Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Қалай кептіру керек екендігі туралы жоғарыда айтылды



бет17/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
5.Лекциялық кешен

Қалай кептіру керек екендігі туралы жоғарыда айтылды.
Кептірілгеннен кейін дәрілік шикізатгар стандарт күйге келтіріледі. Яғни, сапасы жағынан ГОСТ, ФС, ВФС стандарттарының талабына сай болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізатының сапасы Мемлекеттік органдар бекіткен стандарттардың талабына міндетті түрде сәйкес болуы керек.
ГОСТ дегеніміз - бұл КСРО кезінде бекітілген мемлекеттік стандарт.
ФС дегеніміз - фармакопеялық статья.
ВФС дегеніміз - временная фармакопейная статья.
Бұл жоғарыда келтірілген талаптар біздің Қазақстанда күшін жойған жоқ. Өйткені дәрілік шикізат дегеніміз - ол бүкіл дүниежүзілік маңызы бар нәрсе. Сондықтан оған қойылагын талап өте жоғары болуы керек. Яғни, Халықаралық деңгейдегі талапқа сәйкес болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаты туралы фармакопеялық мақала жазылғаннан кейін оның ішіңдегі шипалық қасиеті жоғары болып медициналық практикаға өндірілгені Мемлекеттік фармакопеяга ендіріледі.
Дәрілік өсімдік шикізатына қатысты жасалған ФС және ВФС беллгілі бір талаптарға сәйкес жасалуы керек.
ФС және ВФС-ті дәрілік шипалық өсімдіктер шикізатына қатысты былайша хаттау керек. Мақаланың (ФС) басында шикізаттың аты латынша, орысша, қазақша беріледі. Одан кейін сол шикізатты беретін өсімдікке және оның қай тұқымдасқа жататыны (орысша, қазақша, латынша) беріледі, шикізаттың жиналған уақыты, қандай ауруларға арналғаны көрсетіледі. Одан кейін белгілі бір тәртіппен жазылады: шикізатты кесу - шикізаттың бөлшектеу мөлшері және оның сипаттамасы;
Микроскопиясы — шикізаттың диагностикалық белгілері;
Сапалық реакциясы - микрохимиялық реакциясы, хроматографиялық сынағы;
Сандық көрсеткіштері - ББЗ-дың пайыздық мөлшері, экстракті заттардың, ылғалдың, күлдің, шикізаттың бөлшектерінің мөлшері және оның ауытқу мүмкіндігінің шегі, орга- никалық және минералдық қоспалары көрсетіледі:

таңбалау, тасымалдау, сақтау;
- жарамдылық мерзімі;
- негізгі фармакологиялық әсері (медецинада қолданылатын өсімдік шикізаты үшін).
ФС және ВФС бекітілгеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеледі. Меншіктілігі көрсетіледі, оол меншіктікте министрлік индексі, тіркелген нөмірі және бекітілген жылдың соңғы екі саны көрсетіледі.
Меншіктілікті көрсету мысалы :
ФС 52-208-99; мұнда 52 министрлік индексі, 208 – тіркеуге алынған нөмірі, 99 – құжаттың бекітілген жылы.
Дәрәләк өсімдіктер шиуізатын шетке шығару - өте жауапты мәселе. Өйткені шикізат – дүниежүзілік сұранысты қажет ететін өнім. Сондықтан оған мұқтаждық тұрақты болатын нәрсе. Шикізат – табиғаттың бізге тегін берген сыйы. Соған байланысты біздер дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығарғанда еліміздің экономикасына зиян келтірмей, керісінше пайда келтіру туралы ойлауымыз керек. Жас, жаңадан аяғынан тұрып келе жатқан біздің елімізде бұл мәселе әлі заңды түрде бір жақсы жүйеге келіп үлгермей жатыр. Сондықтан бұрынғы КСРО кезінде бұл мәселе қалай болып еді соған қысқаша тоқталып өтейік.
Дәрілік шикізатты шетке шығару КСРО - да 1922 жылдан басталды. Жеке меншік фирмалардың орнына кеңестік әртүрлі ұжымдар келді: Госмедторгпром, Госторг, Юготрава, Центросоюз және т.б.
Көптеген дәрілік өсімдік шикізаттарын шетке шығару бұрынғыдай қалпына келтірілді. Олардың ішінде түймедағы (ромашка - Matricaria ), жөке ағашы (Tili - липа ) гүлдері, мия (Giycyrrhiza - солодка) және т.б.
Бұл бағыттағы жұмыстар 1929 жылы түбегейлі жақсарды. Өйткені көптеген ұжымдардың орнына бір ғана ұжым - «Лектехсырье» пайда болды. Осы ұжым ғана шикізаттарды жинаумен, дайындаумен және шетке шығарумен айналысатын болды. «Лектехсырье» КСРО-да бірнеше (Ленинградта, Одессада, Новосибирскіде және Владивастокта) үлкен экспорттық базалар ұйымдастырды. Осы базаларға КСРО-ның әртүрлі региондарынан тауарлық иассалар келіп, осы базаларда ол шикізаттарға лабороториялық анализдер жасалып, шикізаттар қосымша жөнделіп экспорттық кемелге жеткізілді. Бұл базаларда тиісті сорттаушы, буып-түюші, таңбалаушы машиналар болды.
1937 жылы «Лектехсырье» ұжымы «Разноэкспорт» ұйымының бір конторасы болып өзгерді. Ал 1960 жылы Сыртқы Сауда Министрлігінің қарамағында арнайы «Медэкспорт» бірлестігі құрылды. Сол 1960 жылдан бастап барлық дәрілік шикізаттарды, медикаменттерді шетке шығару және шеттен әкелу операцияларын осы «Медэкспорт» бірлестігі жүргізді.
XX ғасырдың екінші жартысында дәрілік шикізатты шетке шығарудың сипаты өзгерді. Шетке КСРО-да онша қажеттігі жоқ шикізаттарды шығара бастады. Мемлекет ішінде қажеттігі бар шикізаттарды сыртқа шығаруға бірте-бірте тыйым салынды. Мысалы, мияны (солодка) ішкі мұқтаждыққа пайдалана бастады. Оны ішкі өндірісте фармацевтикалық тамақ және басқа өндірістік салаларда кеңінен пайдалана бастады. Сонымен қатар дәрілік эфир- майлы шикізаттар (Бәден-Anisum-Анис; Жалбыз-Montha-Мята; Дәуаскөк - Foeniculum- Фенхель), құрамында жүрек гликозидтері бар (Жалынгүл-Coronaria-Горицвет; Наперстянка-Digitalis) және т.б. пайдаланыла бастады. Өңдірістін мүмкіншіліктері қазіргі кезде тек шикізат қана емес, сонымен қатар шығу тегі өсімдіктерге байланысты препараттарды шетке шығаруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде ТМД мемлекеттерінде өндірілген фитопрепараттарды көптеген мемлекеттердің дәріханаларынан көруге болады.
Патшалық Ресейде фармокопеяны басып шығарудың кешеңденуіне себеп болған ол көптеген дәріханалардың қожайындарының шетел азаматтары әсіресе немістер болуына байланысты. Бұл дәріханалар XIX ғасырдың ортасына дейін шетелдік дәрілік шикізаттарға тәуелді болды. Дәріханалар Ресейде көптеген дәрілік өсімдіктердің бар екендігіне қарамастан шикізаттарды шеттелдерден, әсіресе Германиядан алдырып отырды. Ол шикізаттардың көбі Ресейде өсетін өсімдіктерден алынғанына қарамастан, олардан алынған препараттар Ресейде қымбат бағаға сытылып отырды. Мысалы, сантонин алынатын шикізат тек ресейде өсетін өсімдіктен алынады.
1925 жылы КСРО-да мемлекеттік фармокопеяның (МФ) YII басылымның шығуы бірінші қадам еді, ал 1946 жылы фармокопеяның VIII басылымның шығуы Ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерді регламенттеуге дұрыс өзгеріс жасады.
VIII МФ-ден бастап фармакопеяға ендірілген өсімдік шикізатыны бәрінің шығу тегі отандық болды. Тек кейбір экзотикалық дәрілік шикізаттар ғана шеттен келетін болды. Мысалы, Чиебухи, Строфанты тұқымдары, хнаның қабығы, Инеккуана тамыры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет