Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар



бет26/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
5.Лекциялық кешен

2.Пиролидинді және пирролизидинді алкалойдтар.
Бұл алкалойдтардың белгілі өкілі болып Страхидрин саналады. Біраз өсімдік түрлерінде осы алкалойд олардың негізгі шипалық қасиетін анықтайды. Страхидриннен басқа пиролизин алкалойдтары қатарына гигрин және кускгигрин жатады. Бұл алкалойдтар, негізінен, Solanaceae тұқымдасы өкілдерінде кездеседі.
Пиролизидинді алкалойдтар Asteraceae тұқымдасына жататын Senecio туысы өкілдерінде кездеседі. Сонымен қатар ол алкалойдтар Fabaceae және Boraginaceae тұқымдастары өкілдерінде де кездеседі. Бұл алкалойдтар күрделі эфирлерге жатады. Олар өз кезегінде гидролизден кейін алифатты моно және дикарбон кышқылдарына (нецин кышқылдары), және аминоспирттерге (нециндер) ыдырайды.
Өте жиі кездесетін нециндер -- ол платинецин және ретронецин.
Бұл алкалойдтар Stachys Betonicaeflora Rupr, Senecio platyphylloides Somm et Lev, Senecio rhombifolius (Wild) Sch Bip; Symphytum asperum Lepech өсімдіктерінде кездеседі.
Осылардың ішінен Senecio platyphylloides өсімдігіне толығырақ тоқталып өтейік.
Зиягүл (Senecio - крестовник).
Senecio platyphylloides Қазақстанда кездеспейді, көпжылдық шөптесін өсімдік, жуан көлденең дамыған тамырсабағынан көптеген қосалқы тамырлар кетеді. Сабағы (биіктігі 150 см-ге дейін) жеке, жоғарғы жағы бұтақтанған, кысқа қатты түктері бар.
Senecio platyphylloides өсімдігі Кавказ тауларында бұталардың арасында, аралас қарағайлы-қайыңды-шамшат (бук) ормандарында, субальпі белдеулерінде кездеседі. Өте мол Батыс және Оңтүстік Закавказьеде кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалойдтар плантифиллин және сенецифиллин болады. Плантифиллин дегеніміз - платинециннің және сенецион қышқылының күрделі эфирлері. Бұл екі алкалойд та көп жағдайда N-оксид формасында болады.
Тамырсабақтарда алкалойдтар жиынтығы 2-ден 5%-ға дейін, ал шөбінде 0,6-3% болады. Олардың 30%-ы плантифиллин, ал қалғаны сенецифиллин болады.
Дәрілік шикізаты.
Бұл өсімдікті, негізінен Грузияда жинап дайындайды. Өйткені бұл регионда өсімдікте алкалойдтар мөлшері жоғары. Көп уакыт бойы тамырсабақтары тамырларымен бірге жиналды. Бірақ та бұлайша жаппай жинау өсімдіктің тіршілігіне ғана әсер етіп қоймай, ол өсімдік өскен жерлердің экологиялық жағдайы нашарлап, топырақтары эрозияға ұшырайды. Қазіргі уақытта тамырсабағының орнына тек жер үсті мүшелерін жинайды.
Өсімдікті гүлдеу кезінде сабақтарын жер бетінен 10-15 см биіктікте кесіп алып, тамырсабақтарына зиян келтірмейді. Плантифиллин мөлшері 0,2%-дан кем емес.
Пайдаланылуы.
Плантифиллин асқазан және ішек жедел түйілгенде, жара ауруларын емдегенде, холецистит болғанда, бронх астмасын емдегенде, стенокардия болғанда, ми және шет қанайналыстары бұзылғанда кеңінен пайдаланылады. Плантифиллин көздің қарасын кеңейту, үлкейту үшін де қолданылады, өйткені ол атропинге қарағанда улылық әсері аз.
Бұл өсімдіктің екінші маңызды алкалойды - сенецифиллин өте маңызды препарат диплациннің синтезделуі үшін алғашқы бағалы зат болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет