетінің доценті болып жүргенде “Гүлді өсімдіктер систематикасы“ және “Ботаникалық география“ деген пәндерден сабақ беріп жүріп, әртүрлі региондарды зерттеуге арналған экспедициялар жұмысына қатысты.
Н.В. Павлов өзінің ғылымдағы өмірінің көп бөлігін Қазақстанға арнаған. 1920 жылдары Павлов Торғай, Ақмола, Талдықорған және Алматы облыстарын, Жоңғар Алатауын, Балқаш өңірін зерттеген.
Бұл зерттеу жұмыстар нәтижесінде бірнеше ілгері жұмыстар жазылып жарияланды.
Н.В. Павлов өте жақсы флорист, мықты ботаник-географ және білімді ресурс танушы еді.Қазақстанға келгеннен кейін Н.В. Павлов жабайы өсетін пайдалы өсімдіктер систематикасын зерттеуді жалғастыруда. Соның нәтижесінде үлкен “Растительные ресурсы Южного Казахстана“ 1974 деген монография жазып жариялады.
Н.В. Павлов құрамында илік заттары бар өсімдіктерді зерттеуге өте көп көңіл бөлді. Ол Қазақстанда өзінің шәкірттерімен бірге 13 экспедицияға шығып, Қазақстанның әртүрлі региондарындағы илік затты өсімдіктердің құрамын, таралуын және қорын зерттеді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1947 жылдары “Растительные сырье Казахстана“ деген монография жазып жариялады. Ол монографияда 1100 пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер берілген. Академик Н.В. Павлов жетекшілігімен және редакциялық басшылығымен мәңгілік және өте бағалы 9 томдық “Флора Казахстана“ 1956-1966 ж.ж. Еңбегі құрастырылды.
Н.В. Павлов үлкен білімдарлығының, ботаникалық әдебиетті өте жақсы білуінің және көптеген экспедицияда жинақтаған мәліметтерінің барлығына байланысты ілгері өте үлкен 700 беттік “Ботанические география СССР“ деген кітабын жазып шығырды..Ол кітапта бүкіл одақтың флорасы және өсімдіктер жабыны қамтылған. Кейінірек демалысқа, яғни зейнетке шыққаннан кейін 1965 жылы Н.В: Павлов “Ботаническая география зарубежных сран“ деген кітабын жазып шығарды.
Н.В. Павловтың көптеген флористикалық ресурстанулық экспедицияларының нәтижесі – ол оның ғылымда жаңалық ашуы. Мысалы, ол ғылымда бірінші рет екі жаңа туысты және 150 ге жуық жаңа өсімдік түрлерін сипаттамасын берді.
Академик Н.В. Павлов 160-тан астам ғылыми еңбек жазды. Оның ішінде 20-сы монография.
Павлов Бүкілодақтық ботаникалық қоғамның Қазақстандық бөлімінің негізін салып, өзі басқарды. Павлов- Қазақ Ғылым академиясының негізін салушылырдың және алғашқы академиктердің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет