Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
Шикізаттық өсімдіктер және олардың қауымдары геоботаникалық, эклогиялық, фитохимиялық, фармакологиялық әдістер негізінде комплекстік зерттеледі. Ресурстанулық зерттеу жұмыстарының геоботаникалық жұмыстардан ерекшелігі ресурстану зерттеу жұмыстары жалпы өсімдіктер жабыны емес, тек қажетті пайдалы өсімдіктерді зерттеуді мақсат етеді.
Қазіргі заманда пайдалы өсімдіктер ресурстарын бағалауда картографиялық әдістің перспективасы мол. Өйткені бұл әдіс зерттеу обьектісін географиясын, экологиясын, және күйін бағалауға мүмкіндік береді. Көптеген пайдалы өсімдіктердің топтарын зерттегенде оларға қосымша биохимиялық анализ жасалуы қажет. Сонымен, ресурстанудың жалпы қабылданған ботаникалық әдістерімен қатар ерекшеліктері ба, ресурстану әдістері пайдаланылады. Ботаникалық-ресурстанушы флораны, геоьотаниканы, экологияны, өсімдіктер химиясын, интродукцияның ғылыми теориялық негізін білуі және экономикалық түсінігі болуы кеоек. Шынын айтқанда, ботаника- ресустанушы шектес ғылым салаларында эрудициясы жоғары болып далалық және лабораториялық зерттеулерді жүргізе алатын әмбебап ғалым болуы керек.
Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері.
Пайдалы өсімдіктер туралы ғылымның дамуы ерте замандағы Қытай, Египет, Рим, Греция және Шығыс Арабия тарихына, мәдениетіне тығыз байланысты. Ресейде әртүрлі пайдалы өсімдіктер туралы алғашқы мәліметтер дәрілік және хош иісті өсімдіктерге байланысты екеніне әдебиеттегі мәліметтер айқын көрсетеді.
Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану, олардың ішінде, әрине бірінші ретте дәрілік өсімдіктер пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің медицина мектерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аудандарына Иран, Ауғанстан, Үндістан сияқты елдердің әсері бар. Оған қосымша Қазақстанда Еуропа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті ьар заттар да қолданылады. Сондықтан шетелдерден әкелінетін шикізаттарды алмастыру қажет болад, осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан флорасында көксағызды илік заттары бар шырышты өсімдіктер табылды.
Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық қасиеті бар өсімдіктерді, әсіресе, жүрек- қан тамырлары, өт айдайтын, ісікке қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге көңіл бөлінеді.
Сонымен, ресурстануды өз алдына дербес ғылым саласы екендігі дәлелденген деп санауға болады. “ Өсімдіктер ресурсы “ деген терминді А.Федеров 1966 юылайша түсіну керек деп ойлайды. Өсімдіктер ресурсстары дегеніміз - бүкіл флорадағы және жер шарындағы өсімдіктер жамылғысында бар потенциалдық байлық.
Д.С Ивашиннің 1969 анықтамасы бойынша Өсімдіктер ресурсы- ботаникалық ресурстардың зерттеу обьектісі, ол обьект өсімдік құрамындағы заттарын, яғни бүкіл флора және өсімдік жамылғысындағы бар байлықты қамтиды.
Әрине, А. Федеровтың 1966 өсімдіктер ресурсына берген анықтамасы Д.Р Ивашиннің 1969 анықтамасымен салыстырғанда анықтау, айқын және қысқаша, сондықтан қолайлылау. “Ресурстар” деген терминді пайдалы өсімдіктержеке топтарына қатысты пайдалануға болады. Мысалы, “ Дәрілік өсімдіктер ресурстары”.
“Ресурс”деген терминді “Қоры” деген түсінікпен шатастыруға болмайды. “Ресурс” термині кеңірек, толығырақ,ол пайдалы өсімдіктердің сандық және сапалық сипаттамаларын қамтиды.
Ал Федоров 1968 ботаникалық ресурстану ғылымына кеңірек сипаттама береді. Ботаникалық ресурстану;
Халық шаруашылығында және медицинада маңызы бар әртүрлі өсімдіктерді тауып айқындайды.
1.Өсімдік құрамындағы әртүрлі заттарды, қосылыстарды зерттейді.
2.Пайдалы өсімдіктердің табиғаттағы алабын зерттейді
3.Мәденилендірудің биологиялық негізін жасайды.
“Ботаникалық ресурстану” өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді. Мысалы, молекулалық, ұлпалық,мүшелік, организмдік ценотикалық, биогеографиялық, түрлік. Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі.
Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия, гистохия және эмбриология көмегімен щешіледі.
Мүшелер деңгейінде- морфология көмегімен, организм деңгейінде - физиологиялық және өсімдіктер шаруашылығы туралы ғылымдар көмегімен, ценогенетикалық деңгейде - фитоценологиялықкөмегімен зерттеп шешеді.
Бұл жоғарыда айтылғандардан “Ботаникалық ресурстануда” өте кең спектрде өте нәзік химиялық анализден жер шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер пайдаланылатынын айқын көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |