Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Нектар қалайша балға айналады?



бет52/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
5.Лекциялық кешен

Нектар қалайша балға айналады?
Бұл процесс, әрине араның асқазанында басталады. Нектардың құрамында су азаяды және сілемейлі бездер ферменттерінің әсерінен нектардың құрамы өзгереді. Ара нектарды алып келіп, кәрезге (саты) орналастырады. Кәрездегі нектардың құрамы басқаша. Бірақ бұл затты әлі бал деп айтуға болмайды. Өйткені оның құрамында әлі 60% су болады. Кәріздің ұяларында бал пісіп-жетіледі. Балдағы судың мөлшері 18-20% шамасында болады, қамыс қанты (тростниковый сахар) түгелімен глюкозаға және жеміс қантына айналады. Сосын жаңа ферменттер пайда болады. Сол жаңа ферменттердің әсерімен бал толық пісіп-жетіледі. Кәріздің ұялары толық балға толғанда ол қоюланады, ара ұяны жауып бекітеді. Балдың нектардан айырмашылығы химиялық құрамында судың мөлшері 18-20% ғана болады, қарапайым қанттар басым болады, 18-20% судан басқаның бәрі қанттар.
В.Г.Чудаков (1963) мәліметтері бойынша балдағы қарапайым қанттардың орташа мөлшері - 68-73%. Ал жалпы алғанда 55,9-84,4 % аралығында болады.
Қарамық (Fagopyrum - гречиха) балында орташа қарапайым қанттар мөлшері - 71,4%, жөке ағашы (Тіlіа - липа) балында -74,7%, түйежоңышқа (Mellilotus - донник) балында 74,4% болады.
Балдың құрамы нектардың құрамына байланысты. Егерде нектардың құрамында жүзім қанты көп болса, балдың құрамында жүзім қанты көп болады. Балдың кристалдануы нектардың құрамындағы жүзім қантының мөлшеріне байланысты.
Жүзім қанты көп болған сайын бал тезірек отырады (кристалданады).
Мысалы, жөке ағашы (Тіlіа), қарамық (Fagoulum), ақ беде (Trifolium) балдары тез кристалданады. Ал ақ акация балында жеміс қанты көп болады, сондықтан бірнеше ай бойы кристалданбайды. Нектардың балға айналуының биологиялық мәнісі мынада: 1) бал қанттардың қою ерітіндісі және оптимальды жағдайларда ашымайды; 2) күрделі қанттардың қарапайым қанттарға айналуының ара семьясының қыстан қиналмай шығуы үшін маңызы үлкен.
Тозаң (пыльца).
Аралардың дұрыс тіршілік етуі үшін қанттан басқа оларға белок және май керек. Белокты, майды және қажетті витаминдер мен минералды тұздарды аралар тозаңнан алады. Аралар гүлдерден нектар алғанда тозаңдарды қосып алады. Аралар ұяларына алып келгенде нектар мен тозаңдарды кезек орналастырады да, сілекеймен ылғандандырады. Араның бір семьясы ұяларына бір сезонда 60 кг тозаң алып кетеді, ал оларға қажеттісі - 30 кг.Тозаңдары мол өсімдіктер қатарына тал (Salіх - ива), бақбақ (Taracsacum - одуванчик), ақ беде (Trigolium repens - белый клевер), эспарцет (Onobruchis - эспартет), көк гүлкекіре (Centaurea - cyans - василек синий) және басқа көптеген өсімдіктер жатады.
Нектар бермей тек қана тозаң беретін өсімдіктер түрлері бұрынғы КСРО территориясында 1000-нан асады. Бұл өсімдіктерді екі топқа бөлуге болады: 1) желмен тозаңданатындар; 2) насекомдармен тозаңданатындар. Бірінші топқа екіншімен салыстырғанда көбірек өсімдіктер түрлері жатады. Бірінші топқа, мысалы, қандағаш (Alnus - лещина), қоға (Турһа -широлистный рогоз), қияқөлең (Саrex – осока), өлеңшөп (Scirpus - камыш) және тағы да басқа көптеген өсімдіктер жатады. Бұл өсімдіктер тобына көптеген кәдімгі арамшөптер, мысалы, көкпек (Atriflex - лебеда), гүлтәжі (Amaranthus - щирица), қалақай (Urtica - крапива), қымыздық (Rumех - шавель) сияқты өсімдіктер де жатады. Бұл топқа жататын өсімдіктердің гүлдері майда, көмескі немесе көкшілдеу өте көп болады. Аталықтары және аналықтары әртүрлі гүлдерде орналасқан (қос жарнақтыларда). Бұл өсімдіктердің барлығы, яғни бірінші топқа жататын өсімдіктер желмен тозаңданады және өте көп тозаң береді. Сондықтан ол өсімдіктердің көпшілігі ара шаруашылығы үшін өте пайдалы.
Нектар бермейтін өсімдіктердің екінші тобы насекомдармен тозаңданатын айқын ашық гүлділер. Көбісінің гүлдері өте ірі, мысалы, раушан (Rosa - роза, шиповник), көкнәр (Papaver - мак), желайдар (Anemone - ветреница), жібілген (Clematis - ломонос), бузина (Sambucus - бузина), аюқұлақ (Verbascum - коровяк).және басқа өсімдіктер тозаңдарының химиялық құрамы (3 кесте) келтірілген Коморовтың (Глухов, 1974 бойынша) мәліметтері бойынша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет