Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар



бет30/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәрілік шикізаты.
Өсімдікті бутондану (бүрлену) фазасынан бастап гүлдегенге дейін жинайды. Шикізаттың сапасы алкалойдтардың мөлшерімен анықталады, алкалойдтар мөлшері 1%-дан кем болмауы керек.
Өсімдікті піскен жемістерімен жинауға болмайды, өйткені жемістерінде және тұқымдарында цитазин деген алкалойд болады.
Пайдаланылуы.
Қақырық түсіретін дәрі ретінде улы жыланбұршақ тыныс алу жолдары ауырғанда (трахеид, бронхит, өкпеге суық тигенде) пайдаланылады.
Өндірісте әртүрлі ұнтақтар, таблеткалар, құрғақ экстрактілер шығарылады. Олардың құрамында 0,01-0,05 г белсенді заттар болады.
6. Хинолинді алкалойдтар.
Хинолин - гетероциклді жүйе, конденсацияланған пиридин және бензол тізбектерінен тұрады. Таскөмір қарамайынан бөлінген, өте жоғары улылығымен сипатталады (жүйке уы). Хинолин көптеген дәрілік препараттарды синтездеуге (хинозол, совкаин, плазмохин, плазмацид, хиноцид және т.б.) пайдаланылады.
Көп уақыт бойы хинолин тек қана қына ағашында болады деп келді. Кейінгі жылдары хинолин ТМД елдері флорасынан лакса (Echinops - мордовник - Asteraceae) және ясенус деген өсімдіктерде болатындығы анықталды.
Хинолин алкалойдтарының биогенезі әлі толық ашылмаған. Болжамдар бойынша, олар триптофан және монотерпеннен пайда болған.
Қына ағашы (Cinchona sp.) жабайы түрінде тек Онтүстік Америкада: Перу, Боливия, Эквадор, Венесуэла және Колумбияда кездеседі. Перу және т.б. мемлекеттер өздерінің монополиялық рөлін жоғалтпау үшін басқа елдерге бұл ағаштың тұқымдарын және басқа да отырғызатын материалдарын бермеді. Өткен ғасырларда бір неміс ғалымы, сосын бір ағылшын саудагері хинаның (Cinchona) тұқымын алып Ява аралында егіп, бірте-бірте цинхона (қына ағашы) екпе өсімдікке айналды. Қазіргі кезде цинхонаның плантациялары Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үндістанда, Шри-Ланкада және Африкада бар. Бұл өсімдік Қазақстанда жоқ болғандықтан, толығырақ Echinops ritro L. және Е. sphaerocephalus L. өсімдіктеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Echinops ritro L. - мордовник обыкновенный. Asteraceae тұқымдасынан, қазақша аты - Аққурай.
Аққурай (Echinops ritro L).
Көпжылдық шөптесін өсімдік, жуан кіндік тамыры бар. Сабақтары - біреу кейде бірнешеу, биіктігі - 20-60 см.
Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопайған, қауырсын тәрізді бөлінген жапырақтарының жоғарғы беті тегіс жалаңаш, ал төменгі беті ақ-өрмекші торындай киізденген.
Гүлдері шар тәрізді шоқпар бас гүлшоғына жинақталған. Гүлдердің барлығы түтікше тәрізді, тостағаншасы айдарша тәрізді, күлтесі көк. Жемістері - тұқымша, орамшалардың ішінде дамиды.
Аққурай далалық шалғындықтарда, далада, тасты беткейлерде, өзен арналарында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет