Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет22/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77
5.Лекциялық кешен

Нуклеин қышқылдары – бүкіл тірі жүйенің тұрақты және қажетті құрам бөлігі нуклеидтердің – өте көп қайталануынан құралған бөлімшелер, өсімдіктер нуклеин қышқылдары медицинада емдеу үшін қолданылмайды.
Ферменттер – биохимиялық реакциялардың катализаторлары, белокты бөліктен (апоферменттер) және белоксыз бөліктен (коферменттер немесе коэнзимнен) тұрады.
Антроценді заттар – үш конденсацияланған сақинасы бар табиғи заттар тобы, жалпы формуласы С6-С2-С6.
Антрахинондардың әртүрлі туындылары негізінен Rubiaceae Juss., Rhamnaceae Juss., Polygonaceae Juss., Fabaceae Lidl., Liliaceae Juss. тұқымдастары өкілдерінде жиірек кездеседі.
Витаминдер – әртүрлі химиялық құрылымды организмнің дұрыс тіршілік етуіне өте қажетті төменгі молекулалық органикалық қосылыстар тобы.
Осы уақытқа дейінгі белгілі витаминдердің көбісі жануарлар және адамдар организмінде синтезделмейді. Олардың 20 дан астамы өсімдіктерден жасалған тамақпен келеді, дайын витаминдер немесе провитаминдер түрінде көп жағдайда олар коферменттер. Витаминдерге ұқсас қосылыстар да бір– кейбір флавоноидтар (рутин т.б.), каротиноидтар, холин инозит, липоев, никотин оотов және пангамов қышқылдары және т.б.
Өсімдіктерде түріне байланысты витаминдер және витаминдерге ұқсас қосылыстар мөлшері бірдей емес. Өсімдіктердің кейбір түрлерінде витаминдер мол болуы мүмкін. Тағамдық өсімдіктер және олардан алынатын препараттар авитаминоздан сақтандыру үшін пайдаланылады. Мысалы раушан (Rosa – шиповник), қалақай (Urtica – крапива), жеміс ағаштары, цитрустар.
Гликозидтер – құрамында әртүрлі агликондар және көмірсулар фрагменттері бар көптеген биологиялық белсенді қосылыстар тобы.
Барлық гликозидтер суда, спиртте, су-органикалық ерітінділерде жақсы ериді.
Гликозидтердің агликондары болып алкалоидтар, фенолдар, фенол қышқылдары, бензофенолдар, стильбендер, хромондар, кумариндер, ксантондар, флавондар, антроцендер және басқа да заттар бола алады.
Гликозидтердің ең көп таралған типтері: гликоалкалоидтар, антрацендер, кумариндер, жүрек гликозидтері, сапониндер, фенолдар, фурастанолдар, флавоноидтар.
Гликозидтер физико-химиялық қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді:
1) гидрофильді,
2) гидрофобты.
Терпеноидтар гликозидтерін терпенді сапониндер, ал стероидтар гликозидтерін стероидты сапониндер деп атайды.
Сапониндер – бір молекулада гидрофильді және гидрофобты қалдықтар болуына байланысты зор беттік белсенділігі бар заттар.
Сапониндер екі топқа бөлінеді: бейтарап (стероидты тип) суда оңай ериді және қышқыл (трипенді) суда қиын ериді, сілтілер ерітіндісінде оңай ериді. Сапониндер сулы ерітінділерде көпіршіктенеді, сұйықта ериді, метанолда және этонолда 70%, ал қайнатқанда 90% дейін, салқындатқанда тұнбаға түседі.
Жүрек гликозидтері - жүрек бұлшық еттеріне таңдамалы кардиотоникалық әсер ететін табиғи биологиялық белсенді заттар тобы. Бұл қосылыстардың агликоны болып циклопентанпергидрофенан трен болып саналады. Кәдімгі қанттардан басқа глюкоза, фруктоза, рамноза, жүрек гликозидтерінде ерекше дезоксиқанттар (дигитоксоза және цимороза) болады. Көптеген гликозидтер этил эфирінде, хлороформда, петролеид эфирінде және суда аз ериді, ал метил және этил спиртінде жақсы ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет