Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Дәріс-6: Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу



бет14/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәріс-6: Дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу

Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты және міндеттері
Ерте 'заманғы елдердің (Қытай, Грекия» және т.б) дәрілік есімдіктерді пайдалануы және олар туралы еңбектері
Жана дәрілік өсімдіктерді айкыңдап әшкерелеудің жолдары мен әдістері Мыңдаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі ауруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине, әр түрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылды. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинақталды. XX ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеу үшін пайдалануға болатын жасанды препараттар өмірге келді. Соның нәтижесінде көптеген өңірлерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгеріп, яғни қызығушылық төмендеді. Соңғы 20-30 жылдың аумағында дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгеріп, оларды кеңінен пайлана бастады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. ДДС ұйымының бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлскеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Үндістан бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар емшілерінің емдері кеңінен пайдаланылады.
Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда 1974 жылдан 1989 жылға дейінгі 15 жылдың ішінде синтетикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілерді пайдалану 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд доллар болды.
Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған нұсқауларының 25%-ы — өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде, сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Белгияда - 60%-ы, Англияда — 74%-ы қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болуы керек деген.
Қазақстан дәріханаларында сатылатын қымбат дәрілердің 90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық Өндірісті дамыту үшін, әрине көп уақыт және өте көп қаражат керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін дәрілік өсімдіктерден препаратгарды алуды тезірек ұйымдастыру тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.
Экономикалык тиімді болу үшін халық саны 50 млн шамасында, шығарылған өнім жоғары сапалы болып бәсекелестікке түсетіндей болуы керек.
Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан үкіметі республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаға көңіл бөліп, қаржыландырып келеді.
Кейбір институттардың, акционерлік коғамдардың жэне жеке кәсіпкерлердің белсенділігі нэтижесінде соңғы жылдары дэрілік өсімдіктен алынган шикізат мөлшері айтарлықтай артты. Дәрілік өсімдіктерден алынатын препаратгарды жасау жолындағы жұмыстардың ауқымы кеңеюде. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстардың табиғат үшін, әсіресе кейбір дәрілік өсімдікгер үшін қауіпті жақтары да жоқ емес. Осыған байланысты Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДС) дэрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдсрдің азаматтары ушін бұлжытпай орындалатын ереже болуы ксрск. Сондықтан ДДС ұйымының нұсқауын халыққа тезірек жегкізіп түсіндіру үшін академик Н.Д. Беклеминіевтің басшылығымсн біраз маман-ғалымдар К.Д. Рахимов, Ж.А. Сатыбалдиева, Г.Н. Суходоева, С.М. Адекенов, К.А. Тлемісова, Қазақсган Республикасының Фармакологиялық Мемлекеттік комитетінің ұсынысымен және мақұлдауымен 1999 жылы «Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқауы» деген арнайы жинақ шығарылды. Бұл жинақта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар келтірілген.
Бұл жинақ негізгі 4 бөлімнен тұрады:
1.Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың ДДС ұйымы ұсынған нұсқауы.
2.Өсімдіктен алынған дәрілердің қауіпсіздігін және тиімділігін зерттеудің нұсқауы.
3.Өсімдіктен алынған дәрілерді бағалаудың нұсқауы.
4.Жақсы өндірістік практика: дәрілік өсімдіктерден өнім өндіруге қосымша нұсқау.
Бұл жинақта келтірілген дәрілік өсімдіктерге қатысты халықаралық талаптардың ішіндегі біздің пәнімізге қатыстысы. 0л ДДС ұйымының негізгі алғашқы талабы. Ол табиғаттағы дәрілік өсімдіктерді қорғап, сақтап, экологиялық тепе-теңдікті қалыптастыруға әрекет жасап жағдай туғызу.
Дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, ол - биологиялық білім саласындағы ілімнің қәзіргі замандағы жағдайын көрсету. Негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдалануымен таныстыру.
1.Әртүрлі систематикалық топтардың негізгі дәрілік өсімдіктері және олардың биологиялық белсенді заттары туралы.
2. Арнайы танылған-мойындалған дәрілік өсімдіктер туралы.
3. Қазақстанның жалпы белгілі дәрілік өсімдіктері туралы.
4. Дәрілік өсімдіктерді сақтаудың принциптері туралы.
5. Дәрілік өсімдікгерді пайдалану туралы.
Ерте заманғы жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішіндс, әрине шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Мысалы, халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары - шай ішкен, Орталық Америка халықтары - какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары — мате жапырақтарын пайдаланған, Амазонка индеицтері гуарапуданы пайдаланған. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде жалпы бір дәрілік зат — кофеин алкалойды бар екендігі кейіннен анықталған.
Гельминттермен (паразит құрттар) күресу үшін Африка 'тұрғындары куссо гүлін, Азия тұрғындары камалу деген өсімдікті, ал Солтүстік халықтары папоротниктің тамыр сабағын қолданған. Бұл өсімдікгерде гельминтке әсер ететін заттар бір класқа жататын табиғи қосылыстар екендігі анықталған. Көпжылдық байқау, практика жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымның бір саласы өмірге келді. Фармакогнозия (гректің рһагmакоn - дәрі, у және gnosis - зерттеу, білу) - дәрілік өсімдіктердің дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік пен жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым. Біздің дәуірімізге (эра) дейін Таяу Шығыс халықтары (шумерлер, ассириялықтар, вавилондықтар) дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаған. Дегенмен, өсімдіктер туралы молырақ мәліметті грек әдебиеттерінен табуға болады. Гректер тек өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар Египет, Таяу Шығыс халықтарының дәрілік заттарын кеңінен пайдаланған
Ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (460-377 жж. б. д. д.) медициналық шығарма құрастырды. Емдеу үшін ол, негізінен, физикалық жэне диеталық әдістерді пайдаланды. Дегенмен, оның еңбектерінде 230 дәрілік өсімдіктің сипатгамасы беріліен.
Өсімдіктерге көбірек көңіл бөлген ерте грек дәуірінде емір сүрген философ, ботаник Теофраст (372-267 жж. б. д. д.) болды. Теофраст «Өсімдіктерді зерттеу» трактатының авторы.
Ертедегі Рим фармациясының және медицинасының өкілі К.Гален (131-201 жж.) өсімдіктерді дәрілік шикізат ретінде өте жоғары бағалады. Гален препараттарды экстракт әдісімен өндіруді ұсынып, іске асырды. Ол осы уақытқа дейін Гален препараттары деген атпен белгілі.

  1. Оңгүстік-Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануалардан алынған 65 дәрілік зат, 48 дәрілік минерал болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі «Книга о травах» деген (Бень-Цао) кітапта жазылған. Ең белгілі дәрілік өсімдіктер туралы «Травникті» Қытайда Ли-Ши-Чжен құрастырды. Ол XVI ғасырда басылып шыққан. Бұл «Травникте» 1892 объект, соның ішінде 900 дәрілік өсімдік жазьлған.

Үндістан медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Үндістанда ең белгілі еңбек - ол «Аюрведа» («Наука о жизни» - өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта жөнделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі - ол үнді дәрігері Гунгруттгың (IV гасыр б. д. д.) өндегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген.
Тибет медицинасы Үндістан медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке буддизм арқылы енген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі - ол «Джуд-Ши» («Сущность ңилебного» - «Шипалыкгың мәні»), ол Үндістандағы «Аюр- туці» негізінде жазылған.
Медицина және фармацияның даму тарихына араб ғалымдары үлкен үлес қосты. Джундишапур жэне Александрия қалаларында медициналық мектептер гүлденіп дами бастады. Бұл мектептерде Грецияда жэне Римде шыққан медициналық кітаптар араб тіліне аударылды. Тарихта көптеген араб дәрігерлерінің еңбектері туралы мәліметтер бар. Олардың ішінде, атап айтатын болсақ, Абу Мансур Мувафикті келтіруге болады. Ол 977 жылы фармакогнозия туралы кітап жазды. Ол кітапта 466 дәрілік өсімдік туралы мәліметтер бар. Бұл кезеңде ең белгілі, дүние жүзіне атағы жайылған тәжік халқының ¥лы Дбу Али Ибн-Сина болды (Авиңенна Бұқардан). Ол 930-1037 жылдары өмір сүрді. Абу Али Ибн-Синаның дүние жүзіне әйгілі (болған еңбегі - «Канон врачебной науки». Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Орыс тіліне 1954 жылы аударылған. Ол еңбек Европада ұзақ уақыт үлкен құрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің 2 және 5- томдарында фармация туралы мәліметтер қамтылған. Ибн-Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды, әсіресе өсімдіктен алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланды.
Ибн-Синаның замандасы өзбек ғалымы, энциклопедист Хорезм шаһарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі — «Фармакогнозия в медицине» (Кітаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо). Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап еңбск басқа тілдерге аударыла бастады. 1973 жылы У.И Каримовбұл еңбекті алғаш рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек "Сайдана" деген атпен белгілі. "Сайданада"1116 тарау бар, соның 880 тарауында дәрілік өсімдіктер туралы жазылған.
Европада орта ғасырда медициналық білім төмен болды. XII ғасырдан бастап Европаға Испания, Сцилия арқылы Арабия медицинасы дами бастады. Арабтардың жоба нұсқасы бойынша ауруханалар және дәріханалар ұйымдастырыла бастады. Медициналық еңбектерді араб тілінен латын тілдеріне аудара бастады.
Орта ғасырдың соңғы кезеңдерінде дәрілік өсімдік туралы ғылымының дамуына ятрохимия (қәзіргі заманғы фармацевтикалық химияның бастамасы) көп ықпал етті. Ядрохимияның негізін салушылардың бірі - Теофраст фан Геоггенгейм. Ол парацельс деген атпен белгілі. бұл дәуірден сигнатура деген ілім қалды. Сигнатураның мәні - дәрілік өсімдіктерді емдік мақсатта олардың сыртқы белгілерінің ерекшеліктеріне қарай ұсыныс жасау (лат signa naturea- знаки природы). Осы түсініктерге байланысты:
1. Шайқурай-зворобей-hipericum-мысалы ұрылған жараларға
2. Сары ауруға қарсы- айқын сары гүлдері бар салаубас- бессмертник- hellicrysum- ұсынылады
3. Тікенекті өсімдік түйетікен - чертополох- carbus- асқазандағы шаншу ауруына қарсы
4. женьщень, мандрагора деген өсімдіктер формасы адам фигурасына ұқсастығына байланысты барлық ауруға ем ретінде қолданады.
Бұл бағыт мистикалық түсінік және өтірік көзқарастар екендігіне қарамастан өсімдіктер туралы морфологиялық. систематикалық мәліметтер жиналуына себепші болды.
Парацельстің өсімдіктерде бір әсер ететін бастаманың, күштің бар екендігі туралы түсініктері XVII-XVIII асырларда өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеудің қажет екендігіне алып келді Ол өз кезеңінде фармакогнозияның саласында фитохимияның ашылуына алып келді.
Фармацевтер өсімдіктердің әртүрлі әсер ететін заттарды ажыратып алуды бастады. Ең алғашқы алколойдты морфиннен француз фармацевті Сертюрнер бөліп алды.
Патшалық Ресейде фармакогнозияның және фармацияның дамуына I Петр үлкен үлес қосты. Петр патшаның жарлығымен Ресейде дәріханалар және дәріханалық бақшалар ұйымдастырылып салына бастады. Бұл саланың дамуына 1724 жылы ұйымдастырылған Ғылым академиясының да үлесі зор болды КСРО-да отандық дәрілік өсімдіктер каталогын жасау және дәрілік өсімдіктерді жинау, оларды шикізат ретінде пайдалану фармакогнозияның алдына бірқатар маңызды әсерлер қойды: химиялық, ресурстық, тауартанушылық салаларында.
Методикалық тұрғыдан әртүрлі жүйелер, классификациялар сыналды. Соның нәтижесінде бүкіл КСРО-дағы фармакогнозия саласындағы мамандар бір тұжырымға келді. Ол бір класификацияны, яғни бір химиялық классификацияны мойындап қабылдау туралы шешім қабылданды. яғни шикізаттағы әсер ететін биологиялық белсенді заттарға қатысты.
Кеңестік фармакогнозияның қалыптасып дамуы- ол бүкіл КСРО-дағы фармакогностар қауымы еңбектердің нәтижесі. Әсіресе, бұл салаға еңбек сіңген профессорлар А.Ф Гаморман, Д.М Шербачев А.Я Томингас және т.б.
Әсіресе Гаммерман А.Ф (1888-1978) еңбегі ерекше. Ол 30 жылдан астам Ленинград химия-фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол кісі дәрілік өсімдік шикізатының диягностикалық курсын жасап шығарды. Сонымен қатар ол кісі оқу бағдарламасына иһтауартанушылық және фитохимиялық анализ жасауды ендірді.
Сол Гаммерманның мектебінен профессорлар К.Ф Блиннова, Г.П Яковлева, Л.И Эристива, Д.А Муравьева және т.б. шықты.
Фармакогнозияиың дамуына проф. Д.М. Щербачев үлкен үлес қосты. Щербачев - КСРО-дағы ең бірінші фармакогнозия оқулығының авторы (1930). Ол оқулық химиялық классификация негізінде жасалған. Ол көп жылдар Мәскеу фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық әдістерін жасауға көп үлес қосты.
ТарГУ университетінде А.Я. Томингас дәрілік өсімдіктер химиясын және олардың филогенетикалық байланыстарын зерттеумен айналысты. Кейінірек бұл бағытты И.К. Томмеорг (1929-1986) жалғастырды. Украинада фармакогнозияны дамытуға Харьков фармацевтикалық институтының профессоры Ю.Г. Борисюк еңбек сіңірді. Кавказда фармакогнозияның дамуы Тбилиси медицина институтының профессорлары Э.Я. Аболяға және В.Е.Шотадзеге байланысты. Фармакогнозияның дамуы Әзірбайжанда профессор И.А. Дамиров, Өзбекстанда профессор Р.Л. Хазанович және профессор Х.Х. Халматов, Томскіде профессор Л.Н. Березнеговский еңбектеріне тікелей байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанда фитохимиялық зерттеу жұмыстары Қарағандыдағы фитохимия (проф. С.М. Адекенов), Шымкент химфарм заводында, ҚазҰУ-дың химия факультетінде табиғи қосылыстар химиясы кафедрасында кеңінен жүргізілуде.
Мамандардың мәліметі бойынша, біздің планетамызда гүлді өсімдіктердің 250-300 мың түрі кездеседі. Қазақстанның өзінде 6000 түрі бар. Оның ішінде әлі толық зерттелмеген шипалы өсімдіктер жеткілікті. Бірақ осы уақытқа дейін бұл мәселе әлі толық зерттелген жоқ. Сол 6000 өсімдіктің ішінен жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің бірнеше әдістері бар:
1.Халықтық медицина тәжірибесін зерттеу. Өйткені осы кездегі қолданылып жүрген барлық дәрілік өсімдіктер сол халықтық медицинадан алынған. Халықтық медицинамен танысудың бастапқы этапы ол:
а) арнайы экспедициялар ұйымдастырып, халық арасындағы тәуіптер, ақсақалдармен, әжелермен сейлесіп мәліметтер жинау.
ә) жиналған мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, әдебиеттермен танысып, олардың каталогын жасау.
2.Ғылыми медицинада пайдаланып жүрген дәрілік өсімдіктерді тереңірек зерттеу. Қазіргі материалдарды, ғылыми жетістіктерді пайдаланып ревизия жасау. Алынған мәліметтерді халықтық медицинадағы мәліметтермен салыстыру. Мұндай жұмыстың нәтижесінде кейбір дәрілікік өсімдіктердің медицинада қоданылу бағыты өзгеруі мүмкін.
3.Филогенетикалық әдіс. Ботаникалық тұрғыдан туыс өсімдіктердің химиялық құрамы ұқсас болуына байланысты ол өсімдіктердің фармакологиялық әсері де ұқсас болуы мүмкін. Олардың мұндай биологиялық заңдылықтарын білу арқылы бұл бағыттағы жұмысты белгілі бір мақсатпен тиімді жүргізуге Пилады. Бұл - эсіресе Орта Азияда, Қазақстаңда өте өзекті мәселе. Өйткені біздің Қазақстанда Европада, Ресейде дәрілік қасиеті дәлелденген өсімдіктердің көптеген түрлері кездеспейді, бірақ оларға өте жақын түрлер сол туыстың өкілдері кездеседі. Соларды тереңірек зерттеп, қажетті түрлерді тауып өндіруге болады.
4.«Елек» әдісі. Бұл әдіс жаппай далалық негізгі биологиялық белсенді заттарға фитохимиялық анализ жасағанда қолданылады. Белгілі бір ауданда, регионда, экологиялық жағдайда сол жерде өсетін барлық өсімдіктерге фитохимиялық анализ жасалады. Бұл жұмыстар осылай аналитикалық «електен өткізгенде» белгілі бір құрамында қажезті алкалойдтар, жүрек гликозидтері, сапониндер, эфир майлары және басқа да белсенді топтары бар өсімдікгер, болашагы бар өсімдіктер табылады-ау деген мақсатпен жүргізіледі. Бірақ бұл әдіс өте қымбат, көп күш жұмсауды қажет етеді. Қазіргі кездерде экспедициялар белгілі бір мақсатпен алдын ала әдебиеттегі мәліметтерге анализ, өсімдіктерден халық медицинасында қолданылатындардың шешімі жасалып, сол өсімдіктер ғана жиналып, оларға фитохимиялық анализ жасалады.
Халық медицинасымен танысқанда тек өз халқымыздың ғана емес басқа да Арабия, Қытай, Тибет халықгары медициналарымен танысқан дұрыс. Орта Азияда, Қазақстанда бүкіл дүние жүзіне әйгілі Шығыс медицинасының, ертедегі Араб медицина- сының, Бурятияда Тибет медиңинасының іздері қалған. Соларды тауып толық танысу үлкен маңызды мәліметтер береді. Өсімдікіерден алынған экстрактілер медиңинада клиникалық сынақтан өткеннен кейін медицина практикасына ендіріледі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет