Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар



бет28/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
5.Лекциялық кешен

4. Конденсацияланған пирролидинді және пиперидинді сақиналы алкалойдтар.
Solanaceae тұқымдасы өкілдерінде меңдуана (Hyoscyamus -белена), сасықмеңдуана (Datura - дурман), красавка (Қазақстанда кездеспейді) алкалойдтар болады. Ол алкалойдтардың құрылысы негізіне пиперидин және пирролидин тізбектерінен тұратын конденсацияланған жүйе жатады, ол тропан деген атпен белгілі. Барлық тропан алкалойдтары екі аминоспирттердің (тропин және скопин) туындылары болып табылады.
Solanaceae тұқымдасының әртүрлі мөлшері 0,04-3% аралығында болады. Бір өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде алкалойдтар жиынтығы бірдей емес. Ол өсімдіктің вегетациялық фазасына және өскен ортасының жағдайына байланысты.
Solanaceae тұқымдасы өкілдерінің бәрінің құрамында екі негізгі алкалойд (гиосциамин және скополамин) болады, бірақ та олардың арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан өсімдіктердің жеке түрлері әртүрлі пайдаланылады. Құрамында екі негізгі алкалойды бар. Atropa belladonna L, Scopolia carmolica Jacq, Hyoscyamus niger L, Datura stramonium L өсімдіктері ішінен Hyoscyamus niger L өсімдігінің ерекшеліктеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қара мендуана (Hyoscyamus niger L. - белена черная). Екіжылдық шөптесін өсімдік, жұмсақ түктенген, жабысқақ, сүйкімсіз иісі бар, биіктігі 80 см-ге дейін. Бірінші жылғы жапырақтары ірі, сағақты, сопақ-жұмыртқа, ойық қауырсын тәрізді кесілген формасы бар. Сабақтағы жапырақтары сағақсыз, жұмыртқа тәрізді ланцетті формасы бар, ойық қиықшалы (выемчато-лопастные). Гүлдері сабақ және бұтақ ұштарында шоғырланған, гүлдегеннен кейін ұзарып кетеді. Тостағанша ұзындығы 20 см-ге дейін, түтікше-қоңырау сияқты, 5 тісшелі, түпкі жағы қалың түктенген, жеміс түзілгенде құмыра тәрізді болып кетеді. Күлтесінің ұзындығы - 20-30 мм, майқұйғыш (воронка) тәрізді, 5 жалпақ бөлікті, сатпақ-сары, қоңыр-күлгін жүйкелері бар. Жемісі - 2 ұялы қорапша. Тұқымдары қоңыр-қара, дөңгелек, жалпиған, кесе-көлденеңі - 1,5 мм.
ТМД елдерінің Европалық бөлігінде кеңінен таралған, Кавказда көп кездеседі. Құнарлы топырақты жерлерде өседі. Үйлердің жандарында, жолдардың бойларында, арамшөп ретінде бақшаларда, Қазақстанның барлық региондарында кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктердің барлық мүшелерінің құрамында алкалойдтар бар, олардың ішіндегі негізгілері: гиосциамин және скополамин. Алкалойдтар мөлшері жапырақтарда - 0,05-0,1%, шамамен сол мөлшерде, тұқымдарында, тамырларында көбірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет