Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Дәріс-5: Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары



бет9/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәріс-5: Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдалану және бұл саладағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының бағыттары, этаптары
1. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарының бағыттары
2. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары
3. Жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеуге қажетті мәліметтер
Ресурстану- ботаника ғылымының жас бір саласы. 1917ж. деңгейін Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ деп айтуға болады.
Қазақстанда ботаника саласындағы знрттеу жұмыстарын екі кезеңге бөлуге болады:
1.Бірінші кезеңге Ресейдің Еуропа бөлігінен келген ғалымдардың ұйымдастырып жүргізген жұмыстарын жатқызуға болады
2.Екінші кезең 1920 жылдан басталады деуге болады. Бұл кезеңге жергілікті Орта Азияның және Қазақстанның ғылыми мекемелерінің, әсіресе КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы ашылған филиалының жұмыстарын жатқызуға болады. 1917 ж дейін Ресейде өсімдіктер байлығы өте аз және тиімсіз пайдаланылды. Ол кезеңде Ресейде белгілі дәрежеде тек арман өндірісі дамыған еді.
Ресейде табиғи шалғындықтар және жайлымдықтар кеңінен зерттеледі және іргелі еңбектер жарияланды. Мысалы, күн саладағы іргелі еңбектерден “Шабындық және жайылымдылық” деген кітап 1950-1958 жылдары ғана жарияланды. Авторлары-И.В.Ларвин, И.В. Цаценкин, Т.А. Работнов. Басқа топтардың өсімдіктері өсімдіктері салыстырмалы аз зерттелді және пайдаланылды. Дәрілік өсімдіктер аз зерттелгенімен жиналды, тіпті кейбір түрлері екпе жағдайда өсіріледі.
1920-1930 жылдардан бастап өсімдіктер ресурстарын зерттеу және игеру жоспарлы, жүйелі түрде жүргізіледі. Мысалы,1921-1962 жылдары химия-технологиясының анықтамасының 12 томы жарыққа шықты. 1934 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында алғаш рет Өсімдіктер ресурстары деген бөлім ашылды. Ол бөлімді Кропотов басқарды. Алғашқы кезде бұл бөлім нағыз ресурстармен айналысатын. Ол үшін арнайы технологиялық лабараториялар ашылды. Кейінірек бұл бөлім нағыз ресурстармен айналысатын болып одақтық республикаларда осы салада жұмыс жасайтын топтар, содан кейін лабараториялар ашылды. Мысалы, Әзірбайжанда А.А Гросгеим және т.б Қазақстанда П.В Павлов, В.П Михайлова, Сібірде В.В Ревердато және т.б, Украинада М.И Котов және т.б ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді. Сол ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары алға қарқынды дамып, ботаникалық ресурстану саласында әртүрлі мектептер, коллективтер, және жаңа зерттеу орталықтары дүниеге келді.
1935 ж Ташкент қаласында ғылыми зерттеу конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда қабылданған пайдалы өсімдіктер классификациясы туралы жогарыда айтылды.
1938 ж бастап КСРО Ғылым академиясының өсімдіктер шикізат бөлімі “ Растительное сырья” деген атпен ғылыми еңбектер сериясы шығарыла бастады.
1917-1941 ж арасында зерттеулер, негізінен пайдалы өсімдіктердің келесі топтарына көңіл аударылды.
Көксағыз, гуттаперчалы, қарамайлы,эфир майлары, шипалы-майлы, талшықты, бояулы, целлюлоза-қағазды, сүректі, дәрілік, инсектицидидті және т.б. барлығы 19 топ.Осы бағыттарда жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде жаңа отандық өсімдіктер табылып анықталды. Ресурстанушы мамандардың жаңа ұрпағы өмірге келді.
Әсіресе, атақты ғалымдар Н.И. Вавилов, П.М. Жуковский, М.Г. Папов басшылық еткен Бүкілодақтың өсімдік шаруашылығы инстуты үлкен үлес қосты.
Шикізатты зерттеу сипаты және бағыты алға қойған міндеттерге тікелей байланысты.
Соғыс жылдары жабайы өсетін тағамдық және дәрілік өсімдіктерді іздеуге көбірек көңіл бөлінді.Соғыстан кейін ботаникалық ғылыми мекемелердің жұмыстары бұрынғыдан жандана түсті.Бірнеше ірі іргелі жинақтарүмонографиялар жарияланды.Мысалы,1948 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника инстутында ”Өсімдіктер ресурстары” бөлімінің қызметкерлері ”Методика полевого исследования сырьевых растении”деген әдістемелік құралды баспадан шығарды.Бұл еңбектепайдалы өсімдіктерді зерттеудің негізгі тәсілдері келтірілген.
1950 жылы КСРО-да бірнеше рет ірі-ірі экспедициялар ұйымдастырылды. Экспедициялар негізінен:
1) тропикалық астрагалды, илік өсімдіктерді зерттеумен айналысты. Бұл жұмыстарды, мысалы Өзбекстанда - В.П. Дробоков,Х. Чеврениди,К.З. Закировтар, Қазақстанда-В.П. Михайлова және т.б., Украинада - А.И. Закордонец, С.С. Харкович, Беллорусияда-Н.В. Смолзко, Литвада И.А. Титинс, Сібірде-В.И. Кузьмин жүргізді.
2) дәрілік өсімдіктерді зерттеу ауқымы кеңейді. Әсіресе,шипалық қасиеттері бар табиғи қосылыстарды зерттеу күшейтілді. Мысалы, алкалойдтарды, флавоноидтарды, кумариндерді, сесквитерпенді, лактондарды және т.б. Бұл жұмыстар, негізінен, Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер инстутында А.Г. Қондратенко, И.А.Губанов, В.Б.Куваев, А.И.Шреттер, М.Г.Пипенов және т.б., Харьков фармацевтикалық инстутында М.А. Антарсков, Л.И.Хаджай, Д.Г.Колесников, И.Г.Зоз, И.Ф.Комиссаренко және т.б.,
Өзбекстанда Ғылым академиясының өсімдік заттарының химиясы инстутында П.С.Абубакиров, Ю.Юнусов және т.б., КСРО Ғылым академиясының Ботаника инстутында Г.В.Пигелевский, П.П.Кирьяков және т.б., Армения ботаника инстутында Г.З.Золотицкая, Әзірбайжан ботаника инстутында И.М.Исмайлов, Қазақстан Ғылым академиясының Ботаника инстутында Л.К.Клышев, А.С.Алюкина және т.б. Лопинград химия фармацевтика инстутында А.Ф.Гаммерман жүргізді.Мұндай бағыттарда жұмыстар ботаника бақтарында,жоғары оқу орындарында жүргізілді.
3) көптеген жұмыстар мияның (Glycyzzhiza) глициризинді түрлерін зерттеуге арналды.Мысалы, Т.П.Надеждина (Ботаника инстуты, Сант-Петербург), М.М.Михайлов (Әзірбайжан ботаника инстуты), А.И.Исембаев, Э.В.Кузьмин, Б.Н.Сауранбаев, Д.К.Абдрахманов (Қазақстан ботаника инстуты), К.З.Закиров, С.Х.Нугманов, А.Б.Бахиев, О.А.Ашурметов (Өзбекстан ботаника инстуты).
4) 1950-1960 жылдары эфир майлы өсімдіктерді табу компонеттік құрамын зерттеу жұмыстары жалғасын тасты. Мысалы:1) М.И.Горяев 1952 жылы ”Эфирные масла флоры СССР” деген еңбегін жариялады (Алматы). Н.Л.Гурчив 1960 жылы ”Опыт классификации эфирно масличных растении” деген еңбегінжариялады(БИНАН СССР).
5) малазықтық және сүрлемдік өсімдіктерге көп көңіл бөлінді.1953 жылы Ленинградта Бүкілодақтық кеңесте ресурстар туралы жасалған жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Одан кейін кеңестерде жаңа пайдалы өсімдіктерді мәдениелендіру туралы мәселелер талқыланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет