Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Дәріс-7: Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау



бет15/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәріс-7: Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау

Дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру
Өсімдік шикізатын жинау күнтізбесі
Дәрілік шикізатты сақтау
Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару және шеттен алып келу
Дәрілік өсімдіктерді жинау әдістері және уақыты ол өсімдіктердегі шипалық әсері бар заттардың ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Биологиялық белсенді заттар (ББЗ) өсімдіктердің әртурлі мүшелерінде немесе тек бір мүшесінде жинақталуы мүмкін. Сондықтан дәрілік өсімдіктердің барлық бөліктерінің түгел шипалық қасиеті бар деп айтуға болмайды. ББЗ белгілі бір өсімдік түрінің қай мүшесінде жинақталатынын біліп алып, содан кейін ғана нақты қажетті мүшелерін жинау керек. Қазақстандағы кейбір дәрілік өсімдіктерді жинаудың жылдык мөлшері туралы мәлімет (Егеубаева, Аверина, 1999) №1 кестеде келтірілген. Жалпы, дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелерін тек ауа райы құрғақ кездерде ғана жинайды.
Ескеретін нәрсе, шаң басқан, әртүрлі насекомдармен жарақаттанған немесе тат саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.
Бүршіктерді ерте көктемде, яғни наурыз-сәуір айларында әлі таралмаған ісінген кезінде жинаған дұрыс.
Медициналық мақсатпен өсімдік қабықтарын тек жас бұтақтардан алған дұрыс.
Шөптесін өсімдіктерді гүлдеген кезінде жинайды, оларды төменгі жапырақ денгейінде кесіп алады. Жапырақтарды гүлдеу алдында және гүлдеу басталғанда немесе толық гүлдегенде жинайды. Өсімдік өліп қалмау үшін жапырақтардың көбісін жинамай қалдырады. Гүлдерді гүлдеу енді басталғанда жинаған дұрыс. Медицинада шырынды және құрғақ жемістерді пайдаланады. Оларды тек піскен кезде ғана жинаған дұрыс. Шырынды жемістерді таңертең ерте немесе кешке жинайды. Оларды жинағанда үлкен сақтықпен езіп алмай жинап, ішінде тартып көріп қойған қалта немесе қабы бар себетке салады. Тез түсіп шашылып қалатын жемістері бар өсімдіктердің жемістерін жинағанда олардың гүлшоқтарын кесіп альш бауға (сноп) байлап, көлеңке жерге жемістері пісіп-жетілгенше іліп қою керек. Сосын сондай кептірілген бауларды өңдеп жемістерін алады.
Тұқымдарды піскеннен кейін жинайды, қыста зең (плесень) пайда болмас үшін шаңнан, әртүрлі қоспалардан тазартады, таза ауада кептіреді. Тамырлар және тамырсабақгарды күзде өсімдіктің жер үсті мүшелері сола бастағанда дайындайды.
Жерден күрекпен қазып алынған тамырларды және тамырсабатгарды сілкіп-сілкіп, тазалап жуып қағазға, матаға немесе таза жерге жайып кептіру керек.
Жалпы өсімдіктерді кептірудің 4 әдісі бар:

  1. Табиғи, бұл жағдайда шикізатты қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрады.

  2. Көлеңкеде кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіреді. Табиғи нақыштары сақталады.

  3. Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда өсімдіктер қабығы, тамырлары, тамырсабақтары, тұқымдары және жидектері кептіріледі.

  4. Жылулықта кептіру (қолдан жылыту арқылы), бұл жағдайда температураны реттеп тұруға болады, шикізат тезірек көбейсді.

Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты әдебиеттерде олардың кайсысын қай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады. Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек. Мысалы, кәдімгі еменнің (quercus robur- дуб черешчатый), ешкіталдың ( salix саргеа - ива козья) шипалық қасиеті бар бөліктерін қабығын наурыз айында жинайды. Ал қіугыр қайыңның (betula pendula) және қара теректін (populus nigra- тополь черный) бүршіктерін сәуір айында жинау керек. Қара андыздың (inula helenium - девясил высокий) тамырларын, тамырсабактарын; сасықтамырдың (ferula foetida- ферула вонючая) түйнек - пиязшықтарын; кәдімгі бақбақтың (taraxacum officinale- одуванчик обыкновенный) тамырларын сәуірде жинау керек. Ал дәрілік қырмызыгүлдің (calendula officinalis- мендула лекарственная), орман қүлқайырының (malva silvestris- просвирник лесной) гүлдерін шілде айында жинау керек. Ал итшомырттың (Ніррорһае rhamnoides-Облепиха крушиновая) жемісін қарашада кәдімгі аршаның (juniperus comminus- можжевельник обыкновенный) бүрін-жидегін желтоқсанда жинау керек. Яғни, шипалы қасиеті бар ББЗ өсімдіктің қай мүшесінде жинақталады, олар қай кезеңде жақсы күйде болады, соған байланысты жылдың әр кезеңінде дәрілік өсімдіктер жиналады. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің қайсы түрлерін қай мезгілде жинауға болатындығы туралы біздің «Лекарственные растения» деген кітабымыздың (Мухитдинов, Паршина, 2002) 288-301 беттерінде келтірілген.
Дәрілік өсімдіктер шикізаты құрғақ, қараңғы, таза, температурасы 18°С дейін болатын жайда сакталуы керек. Әрине, дәрілік өсімдіктерді сақтау қағидасы техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.
Өсімдік өркеңдерін, жапырактарын, гүлдерін, бүршіктерін сақтау 2 жылдан аспауы керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды және қабығын сақтау - 3 жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімнен ұзағырақ сақтағанда дәрілік шикізат өзінің белсенділігін жоғалтады. Жалпы, орташа алғанда шикізат шамамен 2 жыл сақталуы керек. Кейбір жағдайларда ол мерзімді қысқартуға немесе керісінше ұзартуға болады:

  • Улы және әсері күшті шикізаттар.

  • Эфир-майлы шикізаттар.

  • Жемістер және тұқымдар.

Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сақталуы керек. Шикізаттар сөрелерде (стеллаж), қатарларда (штабель) сақталады. Сөрелер мен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасы 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жапсырып қою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дәрілеп (дезинфекциялап) тұру керек.
Әрине, әдебиеттерде келтірілген дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялық тұрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дәрілік өсімдіктердің шикізаттық бөліктерін жинау олардың вегетациялық өсіп-дамуының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялық күйде жинау — ол ББЗ қай кезеңде мол жиналатынына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің әрбір түрінің ең өнімді жинау кезеңдері анықталады. Әрине өсімдікті жинаудың нақтылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы, зире (carum- тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын «шық» (роса) кеппей таңергеңгісін ерте жинайды, ал жер үсті мүшелерін, керісінше «шық» кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктің әрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар.
Шөптер.
Табиғат жағдайында шикізат жинаушылар, егерде өсімдік сиректеу кездесетін болса, оны пышақпен, ал егерде өсімдік көп, жиі топтала кездесетін болса, орақ, секатор арқылы жинайды. Егер өсімдік көпжылдық болса, оны жер асты мүшелерімен қоса жұлып алуға болмайды.

  1. Жапырақтар.

Сабақтарымен, сагақсыз шикізаттың сипатына байланысты колмсн қыршып жинайды.
Егерде шикізаты сабақсыз өсімдіктердің жапырақтарында болса, онда оларды пышақпен тамырына зақым келтірмей кесіп алады. Ірі шөптесін өсімдіктердін қос жапырақтарының тек ірі жақсырақ дамып жетілгендерін жинайды
Гүлдер.
Гүлдерді жинау техникасы ол гүлдің мүшелеріне, орналасуына байланысты (жеке ме, жоқ әлде гүл шоғы түрінде ме). Аюқұлақ (verbascum- коровяк) күлтелерін жай гүлдерден жұлып алуға болады; ақбадамның (sambucus- бузина) гүлдерін қалқан сияқты кесіп алуға болады; дәрілік түймедағының (matricaria recutita- ромашка лекарственная) себеттерін (корзинка) қыршып жинауға болады. Дәрілік ағаш өсімдіктерінің гүлдерін, мысалы, жөке ағашының (tilia- липа) гүлдерін сатыға шығып гүлдері бар өркендерін қайшымен кесіп алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет