Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет16/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77
5.Лекциялық кешен

Жемістер және тұқымдар.
Шөптесін өсімдіктердің құрғақ жемістерін және тұқымдарын, жер үсті мүшелерін орақпен кесуге болады. Жидектерді қолмен жинап алады. Шырынды жемістерді (шетен - рябина, мойыл - черемуха) соплодии түрінде (гүлшоғы) бақша секаторымен кесіп жинайды.
Тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер.
Жер асты мүшелерін жинау үшін күрек, қайла (кирка), кетпен, шот (матыга) арқылы топырақтан қазып алады. Құралды талдау өсімдіктің өскен жерінің топырақ ерекшеліктеріне байланысты. Мемлекеттік немесе жеке меншік шаруашылықтарда өсімдіктердің тамырларын, тамыр сабақтарын жинау механикаландырылған. Мысалы, мия тамырдың (gellicirrhisa uralensis- солодка уральская) тамырын ол өскен жерлерден топыраққа терең енетін соқаларды пайдаланып, трактордың көмегімен қазып алады.
Қабық.
Өсімдікті шырыны қозғалысқа келген кезеңде жинайды. Өйткені бұл кезеңде қабықты ксилемадан оңай ажыратып алуға болады.
Жас ағаштар және бұталардың бұтақтарынан, діңдерінен бақша пышағымен жартылай шар немесе шар тәріздес көлденең бірінен-бірі 20-25 см қашықтықта кесіп-тіліктер жасайды. Сосын ең жоғарғы көлденең кесіктен бастап ұзына бойы 2-3 кесік жасайды. Соның нәтижесінде пайда болған қабық жолақтарын төменгі кесікке қарай тартады, бірақ оған жеткізбейді. Сол күйінде қабық жолақтары біраз уақытқа қалдырылады. Шамалы солып, кебіңкірегеннен кейін сыпырып алады.
Бүршіктер.
Әртүрлі әдістермен жиналады:

теректің (Рорulus) бүршіктерін бұтақтардан ақырын жоғарыдан төмен қарап басу арқылы ажыратып алады.
Осылайша шикізат ретінде жиналған өсімдіктің мүшелерін алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Олардың барлығы әртүрлі қоспалардан тазартылады. Содан кейін кептіруге дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет